Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области

Постановление акимата Акмолинской области от 26 декабря 2018 года № А-12/573. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 декабря 2018 года № 6979.

      В соответствии с Законом Республика Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", Законом Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области М.Мурзалин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Республиканское
государственное учреждение
"Департамент полиции
Акмолинской области
Министерства внутренних дел
Республики Казахстан"

  Приложение
к постановлению акимата
Акмолинской области
от 26 декабря 2018 года
№ А-12/573

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Акмолинской области

Глава 1. Виды поощрений

      1. Видами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка являются:

      благодарственное письмо акима района, городов Кокшетау, Косшы, Степногорск, области;

      денежное вознаграждение.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Акмолинской области от 20.09.2022 № А-9/449 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок поощрений

      2. Настоящий порядок регулирует вопросы организации поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка в Акмолинской области.

      3. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, рассматриваются комиссией, создаваемой постановлением акимата района, городов Кокшетау, Косшы и Степногорск (далее – комиссия).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления акимата Акмолинской области от 20.09.2022 № А-9/449 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение комиссии отделом (управлением) полиции (далее – ОП).

      5. Основанием для поощрения является протокольное решение, принимаемое комиссией.

      6. Выплата денежного вознаграждения производится ОП за счет средств областного бюджета.

      7. Для выплаты денежного вознаграждения дополнительно издается приказ начальника ОП согласно решению, принятому комиссией.

      8. Вручение благодарственного письма акима района, городов Кокшетау, Косшы, Степногорск, области, денежного вознаграждения гражданам за вклад в обеспечении общественного порядка осуществляется ОП в торжественной обстановке.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления акимата Акмолинской области от 20.09.2022 № А-9/449 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Размер денежного вознаграждения

      9. Размер денежного вознаграждения устанавливается комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка, а также объема ущерба, который мог быть нанесен в результате противоправного действия, которое было пресечено им или с его участием и не превышает 20 кратного месячного расчетного показателя.

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/573 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 6979 болып тіркелді.

      "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының
полиция департаменті"
республикалық
мемлекеттік мекемесі

  Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ А-12/573 қаулысына
қосымша

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хаты;

      ақшалай сыйақы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      2. Осы тәртіп Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалар әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Полиция бөлімімен (басқармасымен) (бұдан әрі – ПБ) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеуді ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      9. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.