О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 июня 2017 года № 268 "Об утверждении организации работы независимой экспертной комиссии"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от13 ноября 2017 года № 570. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 ноября 2017 года № 16024

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 июня 2017 года № 268 "Об утверждении организации работы независимой экспертной комиссии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15253, опубликован 26 июня 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в организации работы независимой экспертной комиссии, утвержденной указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Оплата услуг членам Комиссии (за исключением государственных служащих) за оценивание мотивационных и рекомендательных писем претендентов осуществляется согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (далее – Постановление № 1193).";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Оплата услуг членам Комиссии (за исключением государственных служащих) за проведение персонального собеседования претендентов осуществляется согласно Постановлению № 1193.";

      приложение 1 к организации работы независимой экспертной комиссии изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Департаменту юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан (Байжанов Н. А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б. А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

  Приложение 1
к приказу Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 13 ноября 2017 года № 570
  Приложение 1 к организации
работы независимой экспертной
комиссии
  Форма

                                    Критерии оценивания

Мотивационное письмо

Критерии оценивания

Оценка

1. Уровень мотивации.

Уровень мотивации раскрыт полностью (а именно профессиональные, личностные цели, компетенции, перспективы; какую проблему или задачу, необходимо решить, используя опыт, полученный во время подготовки в рамках обучения за рубежом). Коммуникативный замысел прослеживается.

2

Уровень мотивации раскрыт поверхностно, коммуникативный замысел прослеживается.

1

Уровень мотивации не раскрыт, содержание ответа не дают представления о его уровне мотивации.

0

2. Аргументация.


Факты и примеры почерпнуты из различных источников: используются информаций из академической научной литературы, из средств массовой информации, материалы учебной литературы, факты личного социального опыта и собственные наблюдения (приведено не менее двух примеров из разных источников).

2

Аргументация дана с опорой только на личный социальный опыт и собственные наблюдения или приведен(-ы) пример(-ы) из источника одного типа.

1

Аргументация отсутствует или приведенные факты не соответствуют обосновываемой теме.

0

3. Логика рассуждения.

Отличается логичностью изложения мыслей и соразмерностью частей, внутри смысловых частей нет нарушений последовательности и необоснованных повторов.

2

Части мотивационного письма логически связаны между собой, но внутри смысловых частей нет последовательности и/или мысль повторяется и не развивается.

1

Грубые логические нарушения мешают пониманию смысла написанного, или части мотивационного письма логически не связаны между собой.

0

4. Качество речи.

Претендент точно выражает мысли, используя разнообразную лексику и различные грамматические конструкции, при необходимости уместно употребляет термины, избегает штампов.

2

Претендент точно излагает мысли, но его речь характеризуется недостаточностью словарного запаса и однообразием грамматического строя речи.

1

Низкое качество речи существенно затрудняет понимание смысла.

0

5. Оригинальность.

Претендент демонстрирует творческий, нестандартный подход к раскрытию мотивации (отмечаются интересные мысли, или неожиданные и вместе с тем убедительные аргументы, или свежие наблюдения) или яркость стиля.

2

Претендент демонстрирует стандартный подход к раскрытию мотивации, использует общеизвестные факты, вместе с тем приводит достаточно убедительные аргументы.

1

Претендент не демонстрирует самостоятельности мышления, и/или творческого, нестандартного подхода, и/или оригинальности стиля.

0

Рекомендательное письмо

Критерии оценивания.

Оценка

1. Оценка рекомендателя.


В роли рекомендателя выступает лицо, знакомое с претендентом на протяжении значительного периода времени (преподаватель, научный руководитель, коллега), и обладающее достаточным уровнем компетентности в избранной претендентом специальности.

2

В роли рекомендателя выступает лицо, не имеющее непосредственное длительное знакомство с претендентом, но обладающее достаточным уровнем компетентности в избранной претендентом специальности.

1

В роли рекомендателя выступает лицо, не обладающее достаточным уровнем компетентности в избранной претендентом специальности.

0

2. Характеристика.


Содержит информацию об успехах и достижениях претендента, а также профессиональные и личностные качества претендента, приведены примеры (ситуации) по осуществлению деятельности по выбранной специальности.

2

Достаточно подробная и конкретная, в ней изложены утверждения относительно качеств, достижений и навыков претендента, которые подкреплены примерами (ситуациями).

1

Перечислены все возможные характеристики претендента без описания примеров (ситуаций) и/или без указания компетенции (достижений) и не имеют отношения к выбранной специальности.

0

3. Уровень обоснования и объективности рекомендателя.


Рекомендатель раскрывает актуальность выбранной специальности претендентом с обоснованием исключительности ее востребованности в будущем для решения ключевых проблем указанной тематики. Учитывается в оценке претендента специфические требования к изучению конкретной программы обучения.

2

Рекомендация исходит на основе личных и профессиональных качеств претендента.

1

Содержит ничем не подтвержденное восхваление претендента.

0


"Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 570 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16024 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 15253 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруда:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Комиссия мүшелеріне (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау бойынша қызметақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Комиссия мүшелерінің (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу № 1193 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.";

      тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е.Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 13 қарашадағы
№ 570 бұйрығына
1-қосымша
  Тәуелсіз сараптамалық комиссия
жұмысын ұйымдастыруға
1-қосымша
  Нысан

Бағалау өлшемшарттары

Уәждемелік хат

Бағалау өлшемшарттары

Баға

1. Уәждеме деңгейі.

Уәждеме деңгейі толығымен ашылған (атап айтқанда, кәсіби, жеке мақсаттар, біліктіліктер, келешек; шетелде оқу аясында даярлану барысында алынған тәжірибені пайдаланып, қандай мәселе немесе міндет шешілуі қажет). Коммуникативтік ниет байқалады.

2

Уәждеме деңгейі үстіртін ашылған, коммуникативтік ниет байқалады.

1

Уәждеме деңгейі ашылмаған, жауап мазмұны оның уәждеме деңгейі жөнінде түсінік бермейді.

0

2. Дәлелдеме.


Деректер мен мысалдар әртүрлі дереккөздерден алынған: академиялық ғылыми әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары ақпараты, оқу әдебиеті материалдары, жеке әлеуметтік тәжірибе мен өз бақылаулары қолданылады (әртүрлі дереккөздерден кем дегенде 2 мысал келтірілген).

2

Дәлелдеме тек қана жеке әлеуметтік тәжірибеге және өз бақылауларына сүйене отырып берілген немесе мысал(дар) бірсарынды дереккөзден келтірілген.

1

Дәлелдеме жоқ немесе келтірілген деректер дәлелденетін тақырыпқа сәйкес келмейді.

0

3. Ойлау логикасы.

Пікірлерді баяндау қисындылығымен және бөлімдерінің мөлшерлестігімен ерекшеленеді, мағыналық бөлімдер ішінде бірізділік бұзушылықтары мен негізсіз қайталанымдар жоқ.

2

Уәждемелік хат бөлімдері өзара қисынды байланысқан, бірақ мағыналық бөлімдер ішінде бірізділік жоқ және/немесе ой қайталанып, дамымайды.

1

Қисындылықтың өрескел бұзушылықтары жазылғанның мағынасын түсінуге кедергі жасайды немесе уәждемелік хаттың бөлімдері өзара қисынды байланысты емес.

0

4. Сөз сапасы.

Үміткер түрлі грамматикалық құрылымдар мен әртүрлі лексиканы пайдалана отырып, ойын нақты жеткізеді, қажет болған жағдайда терминдерді орынды қолданады, даяр сөз орамдарына (штамптар) жол бермейді.

2

Үміткер ойын нақты жеткізеді, бірақ оның тілі сөздік қоры кедейлігімен және тілдің грамматикалық құрылымының біртектілігімен сипатталады.

1

Сөз сапасының төмендігі оның мағынасын түсінуді елеулі түрде қиындатады.

0

5. Біртумалық.

Үміткер уәждемені ашу үшін ерекше шығармашылық тұрғыны (қызықты ойлар байқалады немесе күтпеген және сонымен бірге, сендірерлік дәлелдер немесе жаңа бақылаулар және т.б.) немесе стиль жарқындылығын көрсетеді.

2

Үміткер уәждемені ашудың қалыпты тәсілдемесін қолданады, жалпыға мәлім деректерді пайдаланады, сонымен бірге айтарлықтай сендірерлік дәлелдерді келтіреді.

1

Үміткер өздігінен ойлануды және/немесе шығармашылық, ерекше әдісті және/немесе стиль біртумалылығын көрсетпейді.

0

Ұсыным хат

Бағалау өлшемшарттары

Баға

1. Ұсыным берушінің бағасы.


Ұсыным беруші ретінде үміткермен ұзақ уақыт аралығында таныс (оқытушы, ғылыми жетекші, әріптес) және үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткілікті болған тұлға болады.

2

Ұсыным беруші ретінде үміткермен ұзақ уақыт аралығында тікелей таныстықта болмаған, бірақ үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткілікті болған тұлға болады.

1

Ұсыным беруші ретінде үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткіліксіз болған тұлға болады.

0

2. Мінездеме.


Үміткердің жетістіктері мен табыстарын, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттері жайлы ақпаратты қамтиды, таңдаған мамандығына қатысты қызметті жүзеге асыру бойынша мысалдар (жағдайлар) келтірілген.

2

Жеткілікті түрде толық және нақты, онда үміткердің дағдыларына және жетістіктеріне, қасиеттеріне қатысты пікірлер берілген және мысалдармен (жағдайлармен) бекітілген.

1

Үміткердің барлық мүмкінді сипаттары мысалдар (жағдайлар) келтірілмей және/немесе біліктіліктер (жетістіктер) көрсетілмей берілген және таңдалған мамандыққа қатысты емес.

0

3. Ұсыным беруші дәлелдемесі мен әділдігінің деңгейі.


Ұсыным беруші үміткердің таңдаған мамандануының өзектілігін оның болашақта көрсетілген тақырыптағы маңызды мәселелерді шешу үшін қажеттілігінің ерекшелігін дәлелдеумен ашып көрсетеді. Үміткердің бағасында оқудың нақты бағдарламасын зерттеуге қойылатын арнайы талаптар ескеріледі.

2

Ұсыным үміткердің жеке және кәсіби қасиеттері негізінен шығады.

1

Үміткерді ештеңемен расталмаған мақтаудан тұрады.

0