Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Решение маслихата Актогайского района Павлодарской области от 30 апреля 2014 года № 116/30. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 30 апреля 2014 года № 3785. Утратило силу решением Актогайского районного маслихата Павлодарской области от 4 марта 2021 года № 11/3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Актогайского районного маслихата Павлодарской области от 04.03. 2021 № 11/3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 10 постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить размеры единовременной социальной помощи к памятным датам и праздничным дням для отдельно взятых категорий получателей, а именно:

      к 9 мая - Дню Победы:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны (далее - ВОВ) в размере 500000 (пятьсот тысяч) тенге, а также продуктовый набор на сумму 5 (пять) месячных расчҰтных показателей (далее - МРП);

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам ВОВ, а именно:

      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест приндительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – в размере 10 месячных расчетных показателей (далее – МРП);

      военнослужащим Советской Армии, принимавшим участие в боевых действиях в Афганистане - в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции (далее - АЭС) в 1986-1987 годах - в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны, а именно:

      женам (мужьям) умерших инвалидов ВОВ и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников ВОВ, признавшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак - в размере 10 МРП;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - СССР), за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу годы ВОВ - в размере 10 МРП;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего СССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы ВОВ - в размере 5 МРП;

      к 1 октября - Международному дню пожилых людей:

      лицам, достигшим пенсионного возраста, получающим минимальный размер пенсии и пособия, а именно:

      гражданам, получающим минимальный размер пенсии - в размере 1,2 МРП;

      гражданам в возрасте 80 и более лет - в размере 2,9 МРП;

      ко второму воскресению октября – Дню инвалидов Республики Казахстан:

      инвалидам, а именно:

      детям-инвалидам до 18 лет - в размере 2,3 МРП;

      инвалидам 1, 2 группы - в размере 2,3 МРП;

      инвалидам, имеющим несовершеннолетних детей - в размере 2,3 МРП;

      к 8 марта - Международному женскому дню:

      многодетным матерям из числа получателей государственной адресной социальной помощи или государственных пособий семьям, имеющим детей до 18 лет - в размере 2,4 МРП.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями маслихата Актогайского района Павлодарской области от 28.10.2014 N 159/37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 23.02.2015 N 170/40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 26.09.2019 № 263/55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актогайского районного маслихата по бюджетной политике и экономического развития региона.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Уакбаева
      Секретарь маслихата Т. Муканов
      "СОГЛАСОВАНО"
Исполняющий обязанности
акима Павлодарской
области
"18" апреля 2014 год
Д. Турганов

Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 116/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3785 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 11/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 04.03.2021 № 11/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде белгіленсін, атап айтқанда:

      9 мамыр - Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының (одан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (одан әрі – АЕК) сомасына азық-түлік жиынтығы;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған гетто, концлагерлердiң, және басқа да ерiксiз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - АЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:

      қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты немесе басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған екінші рет некелеспеген әйелдеріне (күйеулері) - 10 АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға - 10 АЕК мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға - 5 АЕК мөлшерінде;

      1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:

      зейнеткерлік жастағы ең төменгі мөлшерде зейнетақы және жәрдемақы алатын тұлғаларға, атап айтқанда:

      ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын азаматтарға 1,2 АЕК мөлшерінде;

      80 жастағы және одан асқан азаматтарға - 2,9 АЕК мөлшерінде;

      қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      мүгедектерге, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2,3 АЕК мөлшерінде;

      1, 2 топтағы мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;

      кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;

      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарындағы көпбалалы аналарға - 2,4 АЕК мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.10.2014 N 159/37 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2015 N 170/40 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.09.2019 № 263/55 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2 Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Уақбаева
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
әкімінің міндетін
атқарушы
2014 жыл "18" сәуір
Д. Тұрғанов