О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 27 апреля 2009 года № 16-13 с "Об утверждении базовых ставок земельного налога"

Решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 14 апреля 2015 года N 11-31с. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 мая 2015 года N 3251. Утратило силу решением Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 16 апреля 2018 года № 3-25 с

      Сноска. Утратило силу решением Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 16.04.2018 № 3-25 с (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктами 1, 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Кодекс) и статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", Уалихановский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Уалихановского районного маслихата от 27 апреля 2009 года № 16-13 "Об утверждении базовых ставок земельного налога" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13-13-104 от 21 мая 2009 года, опубликованное 1 июня 2010 года в газете "Шұғыла") следующие изменения:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Повысить на 50 процентов базовые ставки земельного налога установленных статьями 379, 381, 383 Кодекса за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции и занятых под казино соответственно:
      1) базовые налоговые ставки на земли сельскохозяйственного назначения, предоставленные физическим лицам;
      2) базовые налоговые ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых земельных участков);
      3) базовые налоговые ставки на земли промышленности, расположенные вне населенных пунктов.
      Повысить в пять раз базовые ставки земельного налога и единого земельного налога, установленные статьями 378, 444 Кодекса соответственно:
      1) базовые налоговые ставки на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения;
      2) ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
ХХХІсессии Vсозыва
М. Балтабаев
      Секретарь
Уалихановского районного
маслихата
Б. Кадиров
      "СОГЛАСОВАНО"
руководитель Республиканского
государственного учреждения
"Управление Государственных
доходов по Уалихановскому
району Департамента
Государственных доходов
Северо-Казахстанской области
Комитета Государственных
доходов
Министерства Финансов
Республики Казахстан"
14 апреля 2015 года
Ш. Альмурзин

"Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 сәуірдегі N 11-31с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 мамырда N 3251 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 16.04.2018 № 3-25 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 387 бабының 1, 1-1 тармақтарына, 444 бабының 1 тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, сәйкесінше:
      1) жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері;
      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері;
      3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері.
      Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
      1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған ХХХІ сессия
төрағасы
М. Балтабаев
      Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Кәдіров
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
Департаментінің Уәлиханов
ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекеме басшысы
2015 жылғы 14 сәуір
Ш. Альмурзин