О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1194 "Об утверждении Правил предоставления государственной поддержки субъектам индустриально-инновационной деятельности, направленной на повышение производительности труда и развитие территориальных кластеров"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 10 июня 2019 года № 380. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июня 2019 года № 18853. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 июня 2022 года № 308.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 01.06.2022 № 308 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1194 "Об утверждении Правил предоставления государственной поддержки субъектам индустриально-инновационной деятельности, направленной на повышение производительности труда и развитие территориальных кластеров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 12640, опубликован 28 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах предоставления государственной поддержки субъектам индустриально-инновационной деятельности, направленной на повышение производительности труда и развитие территориальных кластеров, утвержденных указанным приказом:

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Затраты, предъявляемые заявителем по проезду и проживанию, понесенных заявителем при профессиональной подготовке и/или переподготовке и/или повышение квалификации инженерно-технического персонала, производственного персонала, в том числе топ-менеджеров заявителя, в рамках повышения компетенции предприятия, возмещаются в размерах, не превышающих предельные нормы, установленные постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года №256 "Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства".".

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство
национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
оборонной и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан

"Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 маусымда № 18853 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2022 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №1194 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Өтініш беруші ұсынатын кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктіліктерін арттыру кезінде өтініш берушіге келтірілген жүретін жолы мен тұратын орны бойынша шығындар "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен белгіленген шекті нормалардан аспайтын мөлшерлерде өтеледі".".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифралық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі