Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 маусымда № 15253 болып тіркелді.

      "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 268 бұйрығымен бекітілді

Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. Ұйымдастыру жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тәуелсіз сараптамалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес әзірленді және Комиссия жұмысын ұйымдастыруды анықтайды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды басшылыққа алады.

2-тарау. Комисия қызметін ұйымдастыру

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Комиссия қызметін қамтамасыз етеді және оның міндеттерінің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Комиссия жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

      5. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша) арасынан сарапшылар кіреді. Комиссия құрамын Министрлік бекітеді.

      6. Комиссия құрамына енгізу өлшемшарттары мыналар:

      1) жалпы жұмыс өтілі - 10 жыл немесе мамандығы бойынша - 5 жыл;

      2) шетелдік білімінің болуы және/немесе халықаралық жобаларға қатысуы;

      3) ғылыми атағы немесе дәрежесі, ғылыми жарияланымдары немесе өнертабыс авторлығын куәландыратын патентінің болуы.

      Үміткер Комиссия құрамына кіру үшін үш өлшемшарттың екеуіне сай болуы қажет.

      7. Комиссия отырысы өткізілген кезде аудио және бейнежазба жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Комиссияның негізгі міндеті

      8. Комиссияның негізгі міндеті мыналар:

      1) магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлермен анонимді жеке әңгімелесу өткізу;

      2) тағылымдамадан өтуге үміткерлермен анонимді жеке әңгімелесу өткізу және тағылымдамаға шартсыз шақыртуды растайтын құжаттарды, тағылымдама бағдарламасын, тағылымдамадан өту құнын (есептің толық жазылуы) қарау.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия мүшелері магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға, тағылымдамадан өтуге:

      1) үміткердің кәсіби даярлық деңгейін (тәжірибелік дағдыларын);

      2) таңдаған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін (теориялық дағдыларын);

      3) мамандықты таңдауды түсіну деңгейін, дәлелділікті;

      4) таңдаған мамандану саласында бірінші турдың нәтижелері бойынша анықталған кәсіби құзыреттердің сәйкестігін;

      5) тағылымдамадан өту тақырыбының өзектілігі мен жаңалығын;

      6) тағылымдама мақсатына қол жеткізу үшін тағылымдамадан өту бағдарламасының сапалы мазмұнын (жоспар кестесі бойынша іс-шаралар);

      7) шығындар (құны) мен күтілетін нәтижелердің арақатынасын негізге ала отырып, таңдаған шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуді ұйымдастырудың орындылығын анықтау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Үміткерлермен әңгімелесуді өткізу

      10. Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізу арқылы үміткерлерді жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді. Комиссияға әңгімелесуді өткізу үшін бірінші кезеңнің нәтижелері ұсынылады.

      11. Комиссияның кемінде 5 (бес) мүшеден тұратын тақ сандағы Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүргізеді.

      12. Қоғам үміткерлердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесуді өткізу үшін үміткердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) үміткердің кодына ауыстырады.

      13. Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесу өткізеді, оның ішінде онлайн режимінде 30 минуттан артық емес жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Үміткерге сұрақтар осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың қосымшасында көрсетілген болжалды сұрақтар тізбесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде немесе болжалды оқу елінің тілінде қойылады. Комиссияның әр мүшесі болжалды сұрақтар тізбесінен кемінде бір сұрақтан қояды, бұл ретте сұрақтардың жалпы 8 (сегіз) сұрақтан асып кетпеуі тиіс.

      Комиссия мүшелері болжалды сұрақтар тізбесіне кірмейтін, бірақ осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 9-тармағына сәйкес келетін қосымша 3 (үш) сұраққа дейін қояды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесуі парағында бағаларды қояды.

      16. Әңгімелесу онлайн режимде өткізілген жағдайда дербес әңгімелесу парақтарының көшірмелері Қоғамға жіберіледі не үміткерлермен дербес әңгімелесу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылады.

      Үміткерлердің дербес әңгімелесу парақтары олардың көшірмелері, Комиссия өткізетін дербес әңгімелесудің аудио және бейнежазбалары конкурс аяқталған сәттен бастап Қоғам мұрағатында кемінде 1 (бір) жыл сақталады.

      Қоғам дербес әңгімелесу өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша үміткермен дербес әңгімелесу өткізген Комиссияның барлық мүшелері толтырған дербес әңгімелесу парақтары бойынша орташа баға шығарады және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына ұсыну үшін Комиссияның орташа бағасын көрсете отырып, барлық үміткерлердің тізімі қалыптастырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Комиссия мүшелерінің (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу Қоғам мен тәуелсіз сарапшы арасында жасалған шарт негізінде қызметақы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

  Тәуелсіз сараптамалық
комиссия жұмысын
ұйымдастыруға
қосымша

Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің болжамды сұрақтар тізбесінің үлгісі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бөлім

Сұрақ нұсқалары

1.

Мамандықты таңдауды түсіну деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (таңдалған тақырып бойынша атқарылған жұмыстардың бар болуы), дәлелділік (5 мин)

1) Сіз неге/қалай осы оқу елін/ЖОО және көрсетілген мамандықты таңдадыңыз?
2) Сіз көрсетілген мамандық бойынша нені оқуды жоспарлап отырсыз, қандай шетелдік ЖОО-да?
3) Сіз көрсетілген мамандықта/ЖОО-да қандай білім және дағдыларды алуды жоспарлап отырсыз?
4) Таңдалған мамандану бойынша зерттеулеріңіз/мақалаларыңыз бар ма (доктор дәрежесіне үміткерлер үшін)?
5) Сіз ҚР-на оралғаннан кейін барлық алған біліміңізді қолдануды қалай жоспарлап отырсыз?

2.

Таңдалған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (теориялық дағдылар) (5мин)

1) Елдегі таңдалған мамандану бойынша жалпы жағдай туралы айтып берсеңіз? Қандай мәселелер бар?
2) Теория бойынша сұрақтар қойылады (КР ЖОО-ның оқу бағдарламалары бойынша)

3.

Үміткердің кәсіби даярлығы деңгейін анықтауға арналған сұрақтар тәжірибелік дағдылар)
(5 мин)

Үміткердің жұмыс өтілі болған жағдайда:
1) Көрсетілген мамандық бойынша жұмыс өтіліңіз туралы айтып берсеңіз? Сіздің міндеттеріңіз? Қандай мәселелерге тап боласыз?
2) Қызметте/ұйымда жұмысты бастаған кезде негізгі мақсаттарыңыз қандай болды?
3) Есіңізде қалған қандай жобаларға қатыстыңыз?
Үміткердің жұмыс өтілі болмаған жағдайда:
1) Өзіңіз таңдаған мамандану саласындағы табысты маман қандай қасиеттер мен дағдыларға ие болуы керек деп ойлайсыз?
2) Оқу үшін таңдаған мамандығыңызға қатысы бар жетістіктеріңіз жайлы айтып берсеңіз?

4.

Таңдалған мамандандыру саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейінің сәйкестігін анықтауға арналған сұрақтар (бірінші турдың нәтижелеріне сүйене отырып)

Тиісті кәсіби құзыреттіліктің көрінісін бағалау үшін ситуациялық мәселені шешу туралы сұрақ қою керек?

      Ескерту:

      Комиссия мүшелері болжамды мәселелер тізбесіне кірмейтін, бірақ тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастырудың 9-тармағына сәйкес келетін қосымша 3 (үш) сұрақты қояды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады