Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях за счет средств районного бюджета

Постановление акимата Джангельдинского района Костанайской области от 11 апреля 2014 года № 97. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 апреля 2014 года № 4650. Утратило силу постановлением акимата Джангельдинского района Костанайской области от 17 августа 2015 года № 128

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Джангельдинского района Костанайской области от 17.08.2015 № 128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Джангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях за счет средств районного бюджета согласно приложению.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата от 10 декабря 2013 года № 236 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки за счет средств районного бюджета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4396, опубликовано 21 января 2014 года в районной газете "Біздің Торғай").
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бидашева Д.С.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Кенжегарин

      СОГЛАСОВАНО:

      Секретарь Джангельдинского
      районного маслихата
      _________________ С. Нургазин

Приложение       
к постановлению акимата 
от 11 апреля 2014 № 97  

Перечень
должностей специалистов в области
социального обеспечения, образования,
культуры и ветеринарии, являющимся гражданскими
служащими и работающим в сельской местности, имеющих право
на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов
должностные оклады и тарифные ставки по сравнению
с окладами и ставками гражданских служащих,
занимающихся этими видами деятельности
в городских условиях за счет средств
районного бюджета

      1. Должности специалистов социального обеспечения:
      1) социальный работник по уходу.
      2. Должности специалистов образования:
      1) директор школы;
      2) заместитель директора по учебной работе;
      3) заместитель директора по воспитательной работе;
      4) заведующий интернатом;
      5) Руководитель дошкольного государственного учреждения и казенного предприятия;
      6) учителя всех специальностей;
      7) социальный педагог;
      8) педагог-психолог;
      9) педагог дополнительного образования;
      10) педагог-организатор;
      11) воспитатель;
      12) музыкальный руководитель;
      13) старший вожатый, вожатый;
      14) инструктор по физической культуре;
      15) методист;
      16) медицинская сестра;
      17) заведующий библиотекой;
      18) библиотекарь;
      19) логопед;
      20) преподаватель-организатор по начальной военной подготовке;
      21) хореограф;
      22) мастер производстенной обучения.
      3. Должности специалистов культуры:
      1) директор;
      2) культорганизатор;
      3) художник;
      4) библиотекарь;
      5) артист;
      6) режиссер;
      7) методист;
      8) библиограф;
      9) художественный руководитель;
      10) хореограф;
      11) механик.
      4) Должности специалистов ветеринарии:
      1) ветеринарный врач;
      2) ветеринарный фельдшер.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма без пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 97 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 4650 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 17.08.2015 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 238-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Әкімдіктің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 236 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4396 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтарда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.С. Бидашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________________ С. Нургазин

Әкімдіктің        
2014 жылғы 11 сәуірдегі 
№ 97 қаулысына қосымша  

Аудандық бюджет қаражаты есебінен
азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық
жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға
қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық
қызметшілердің айлық ақыларымен және ставкаларымен
салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға
жоғарылатылған лауазымдық айлық ақылар
мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы
бар мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мектеп директоры;
      2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      3) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      4) интернат меңгерушісі;
      5) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      6) барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;
      7) әлеуметтік педагог;
      8) педагог-психолог;
      9) қосымша білім беру педагогы;
      10) педагог-ұйымдастырушы;
      11) тәрбиеші;
      12) музыкалық жетекші;
      13) аға жетекші, жетекші;
      14) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      15) әдістемеші;
      16) медициналық бике;
      17) кітапхана меңгерушісі;
      18) кітапханашы;
      19) логопед;
      20) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      21) хореограф;
      22) өндірістік оқыту шебері.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) суретші;
      4) кітапханашы;
      5) әртіс;
      6) режиссер;
      7) әдістемеші;
      8) библиограф;
      9) көркемдік жетекші;
      10) хореограф;
      11) механик.
      4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) ветеринарлық фельдшер.