"Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/101-VII шешімі. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/84-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 15.12.2023 № 9/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5254 болып тіркелген) "Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      5, 6 және 7-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады