Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 11.04.2014 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А. Кенжегарин
КЕЛІСІЛДІ:
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы
________ С. Нургазин
Әкімдіктің
2013 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде
жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар
мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар,
ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк
қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет мамандары
лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мектеп директоры;
2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
3) интернат меңгерушісі;
4) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
5) барлық мамандықтағы мұғалiмдер;
6) әлеуметтік педагог;
7) педагог-психолог;
8) қосымша білім беру педагогы;
9) педагог-ұйымдастырушы;
10) тәрбиеші;
11) музыкалық жетекші;
12) жетекші;
13) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
14) әдістемеші;
15) медициналық бике;
16) кітапхана меңгерушісі;
17) кітапханашы;
18) логопед;
19) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
20) хореограф;
21) өндірістік оқыту шебері.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) суретші;
4) кітапханашы;
5) әртіс;
6) режиссер;
7) әдістемеші;
8) библиограф;
9) көркемдік жетекші;
10) хореограф;
11) механик.