Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 128 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 тамызда № 5837 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № 14 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 97 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4650 тіркелген 2014 жылғы 27 мамырда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.С. Бидашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Кенжегарин

      КЕЛIСIЛДI:

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________ С. Нургазин

Жангелдин ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 17 тамыздағы  
№ 128 қаулысына қосымша  

Азаматтық қызметші болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мектеп директоры;
      2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
      3) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      4) интернат меңгерушісі;
      5) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      6) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
      7) әлеуметтік педагог;
      8) педагог-психолог;
      9) қосымша білім беру педагогы;
      10) педагог-ұйымдастырушы;
      11) тәрбиеші;
      12) музыкалық жетекші;
      13) аға жетекші, жетекші;
      14) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      15) әдістемеші;
      16) медициналық бике;
      17) кітапхана меңгерушісі;
      18) кітапханашы;
      19) логопед;
      20) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы;
      21) хореограф;
      22) өндірістік оқыту шебері.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) суретші;
      4) кітапханашы;
      5) әртіс;
      6) режиссер;
      7) әдістемеші;
      8) библиограф;
      9) көркемдік жетекші;
      10) хореограф;
      11) механик.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
      2) мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
      3) медициналық бике;
      4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері;
      2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады