О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил разработки и выполнения государственного задания"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2015 года № 566. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2015 года № 12419

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 236 «Об утверждении Правил разработки и выполнения государственного задания» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10839, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 15 июля 2015 года) следующие изменения:
      в Правилах разработки и выполнения государственного задания, утвержденных указанным приказом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Администратор республиканских бюджетных программ при разработке республиканского бюджета вместе с бюджетной заявкой, проектами бюджетных программ, проектами стратегических планов или проектами изменений и дополнений в стратегические планы представляет в центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию предложение на оказание государственных услуг или реализацию бюджетных инвестиционных проектов в форме государственного задания с учетом заключений Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и антимонопольного органа.
      В целях получения заключений Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и антимонопольного органа, администратор республиканских бюджетных программ направляет в Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан и в антимонопольный орган копию предложения на оказание государственных услуг или реализацию бюджетных инвестиционных проектов в форме государственного задания, а также копию устава юридического лица, ответственного за выполнение государственного задания. При необходимости Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан и антимонопольный орган официально запрашивают у администратора республиканских бюджетных программ иные документы и (или) информацию, связанные с выполнением государственного задания, без возврата первоначально внесенного пакета документов.»;
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Перечень государственных услуг и бюджетных инвестиционных проектов, планируемых к выполнению в форме государственного задания, вносится на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии вместе с проектами стратегических планов или проектами изменений и дополнений в стратегические планы, бюджетными заявками, проектами бюджетных программ администраторов республиканских бюджетных программ и заключениями Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и антимонопольного органа.»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. В течение финансового года в случае необходимости безотлагательного решения задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности государства, Правительством Республики Казахстан в соответствии со статьей 41 Бюджетного кодекса Республики Казахстан с учетом предложений Республиканской бюджетной комиссии вносятся дополнения в Перечень государственных заданий в пределах республиканских бюджетных программ, утвержденных в республиканском бюджете.
      Предложения по дополнению перечня государственных заданий представляются администраторами республиканских бюджетных программ с учетом заключений Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и антимонопольного органа.».
      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      Министр финансов
      Республики Казахстан                       Б. Султанов

"Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 566 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 желтоқсанда № 12419 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 10839 болып тіркелген, Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға ұсыныс береді.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын алу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және монополияға қарсы органға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырма нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс көшірмесін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның жарғысының көшiрмесiн жолдайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және монополияға қарсы орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнен бастапқы енгізілген құжаттар пакетін қайтармай, мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты өзге құжаттарды және (немесе) ақпаратты ресми түрде сұратады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік өтінімдермен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларының жобаларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларымен бiрге енгiзiледi.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.
      Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының                  Б. Сұлтанов
      Қаржы министрі