Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области

Решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 6 октября 2017 года № 14/166-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 24 октября 2017 года № 5254. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 15 декабря 2023 года № 9/84-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Восточно-Казахстанского областного маслихата от 15.12.2023 № 9/84-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-6 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Восточно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Анчугин
      Секретарь Восточно-Казахстанского
областного маслихата
В. Головатюк

  Утверждены решением
Восточно-Казахстанского
областного маслихата
от 6 октября 2017 года
№ 14/166-VI

Правила регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2017 года № 296 "Об утверждении типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице" и другими нормативными правовыми актами, а также международными договорами и соглашениями, ратифицированными Республикой Казахстан, по вопросам миграции населения и определяют порядок регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области.

      2. Регулирование миграционных процессов основывается на:

      обеспечении конституционного права человека на свободный выбор места жительства, свободу труда и свободный выбор рода деятельности и профессии;

      свободе выезда и передвижения;

      недопустимости дискриминации по мотивам происхождения, социального и имущественного положения или любым иным обстоятельствам.

      3. Основные понятия, которые используются в настоящих правилах:

      1) переселенец – внутренний мигрант, переселяющийся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан;

      2) региональная квота приема переселенцев – предельное число переселенцев или переселенцев и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения;

      3) региональная квота приема кандасов – предельное число кандасов или кандасов и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными решениями ВосточноКазахстанского областного маслихата от 11.01.2019 № 26/297-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 14.12.2021 № 12/101-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области

      4. В Восточно-Казахстанской области мониторинг миграционных процессов осуществляется с учетом их влияния на состояние социально-экономического и культурного развития, экологическую обстановку.

      К особенностям миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области относятся плотность населения, иммиграция, эмиграция, трудовая миграция, потоки внутренней миграции, процесс урбанизации, экологическая и религиозная обстановка региона, национальный состав населения, сбалансированность регионального рынка труда.

      5. Для регулирования миграционных процессов в регионе местные исполнительные органы в уполномоченный орган по вопросам миграции населения вносят предложения, касающиеся:

      отнесения (исключения) соответствующей территории региона для расселения кандасов и переселенцев;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;

      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год.

      Сноска. Пункт 5 в редакции решения Восточно-Казахстанского областного маслихата от 14.12.2021 № 12/101-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      6. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется в соответствии с региональными квотами приема кандасов и переселенцев в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 6 в редакции решения Восточно-Казахстанского областного маслихата от 14.12.2021 № 12/101-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      7. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.

      Сноска. Пункт 7 в редакции решения Восточно-Казахстанского областного маслихата от 14.12.2021 № 12/101-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      8. В целях обеспечения мониторинга и прогнозирования развития миграционной ситуации, решения вопросов трудоустройства, строительства школ, детских садов, медицинских учреждений, планирования социально-экономического развития осуществляется регистрационный учет населения.

      9. Регистрация и учет граждан Республики Казахстан, временно пребывающих или постоянно проживающих в Восточно-Казахстанской области иностранцев и лиц без гражданства по месту постоянного и (или) временного пребывания (проживания) осуществляются в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      10. Местный исполнительный орган Восточно-Казахстанской области в интересах местного государственного управления осуществляет иные полномочия в сфере регулирования миграционных процессов, возлагаемые на них законодательством Республики Казахстан.

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда № 5254 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/84-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 15.12.2023 № 9/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-6 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А. Анчугин
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 14/166-VІ шешімімен бекітілді

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеудің тәртібін айқындайды.

      2. Көші-қон процестерін реттеу:

      адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      кету және орын ауыстыру бостандығына;

      шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 11.01.2019 № 26/297-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.12.2021 № 12/101-VII шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      4. Шығыс Қазақстан облысында көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

      5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2021 № 12/101-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2021 № 12/101-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 14.12.2021 № 12/101-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Шығыс Қазақстан облысында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.