Жаңақорған ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 шілдедегі № 23 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 шілдеде № 8531-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген);

      2) ""Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 14 сәуірдегі №194 Жаңақорған ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №151 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы Ғ. ЖАРҚЫНБЕК

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады