"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/84-VIII шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI "Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5254 болып тіркелген).
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 26/297-VI "Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5727).
3. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/101-VII "Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.