Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12640 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2022 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабының 2-тармағының 24) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә.Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылы 9 желтоқсандағы
№ 1194 бұйрығымен
бекітілген

Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2018 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын (бұдан әрі - ұлттық институт) тарта отырып, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қолдау шараларын акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері пайдалана алмайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін еңбек өнімділігін арттыру бәсекелестік басымдық болып табылады және кадрлық әлеуетпен, өндірістің материалдық-техникалық базасымен, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шаралармен, өнім өндіруді тиімді үйлестірумен және оны жүзеге асырумен байланысты факторларға негізделеді.

      5. Аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шығындарды өтеу және аумақтық кластерлік бастамаларды жасау мен іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндіріс элементі, процестердің әрқайсысының шығу сапасын жақсарту, операциялық қызметтегі ақаулар мен статистикалық ауытқуларды барынша азайту қажеттілігін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі – Six Sigma);

      3) жабдықтың монтажы – жабдыққа бақылау және автоматика құралдарын, сондай-ақ шикізаттың, судың, будың, энергияның және т.с.с. берілуін және өндіріс қалдықтарын жоюды қамтамасыз ететін коммуникацияларды жалғай отырып, оны құрастыру, жобалық жағдайында орнату және тұрақты бекіту;

      4) жабдықтың шеф-монтажы – осы жабдықты дайындаушы-кәсіпорын немесе орындаушы-жабдықты жеткізуші жүзеге асыратын жабдық монтажының техникалық басшылығы;

      5) жабдықты жаппай күтім (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндіріс элементі, техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік жабдық менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – TPM);

      6) жабдықты іске қосу жұмыстары – жабдықты дербес сынаулар және кешенді сынап-көруді дайындау және жүргізу кезеңінде орындалатын жұмыстар кешені;

      7) жабдыққа көрсетілетін техникалық қызмет – мақсатына сай пайдалану, сақтау және/немесе оларды жөндеуге шығармай тасымалдау кезінде жабдықты жұмысқа жарамдылық күйінде және/немесе ақаусыз күйінде сақтау жөніндегі іс-шаралар кешені немесе іс-шара;

      8) Индустрия 4.0 (цифрландыру) – нақты уақыт режимінде жеке процестер мониторингі жүзеге асырылатын, орталықтандырылмаған шешімдер қабылданатын, сондай-ақ машиналардың өзара және адамдармен іс-әрекеті жүретін кезде жеке объектілерді, процестер мен цифрлық технологияларды біріктіру есебінен қосымша құндылығы қамтамасыз етілетін өндірісті ұйымдастыру тұжырымдамасын білдіреді;

      9) Индустрия 4.0 технологияларына (элементтеріне) – аддитивті технологиялар немесе 3 D баспа, коллаборативті роботтар, өздігінен оңтайландырылатын жабдық, сапаны қамтамасыз ету технологиялары (датчиктер мен сенсорлар), пилотсыз көлік құралдары, автоматтандырылған ішкі логистика, бұлтты технологиялар, өнеркәсіптік объектілерді цифрлық үлгілеу, фабрикалардың цифрлық "ұқсастары", жабдықты пайдалануға виртуальдық енгізу, цифрлық және виртуальдық инжиниринг, өндірістік процестерді басқару жүйелерін (Manufacturing Execution System, MES) біріктіру, толықтырылған шынайылық, виртуальдық шынайылық, қойманы басқару жүйелері, киберқауіпсіздік, предиктивті техникалық қызмет көрсету, өндірісті зияткерлік жоспарлау және бақылау, өнеркәсіптік интернет, жүйелер жай-күйінің мониторингі;

      10) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзге де құжаттаманың пакеті;

      11) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – индустриялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңделген отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және/немесе заңды тұлғалар;

      13) кайдзен (Kaizen) – ұқыпты өндіріс элементі, өндіріс әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерді әзірлеу мен басқаруды, сондай-ақ өмірдің барлық аспектілерін үзіліссіз жетілдіруді көздейтін жапон пәлсапасы немесе тәжірибесі (бұдан әрі – Kaizen);

      14) канбан (Kanban) – ұқыпты өндіріс элементі, "дәл мерзімінде" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі - Kanban);

      15) Картаға енгізілген жоба – басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі іске асыратын және Индустрияландыру картасы мен өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген индустриялық-инновациялық жоба;

      16) құжаттардың электрондық пакеті - бірінші басшының немесе оның міндетін орындаушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты бар болатын кезде) немесе жеке кәсіпкердің немесе оның өкілетті тұлғасының (сенімхат бар болатын кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы түпнұсқалық құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толықтай өндіретін құжаттар;

      17) орындаушы – осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызметтер көрсететін (жұмыстарды орындайтын) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға не тартылған шетелдік жұмыскер;

      18) өнім – өтініш беруші өндіретін тауарлар және/немесе өтініш беруші орындайтын жұмыстар және/немесе өтініш беруші көрсететін қызметтер;

      19) өтініш беруші – осы Қағидалар шеңберінде шығындарды өтеуге өтініш берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

      20) ұқыпты өндіріс – Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және басқа да элементтерді қамтитын, ысыраптардың барлық түрлерін жоюға тұрақты түрде ұмтылуға негізделген өндірістік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;

      21) тәжірибелік үлгі – өндіріске қою және/немесе мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында, оның қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін сынау арқылы тексеру үшін қайта әзірленген жұмыс құжаттамасы бойынша дайындалған өнім үлгісі;

      22) топ-менеджер – қаржы (бухгалтерия), әкімшілік, құқық бөлімшелерін қоспағанда, заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндіру және/немесе өндірілген өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы;

      23) энергия тиімді технологиялар – энергетикалық ресурстарды тиімді (ұтымды) пайдалануға бағытталған технологиялар. Өндірістегі ғимараттарды немесе технологиялық процестерді энергетикалық қамтамасыз ету деңгейін қамтамасыз ету үшін энергияның аз мөлшерін пайдалану;

      24) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында, энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      25) электрондық өтінім – бірінші басшының немесе оның міндетін орындаушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты бар болатын кезде) немесе жеке кәсіпкердің немесе оның өкілетті тұлғасының (сенімхат бар болатын кезде) немесе жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы өтініш;

      26) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұны өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      27) 5S – ұқыпты өндіріс элементі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру және оңтайландыру жүйесі (бұдан әрі – 5S).

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітетін Төлемдер кестесіне сәйкес, осы Қағидалар шеңберінде өтініш беруші шығындарының бірнеше түрін кезекті өтеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген қаражатты ұлттық инстиуттың ағымдағы шотына аударады.

      7. Ұлттық институт еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін, бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен ұлттық институт арасында жасалатын шарттың негізінде Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашады.

      8. Ағымдағы шотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда, ұлттық институт өтініш берушіге ақша қаражатын аударуды ағымдағы шотқа қаражат келіп түскенге дейін тоқтата тұрады.

      9. Ұлттық институт ағымдағы шоттағы қаражатты пайдалану кезінде, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары арасында соманы қайта бөледі.

      Өтініш беруші Ұлттық институттың ағымдағы шотына қайтарған мемлекеттік қолдау шарасының сомасы индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қолдау шарасын ұсынуға жұмсалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ағымдағы шот бойынша Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк есептейтін барлық сыйақы ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.

      11. Ұлттық институт:

      жыл сайынғы негізде не сұрау салу бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ұсынады;

      шығындарды өтеу туралы келісім шарттары бұзылған жағдайда, өтініш берушіден келіп түсетін ақша қаражатын қайтаруды қамтамасыз етеді (Келісімде осындай шарттар болған жағдайда);

      осы Қағидалар шеңберінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетпен көзделген қаражат шегінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды жүзеге асырады.

2-тарау. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну тәртібі

      12. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мынадай мемлекеттік қолдау шараларын қамтиды:

      1) кәсіпорынның құзыретін:

      еңбек өнімділігін арттыру және/немесе 4.0 Индустрия технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыруға;

      Ұзақтығы 1 (бір) айдан аспайтың инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлауға, ұзақтығы – 3 (үш) айдан аспайтын инженерлік-техникалық персоналдың, өндірістік персоналдың, оның ішінде топ-менеджерлердің, оның ішінде шетелде біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу;

      шетелдік жұмыскерді тартуға:

      осы тармақтың тиісінше 3) және 4) тармақшаларында көзделген технологиялық процесті жетілдіру және/немесе өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру және/немесе 4.0 Индустрия технологияларын (элементтерін) енгізу мақсатында еңбек шарты бойынша;

      еңбек шарт немесе өтеулі қызмет көрсету шарт бойынша өнімді (көрсетілетін қызметті) жылжыту мақсатында жұмсалатын шығындарды өтеу.

      Осы Қағидалардың 31-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шетелдік қызметкер тартылады;

      2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптамасына жұмсалатын шығындарды өтеу:

      - ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;

      - Картаға енгізілген жоба үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және/немесе сараптау;

      3) мынадай технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу мыналарға байланысты шығындарды қамтитын кәсіпорынның жалпы жұмысын оңтайландыруға:

      технологиялық аудит, энергия аудитін жүргізуге;

      ақпараттық технологиялар саласындағы, оның ішінде автоматтандырылған жүйенің функционалдық сипаттамаларына қойылатын талаптарды қалыпастыру (бағдарламалық қамту) және/немесе оны енгізу бойынша консалтинг тарту;

      компанияны басқару жүйесін қалыптастыруға, қайта ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне байланысты проблемалар жиынтығын шешу бойынша консалтинг тарту;

      өндірілетін өнімнің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

      инженерлік пайымдауды дайындау және шешу, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздестіру және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;

      мыналарға байланысты шығындар қамтылатын өнім өндірісі процестерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару:

      жабдық монтажы және/немесе жабдықтың шеф-монтажы;

      жабдықты іске қосу жұмыстары;

      жабдықты пайдалануға виртуальдық енгізу;

      инженерлік, конструкторлық әзірлемелер;

      әзірлеменің цифрлық және виртуальдық инжинирингі;

      тәжірибелік үлгілерді дайындау және/немесе объектілерді цифрлық үлгілеу;

      жабдыққа көрсетілетін техникалық қызмет;

      өнімнің өнеркәсіптік сынауларын өткізу;

      өндірісте толықтырылған шынайылықты енгізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4) мыналарға арналған өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу:

      өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыратын технологиялар, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелері (бағдарламалық қамту), энергия тиімді және жасыл технологияларды, жобаларды басқару стандарттарын, Ұқыпты өндіріс элементтерін (Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және басқалары) енгізу, Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ұлттық институттың қарауы үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу үшін;

      2) әділет органдарында тіркелген және/немесе хабардар етілген күннен бастап өтініш ұлттық институтқа келіп түскен күнге дейін кемінде күнтізбелік бір жыл өткен өтінімдеріне рұқсат етіледі;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      14. Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес (индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін - отыз алты айдан ерте емес) шеккен шығындар сомасының 40% мөлшерінде индустриялық – инновациялық қызмет субъектісіне негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік қолдаудың әрбір шарасы бойынша күнтізбелік жылда алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес шеккен негізделген және құжатпен расталған шығындар келтірілген шығындар сомасының 40% мөлшерінде өтеледі, бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік қолдаудың осы шарасы бойынша күнтізбелік жылы отыз миллион теңгеден аспауға тиіс. Осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек шарты бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде төлемдерге жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы негізгі жалақы (лауазымдық айлықақы) бойынша шығындарды өтеу сомасынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржы берілетін және/немесе қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығындар өтініш берушіге өтелуге жатпайды.

      17. Ұлттық институт өтеуге қабылдаған өтініш беруші шығындарының сомасы, шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеуді қоспағанда:

      1) төлем құжаттары;

      2) ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін жиырма төрт айдан аспай қол қойылған көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған актінің (актілердің) негізінде айқындалады.

      18. Ұлттық институт өтеуге қабылдаған өтініш беруші шығындарының сомасы шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде төлем құжаттары, есептік ведомостері, төлем ведомостері (болған кезде), еңбек шарты бойынша тартылған шетелдік жұмыскерге еңбекақы төлеуді растайтын, заңнамамен белгіленген тәртіппен ресімделген өзге құжаттар негізінде (болған кезде) айқындалады.

      19. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетелдік валютадағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынатын жағдайларда, шығындарды өтеу сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюта бағамына байланысты өтініш берушінің көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күніне немесе шетелдік жұмыскерді тарту кезінде жалақыны төлеу күніне есептеледі.

      20. Өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктіліктерін арттыру кезінде шығындарды өтеумен қамтылады:

      1) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктіліктерін арттыруды жүзеге асырған орындаушының көрсеткен қызметтерінің құны;

      2) іссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына кері қарай бір рет бару-келу құны (шығындар болған кезде);

      3) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда, жұмыскердің тұру құны (шығындар болған кезде).

      21. Өтініш берушінің шетелдік жұмыскерді тарту кезінде келтірген шығындарды өтеумен еңбек шартына немесе өтемсіз қызмет көрсету шартына сәйкес жұмыстарға, сонымен қоса өтелетін кезең ішінде бір рет көрсетілетін жұмыстар орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолына ақы төлеу көзделген және тартылған шетелдік жұмыскердің тұруына жұмсалған шығындар (шығындар болған кезде), тәуліктік шығындар қамтылмаған.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Тартылған шетелдік жұмыскердің өтелетін шығындарын есептеу кезінде өтелетін кезеңге кіретін толық күнтізбелік айлар қабылданады.

      23. Өтініш беруші ұсынатын кәсіпорынның құзыретін арттыру шеңберінде өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауды және/немесе қайта даярлауды және/немесе біліктіліктерін арттыру кезінде өтініш берушіге келтірілген жүретін жолы мен тұратын орны бойынша шығындар "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен белгіленген шекті нормалардан аспайтын мөлшерлерде өтеледі".

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.06.2019 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Өтініш беруші мемлекеттік қолдаудың әр бір шарасы бойынша жеке еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      25. Ақпараттық жүйе қолданысқа енгізіленген күннен күнтізбелік он күн өткен соң өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тек веб-портал арқылы ғана (өтініш берушімен электрондық өтініш және шығындар түрлеріне байланысты осы Қағидалардың 29, 30 және 31-тармақтарымен қарастырылған құжаттардың электрондық пакеті) беріледі.

      26. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      27. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтініш беруші оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.

      28. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:

      1) бірыңғай папкаға салынады;

      2) бірінші басшы немесе оның міндетін орындаушы (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болған кезде) немесе жеке кәсіпкер немесе олардың өкілетті тұлғасы (сенімхат болған кезде) немесе жеке тұлға әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қойылған қолдың факсимильді көшірме құралдарын пайдалана отырып, куәландыруға жол берілмейді;

      3) араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлеу алмаспайтын болып табылады;

      4) әрбір парақ өтініш беруші мөрінің бедерімен куәландырылады (болған кезде).

      Осы тармақтың талаптары электрондық өтінім және құжаттар электрондық пакетін беруге қолданылмайды.

      29. Шетелдік жұмыскерді тарту бойынша шығындарды өтеу жағдайларын қоспағанда, шығындарды өтеуді алуға үміткер өтініш беруші:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін;

      3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;

      4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін;

      5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;

      6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелерін.

      Жекелеген шығындар бойынша өтініш беруші осы Қағидалардың 30-тармағымен көзделген құжаттарды ұсынады (қоса беріледі).

      Егер орындаушы ретінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті шығатын болса, ондай жағдайда осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызметтердің көрсетілу және осындай заңды тұлғаның тіркелу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Осы Қағидалардың 29-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың түріне байланысты мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:

      1) еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктіліктерін арттыру жөніндегі шығындар бойынша:

      өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіби даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктіліктерін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      сертификаттың немесе басқа құжаттамалық растаудың көшірмесі (Кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартында тиісті сілтеме болған кезде)

      темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың "Турист" және "Бизнес" кластық купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, эконом класс тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір рет іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген адамға тиісті жүріп-тұру көлігін ұсынатын жағдайлардан басқа), жол жүру билеттері мен қонақүйден орын брондап қою, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде төсек-орын жабдығын пайдалану құны, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде;

      инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындарды қоспағанда, жіктелімі бойынша нөмір құны – нақты шығындары бойынша стандарт, оның ішінде броньдау шығыстары бойынша жұмыскердің тұрған орнының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде;

      2) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалатын шығындар бойынша:

      Лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын Қазақстанның Даму Банкінің еншілес компаниясының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру туралы оң шешімінің көшірмесі;

      3) Картаға енгізілген жобалар үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалатын шығындар бойынша:

      өтініш берушінің жобаның Картасына енгізілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе тиісті аттестатты бар сарапшы немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым өткізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (егер аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болатын жағдайда)

      4) жабдықтын шеф-монтажы жөніндегі шығындар бойынша:

      жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды басқа жаққа жіберу жүкқұжаты немесе т.б.);

      жабдықты пайдалану жөніндегі басшылықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);

      жабдық фотосуреттері;

      5) жабдықты монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары және оларға техникалық қызмет көрсету, тәжірибелік үлгілерді дайындау жөніндегі шығындар бойынша:

      жабдықты/тәжірибелік үлгіні қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды басқа жаққа жіберу жүкқұжаты немесе т.б.);

      жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);

      жабдықтың/тәжірибелік үлгінің фотосуреттері.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалатын шығындарды өтеуін алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі - өтінім);

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі (бұдан әрі - есеп);

      3) өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкердің арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) жылжыту мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде-еңбек шартының немесе ақылы қызмет көрсету шартының көшірмесі);

      4) тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбек төлемін растайтын төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостарының, төлем ведомостарының (бар болса), заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) (ақылы қызмет көрсету шартын жасасқан кезде – төлем құжаттардың, тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен қызмет актісінің(тарының) көшірмелері);

      5) осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      6) эконом класс тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызметтер көрсету орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттары бар болатын кезде; жол жүру билеттерін брондау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезіндегі жол жүрулерде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар бар болатын кезде;

      7) өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі ұсынылатын салық кезеңі үшін 200-02 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" (Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға 2-қосымша) нысанының, уәкілетті органның құжатты қабылдағандығы туралы белгісі бар барлық толықтыруларымен бірге көшірмесі;

      8) тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі.

      Шетелдік жұмыскерде еңбек шартын немесе ақылы қызмет көрсету шартын жасасу сәтінде:

      1) техникалық және кәсіби білімі немесе жоғары білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұсынылатын қызметтер (орындалатын жұмыстар) саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл болуы керек..

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Осы Қағидалардың 29, 30 және 31-тармақтарында өтініш беруші ұсынатын құжаттардың толық тізбесі айқындалады. Бұл ретте, қажет болған жағдайда ұлттық институт қосымша құжаттарды сұратуға және өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуға құқылы.

      Осы Қағидалардың 29-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында және 31-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделеді;

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Индустриялды-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеуге өтінім осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес және осы Қағидаларға 8-қосымшаларға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат "Индустриялды-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш берушінің таңдауы "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды және/немесе технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеуге және/немесе өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуге берілетін өтінім оған қоса берілетін құжаттармен қоса, өтініш берушінің қалауы бойынша "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы акционерлік қоғамы немесе Портал арқылы беріледі, – осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Кәсіпорын құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына немесе осы Қағидаларға 11- қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Мемлекеттік корпорация өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды екі күн мерзімде "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы акционерлік қоғамы жібереді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Ұлттық институт өтінім мен оған қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұлттық институтта олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.

      37. Ұлттық институт шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

      ұлттық институт тарапынан қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қоса бере отырып, өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарламаны жолдайды. Қажет болған жағдайда, хабарламада өтеуге қабылданған шығындардың сомасына түсіндірме беріледі;

      өтініш берушіге шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы хабарламаны тиісті негіздемесімен жолдайды.

      38. Ұлттық институт Шығындарды өтеу туралы келісім жасаған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге шығындарды өтеу шарттары мен көлеміне сәйкес шығындарды өтеу арқылы мемлекеттік қолдау шарасын ұсынады, бұл ретте ұлттық институтқа ақша қаражатын аударғаны үшін сыйақы көзделмеген. Өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің ұлттық институқа келіп түскен күні Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн болып саналады.

      39. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартатын жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа себептерін көрсете отырып, тиісті хабарлама жолдайды.

      40. Осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін айқындау мақсатында ұлттық институт оларды іске асырудың мониторингін жүргізеді.

      41. Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мониторингін ұлттық институт өтініш берушілер ұсынатын ақпараттың негізінде жүргізеді.

      42. Мониторинг:

      1) мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудағы проблемаларды уақтылы анықтау;

      2) мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтініш берушілер туралы ақпарат жиынтығын қамтыйды;

      4) ұлттық институт ұсынылған қолдау шарасы шеңберінде шығындары өтелген өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуға құқылы.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Ұлттық институт мониторинг шеңберінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың есебін ұсынады.

      44. Мониторингті жүзеге асыру мақсатында ұлттық институт өтініш берушілерден мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есепті қалыптастыру үшін деректерді сұратады.

      Мемлекеттік қолдау шараларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді есептеу үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда ұлттық институт уәкілетті мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру мониторингі өтініш берушінің жазбаша келісімінің негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан өтініш беруші туралы бастапқы статистикалық деректер алу арқылы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен кейін 2 (екі) жыл бойы жүргізіледі. Шығындарды өтеу келісімінің күні болып өтініш беруші қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің ұлттық институтқа түскен күні саналады.

      46. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру мониторингін алу және/немесе жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші ұлттық институтқа оның жазбаша сұрау салуы бойынша мониторинг өткізу үшін деректер ұсынады.

3-бөлім. Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну тәртібі

      47. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша шығындарды өтеу түрінде осы Қағидалар шеңберінде аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды өтініш берушіге ұлттық институт ұсынады.

      48. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша шығындары аумақтық кластерлерді іріктеу конкурсының жеңімпазы болып табылатын өтініш берушіге өтеледі.

      49. Шығындарды өтеу шеңберінде аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру кезінде келтірілген шығындарды елу пайыз мөлшерінде, бірақ бір аумақтық кластерге он бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде өтеу көзделген.

      50. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыруға арналған шығындарды өтеу:

      1) кластер қатысушыларының кооперациясы мен ынтымақтастығын қолдау және дамытуға;

      2) кластердің адами ресурстарын дамытуға (тренингтер, оқыту, біліктілікті арттыру);

      3) кластерді кеңейту бойынша іс-шаралар (жобалар үшін бизнес-инкубатор құру; шетелдік инвесторларды тарту; кластерге жаңа қатысушыларды тарту үшін ауқымды іс-шараларда ақпараттық-жарнама науқанын өткізу);

      4) инновациялар мен технологияларды дамыту (мамандандырылған инжинирингтік ұйымдар құру; жаңа өнімдер (тәжірибелік үлгілер мен партиялар) әзірлеу үшін технологиялық алаңдар жасау, кәсіпорындарда қолданылатын технологиялар кластерін жетілдіру және әлемдік озық технологияларды жұмыс істейтін кәсіпорындар жағдайларына бейімдеу; кластер қатысушыларының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық бірлескен жобаларын әзірлеуін қамтамасыз етуге (ғылыми-зерттеу институттарын, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарын тарта отырып); өнертабыстарды патенттеу;

      5) бизнес-ахуалды және инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жағдайында құру бойынша іс-шаралар;

      6) кластер кәсіпорындары шығаратын өнімнің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (сынақ, оның ішінде сертификаттау базалары және/немесе зертханалары);

      7) кластерді жалпы дамытуға арналған басқа да ерекше нақты іс-шаралар қолданылады.

      51. Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша өтемақы алу үшін өтініш беруші ұлттық институтқа жыл қорытындысы мен растаушы құжаттар бойынша Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша өтініш берушінің есебін қоса бере отырып, аумақтық кластерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға берілетін өтінішті осы Қағидаларға 6–қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мыналар (бірақ шектеліп қалмай):

      1) Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарының көшірмесін;

      2) өтініш беруші мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын (жұмыстарды орындайтын) орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесін;

      3) орындаушы көрсеткен қызметтер/орындаған жұмыстар актілерінің көшірмелерін;

      4) орындаушы көрсеткен қызметтердің/орындаған жұмыстардың жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;

      5) орындаушы көрсеткен қызметтердің/орындаған жұмыстардың жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері қамтылған растау құжаттарын ұсынады.

      Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қолдау шарасын алуға берілген өтініштің материалдары бірыңғай папкаға жинақталады, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді, құжаттардың көшірмелерінің әрбір парағын бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде) немесе оның уәкілетті тұлғасы (сенімхаты бар болатын кезде) және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) куәландырылады.

      52. Ұлттық институт өтінішті қоса берілген құжаттардың топтамасымен тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толық болуы тұрғысынан сараптама жүргізеді.

      53. Құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ұлттық институт толықтығын тексеру күні аяқталған соң бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге поштамен және/немесе өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық пошта (бар болса) мекенжайына сәйкессіздігін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      54. Өтініш беруші сәйкессіздігі туралы хабарламаны алғаннан кейін оларды жояды және өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды ұлттық институтқа қайта енгізеді.

      55. Ұлттық институт өтінішке қоса берілген құжаттардың топтамасымен олардың толықтығын тексеру өткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

      56. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке сараптама өткізгеннен кейін Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыруға берілген өтініш бойынша ұлттық институт үш жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      57. Ұлттық институт шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жолдайды.

      58. Ұлттық институт өтініштің және қоса берілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігін анықтауға байланысты шығындарды өтеу мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге белгіленген талаптарға сәйкессіздігін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      59. Конкурс жеңімпазы етіп тану туралы уәкілетті органның шешімі негізінде ұлттық институт Аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтніш берушіге мемлекеттік қолдау шарасы бойынша өтеу шарттары мен көлемдеріне сәйкес шығындарды төлеуді жүзеге асырады, бұл ретте өтініш берушіге ақша қаражатын аударғаны үшін ұлттық институтқа сыйақы көзделмеген.

4-тарау. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу", "Кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу", "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу", "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      Ескерту. 4-тарау 1-параграфтың атауымен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)" QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетңлетін қызмет стандарты) негізінде көрсетіледі.

      62. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Мемлекеттік корпорацияға;

      3) Порталға.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінімдер мен құжаттарды олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      64. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация қызметкеріне өтінімді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда өтінімді тіркеуден бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді, көрсетілетін қызметті алушының деректерін электрондық өтінімге енгізеді, оған көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу арқылы (PDF форматында) енгізеді және құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйе және пошта арқылы бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      65. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап ресімдейді.

      67. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық пакетін қоса береді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптамаға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      69. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      70. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      71. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      72. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 4-тарау 2-параграфпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Порталға.

      74. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      75. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.

      76. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы тағайындалатын басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.

      77. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

      78. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды ресімдейді.

3-параграф. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу"

      Ескерту. 4-тарау 3-параграфпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Порталға.

      80. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      81. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.

      82. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы тағайындалатын басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.

      83. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және кодексіне сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Технологиялық процестерді жетілдіруге арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

      84. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды ресімдейді.

4-параграф. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу"

      Ескерту. 4-тарау 4-параграфпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) Порталға.

      86. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      87. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Портал арқылы жүгінуі арқылы көрсетеді.

      88. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні (сағат 17.30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушы тағайындалатын басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе пошта арқылы жүзеге асырады.

      89. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және өтінімді толтырады және "өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық топтамасын тіркейді.

      Өтініш беруші құжаттардың электрондық топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе электрондық өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және кодексіне сәйкес мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

      90. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды ресімдейді.

5-параграф. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 4-тарау 5-параграфпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      91. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      92. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      93. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      Мемлекеттік корпорация, уәкілетті орган - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      94. Уәкілетті органның, мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      95. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіп кешені

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.07

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндіру

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

13

Текстиль бұйымдарын өндіру

14

Киім-кешек өндірісі

15

Тері және оған қатысты бұйымдар өндіру

16

Ағаш және тығын бұйымдарын өндіру, жиһаздан басқа, сабаннан бұйымдар жасау және өруге арналған материалдар

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

31

Жиһаз жасау

Химия және фармацевтика өнеркәсібі

19.20

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтика өнімдері мен препараттарын өндіру

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де бейметалл минерал өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минерал өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Дайын металл бұйымдар өндірісі, машиналар мен жабдықтардан басқа

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

27

Электрлік жабдықтар өндірісі

28

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

30

Өзге көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарды, машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіп техникасы мен жабдықтарының монтажы

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдарды өндіру

35.11

Электр энергиясын өндіру

38.21

Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою

38.22

Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою

38.32

Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату

82.92

Буып-түю

Көлік және қоймалау

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-
инновациялық қызмет
субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық дамыту
институты
_______________________
(ұлттық институттың атауы)
_______________________
(өтініш берушінің атауы)

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өтінім берушінің атауы

      2. Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, қаласы/ауданы, елді мекені, көшесі, телефоны) (болған жағдайда)

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)

      4. Өтінім берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      5. Орындаушының БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жағдайда)

      6. Өтінім берушінің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі (болған кезде) мен күні

      7. Орындаушының мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі (болған кезде) мен күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылаған жағдайда)

      8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)

      9. Шығарылатын өнімнің атауы

      10. Жылына ағымдағы еңбек өнімділігі (адам/мың теңге және адам/мың АҚШ доллары)*

      11. Өтінім беруші мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламалардың қатысушысы болып табылды (табылады) ма? (егер "иә" деп жауап берілсе, онда мемлекеттік қолдауды алған жылын, қандай Бағдарламалардың шеңберінде және мемлекеттік қолдаудың қандай шараларын алғанын көрсетіңіз) (мысалы, 2019 жыл, еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорынның құзыретін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары)

      12. Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік қолдаудың қандай шарасын пайдалану жоспарланып отыр (қажеттісін белгілеңіз

):

Кәсіпорынның құзыретін арттыру;

Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау;

Технологиялық процестерді жетілдіру;

Өндірістерді ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

      13. Өтінім берушінің банк деректемелерін көрсету керек.

      Өтінім беруші аталған өтінішпен ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береді және ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуы мен түпнұсқалығы үшін жауапкершілікті өзіне алады.

      Өтінім беруші дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      Өтінім беруші мемлекеттік қолдаудың сұралатын шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылмайтындығын растайды.

      Мемлекеттік қолдау шараларын алуға берілетін өтінімді толтырған байланысу тұлғасы (Т.А.Ә.), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмір, электрондық мекенжайы): __________________.

      Осы Өтінімге мынадай құжаттар мен құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1) _____________________;

      2) _____________________;

      3) _____________________;

      4) _____________________;

      5) _____________________.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы өтінім берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Өтінімдітолтырған күні ___________

      Өтінім берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде), жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхаты болған кезде) немесе жеке тұлға

      ____________ ___________________________________

      (қолы)             (Т.А.Ә.)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Ескертпе:

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындысы бойынша өтініш берушінің есебі (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      1. Өтініш берушінің және Орындаушының атауы, Орындаушының байланыс деректері (нақты мекен жайы, телефоны)

      2. Өтініш берушінің экономиканың басым секторларындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы

      3. Көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) шартының немесе еңбек шартының атауы, күні және сомасы

      4. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің қажеттілігін сипаттау

      5. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) нәтижелері (күтілетін нәтиже).

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде), жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхаты бар болса) немесе жеке тұлға

      ____________             ___________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны (бар болса)

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына 4-қосымша
  нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

____________ қаласы

20 ___жылғы "___"_________

      Бұдан әрі "ұлттық институт" деп атала отырып, __________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________ атынан "QazIndustry" "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы бір тараптан және бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын, ______________________________________ негізінде әрекет ететін _________________________________ атынан (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________, (Өтініш берушінің толық атауы) екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке "Тарап" деп аталатындар Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде төмендегілер туралы осы Шығындарды өтеу туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні

      1. Ұлттық институт өтінішке сәйкес толықтай көлемде ___________ (сомасы жазумен) теңге сомасында ______________________________________ шығындарды өтеу (шығындар түрі) түрінде Қағидалар шеңберінде "____________________________________________________" мемлекеттік қолдау шарасын (мемлекеттік қолдау шарасының атауы) ұсынуға, ал Өтініш беруші осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторына қол жеткізуге міндеттенеді.

      2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюта бағамына байланысты өтініш берушінің көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күніне немесе шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде жалақыны төлеу күніне есептеледі.

      3. Ағымдағы шотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда, ұлттық институт шығындарды өтеуді ағымдағы шотқа бюджеттік бағдарлама әкімшісінен қаражат келіп түскенге дейін тоқтата тұрады.

2. Тараптардың міндеттемелері

      4. Ұлттық институт:

      1) Өтініш берушіге Қағидаларды іске асырумен байланысты, Келісімді орындауға елеулі ықпал етуге жарамды барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;

      2) осы Келісімге қол қойылған күннен бастап екі жылдың ішінде мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.

      5. Өтініш беруші:

      1) Ұлттық институтқа индустриялық даму саласындағы уәкілетті органға және ұлттық институтқа бастапқы статистикалық ақпаратты тарату туралы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әрі қарай жолдау үшін актісіне (актілерге) қол қойған күннен 2 (екі) жыл және 2 (екі) жыл өткеннен кейінгі деректерді қоса алғанда, индустрия саласындағы уәкілетті органға және ұлттық институтқа бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісімді ұсыныды. Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн ұлттық институтың өтінім беруші шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойған күні болып саналады. Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімнің қосымшасында келтірілген;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректер негізінде мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін алуы және/немесе өткізуі мүмкін болмаған жағдайда, ұлттық институттың жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде мониторинг өткізу үшін қажетті деректерді ұсынуға;

      3) мемлекеттік қолдау шарасын алу құқығы туындаған сәттен бастап екі жыл ішінде (өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) актісіне (құжаттарына) қол қойылғаннан кейін) мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін:

      - осы Келісімнің 1 тармағына сәйкес кәсіпорынның өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен кірісінің көлемін кемінде 10%-ға ұлғайтуға мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды мониторингтеуді ұлттық институтың жүргізуі мақсатында өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар);

      - салық шегерімдерін кемінде 10% -ға ұлғайтуға (корпоративтік табыс салығы үшін).

      4) ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына сәйкес, ұлттық институттан оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      5) Келісім шарттары бұзылатын жағдайда, ұлттық институттың шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шарасы бойынша берген ақша қаражатын ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге;

      6) мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуын, уақтылы ұсынылуын және дұрыстығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Тараптардың құқықтары

      6. Ұлттық институт:

      1) Мемлекеттік қолдау шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жетпеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректер негізінде мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін алуы және/немесе өткізуі мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін өтініш берушіден ақпарат сұратуға;

      2) Осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға және осы Келісімнің шарттары бұзылатын жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасы бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақша қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Ұлттық институтқа:

      1) мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың толық болуы, уақтылы ұсынылуы және дұрыстығы;

      2) мемлекеттік қолдау шарасының уақтылы ұсынылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

      8. Өтініш берушіге:

      1) мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылатын ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуы, уақтылы ұсынылуы және дұрыстығы;

      2) осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторына қол жеткізу;

      3) осы Келісімнің шарттары бұзылатын жағдайда мемлекеттік қолдау шарасы бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақша қаражатының уақтылы қайтарылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

5. Құпиялылық

      9. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктің құпиясы, сондай-ақ Тараптар осы Келісімді жасасу және орындау барысында алатын қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жарияланбауға тиіс.

      Өтініш берушінің атауына қатысты ақпарат және мемлекеттік қолдау шаралары, өнделген өтеу сомасы құпия ақпаратқа жатпайды.

      10. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауына не үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

      11. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялауы не таратуы жағдайында, кінәлі Тарапқа осындай ақпаратты жариялау салдарынан екінші Тарапқа келтірілген ықтимал зияндарды өтеумен қоса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.

6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      12. Тараптар міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, сондай-ақ олардың орындалуын кешіктіргені үшін, егер мұндайлар еңсерілмес күштің (дүлей зілзала немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ Келісім шарттарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғатын әскери іс-қимылдардың, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

      13. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты еңсерілмес күш мән-жайларының басталғаны туралы да, аяқталуы туралы да хабардар етуге міндетті.

      14. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаса, екінші Тарап Келісімді бұзған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы бірінші Тарапты хабардар ете отырып, Келісімді бұзуға құқылы.

7. Даулы мәселелерді шешу

      15. Ұлттық институт және Өтініш беруші олардың арасында Шарт бойынша туындайтын немесе олармен байланысты барлық келіспеушіліктер немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешу үшін бар күшін салуға тиіс.

      16. Егер келіссөздер нәтижесінде ұлттық институт пен Өтініш беруші дауды шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сотының қарауына береді.

8. Қорытынды ережелер

      17. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл бойы қолданылады.

      18. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде ресімделетін және барлық Тараптың уәкілетті тұлғалары қолдарын қоятын кезде жарамды, одан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, шот нөмірлері) өзгеретін жағдайда, бірін-бірі кешіктірмей хабардар етеді.

      20. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тараптар осы Келісімді басшылыққа алады.

      21. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін біреуден берілетін бірдей заңды күші болатын екі данада жасалған.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Ұлттық институт:
"QazIndustry "Қазақстандық
индустрия және экспорт орталығы"
акционерлік қоғамы
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны (бар болса)

Өтініш беруші __________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН/ЖСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны (бар болса)

      * Ескертпе:

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі);

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      БСК - банктік сәйкестендіру коды.

  Шығындарды өтеу
туралы келісімге
қосымша
  Нысан

Бастапқы статистикалық деректерді таратуға берілетін келісім (Өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

      _________________________________

      (Өтініш берушінің толық атауы)                   индустриялық-инновациялық даму

      саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі) және ұлттық институтқа ("QazIndustry"

      Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамына) мынадай

      нысандар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ашуға келісімін береді:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      кезең аралығында: ________________________________

      көрсеткіштер бойынша: ___________________________

      Өтініш берушінің басшысы _____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны (бар болса)

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына 5-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есебі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылдың ________ тоқсаны үшін есеп

      Индекс:1 - ҚИЭО

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.

  мың теңге

Р/с №

Кәсіпорынның атауы

Мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өтініштің келіп түскен күні

Мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Шығындар сомасы

Есептік күнге қаржы берілген сома

Ағымдағы жай-күйі

өтініш берушінің өзінің қатысуы

мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың басшысы:

      ____________________ / Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/(қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға әкімшілік деректерді жинауға арналған "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың мемлекеттік қолдау шарасын іске асыр туралы есебіне" қосымшасында берілген.

  "Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық
институттың мемлекеттік қолдау
шарасын іске асыру туралы
есебі" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме, "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру туралы есебі" 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нысан Қағидаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

      2. Толтырылған Нысанды "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      3. Көрсеткіштер ағымдағы есептік кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шарасын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шарасының атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында өтініштің келіп түскен күні көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну туралы шешім қабылданған күн көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің өзінің қатысу сомасы көрсетіледі.

      11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік қолдау сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 8-бағанында есептік күні қаржы берілген сома көрсетіледі.

      13. Нысанның 9-бағанында мемлекеттік қолдаудың "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" шарасы бойынша ағымдағы жай-күй көрсетіледі.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына 6-қосымша
  нысан
  Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық институт
_______________________
(дамыту институтының атауы)
_______________________
(өтініш берушінің атауы)

Аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім

      1. Өтініш берушінің толық атауы

      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон)

      3. Бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)

      4. Өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні

      5. Өтініш берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      6. Саланың, кіші саланың атауы

      7. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметінің жалпы жіктелімінің кодын көрсетумен)

      8. Шығарылатын өнім номенклатурасы

      9. Өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде)

      10. Қуаттардың ағымдағы жүктелуі (пайыз)

      11. Өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз)

      12. Ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ доллары/адам)*

      13. Өтініш беруші мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламалардың қатысушысы болып табыла ма (болды ма) (егер болса, мемлекеттік қолдау шараларын алу жылын, қай Бағдарлама шеңберінде және қандай құрал алғанын көрсетіңіз)

      14. Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау тарту мақсаты (қысқаша сипаттамасы, қажеттіліктің негіздемесі, нәтижесі)

      15. Өтініш берілген құралдың шеңберінде жұмсалған шығындардың жалпы құны (теңге)

      16. Өтініш берілген құралдың шеңберінде шығындар жұмсалған кезең (бастап және дейін (айы, жылы))

      17. Қызметтерді көрсеткен орындаушының атауы

      18. Өтініш берушінің банк деректемелерін көрсету

      Осы өтінім арқылы өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығы үшін жауапкершілік алады.

      Өтініш беруші сұралатын құрал(дар) шеңберінде жұмсалған іс-шаралар бойынша шығындардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылмағанын растайды.

      Құралды алу өтінішін толтырған тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы): _____________________

      Өтінімді толтыру күні ___________

      Өтініш берушінің басшысы (өтініш берушінің басшысы уәкілеттік еткен тұлға)

      ________             ___________________________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

                                    құжатта көрсетілген болса)

      М.О. (бар болса)

      Ескертпе:

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.


  Еңбек өнімділігін арттыруға
  және аумақтық кластерлерді
  дамытуға бағытталған индустриялық
  -инновациялық қызмет субъектілеріне
  мемлекеттік қолдау шараларын
  ұсыну қағидаларына
  7-қосымша

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе оған сараптама жасауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12:30-дан 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8:30 –дан 18:30-ға дейін дүйсенбіден жұманы қоса алғанда өз кезегінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз;
2) Мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9:00-ден 20:00-ге дейін дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда.
Мемлекеттік қызмет "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны байынша жедел қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтініш;
2) өтініш берушінің Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары туралы есебі;
3) төлем шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген қызметтерді қөрсетуге (жұмыстарды орындауға) шарттың көшірмесі, сондай-ақ осындай шартқа барлық қосымшалар және/немесе толықтырулар, келісімдер;
4) өтелетін шығыстар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (-лерінің) көшірмесі;
5) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына шот-фактуралардың көшірмелері;
6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардан басқа индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың түріне қарай қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
7) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалған шығындар бойынша:
- лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын Қазақстан Даму Банкінің еншілес ұйымының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру туралы оң шешімінің көшірмесі;
8) Өнірдің кәсіпкерлерін қолдау картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген жоба үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындар бойынша:
- Картаға жобаның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- тиісті аттестаты бар аккредиттелген сараптама ұйымы немесе сарапшы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (егер осы қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.qazindustry.gov.kz;
4) порталдың - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  (Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
(бұдан әрі - толық аты)
немесе аты
алушыға қызмет
көрсету ұйымы)
____________________________
(алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2020 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып (мекен-жайы: _____________________________) ұсынуға байланысты ________________________ мемлекеттік қызметтерді ұсынуға құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Сізде мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен қарастырылған тізбе бойынша толық емес құжаттар жиынтығы бар, атап айтқанда:

      Жетіспейтін құжаттардың атауы:

      1) _____________________________________;

      2) _____________________________________;

      3) _____________________________________.

      Бұл түбіртек, әр тарапқа бір данадан 2 данада жасалды.

      _____________________________________            _______________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)                  (қолы)

      Орындаушы.

      Толық Т.А.Ә. _____________

      Телефон __________

      Алдым:

      _______________________________________________

      Т.А.Ә.       көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ жылғы.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
9-қосымша

      Ескерту. Қағида 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз түрінде

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 18:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе олардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде шетелде кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері
6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері қоса беріледі;
7) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
8) сертификаттың көшірмесі (Кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартында тиісті сілтеме болған кезде);
9) темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың "Турист" және "Бизнес" кластық купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, эконом класс тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір рет іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген адамға тиісті жүріп-тұру көлігін ұсынатын жағдайлардан басқа), жол жүру билеттері мен қонақүйден орын брондап қою, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде төсек-орын жабдығын пайдалану құны, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде;
10) инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындарды қоспағанда, жіктелімі бойынша нөмір құны – нақты шығындары бойынша стандарт, оның ішінде броньдау шығыстары бойынша жұмыскердің тұрған орнының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде.
Шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкердің арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) жылжыту мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде-еңбек шартының немесе ақылы қызмет көрсету шартының көшірмесі);
4) тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбек төлемін растайтын төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостарының, төлем ведомостарының (бар болса), заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) (ақылы қызмет көрсету шартын жасасқан кезде – төлем құжаттардың, тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен қызмет актісінің(тарының) көшірмелері);
5) осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) экономикалық сынып тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызметтер көрсету орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттары бар болатын кезде; жол жүру билеттерін брондау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезіндегі жол жүрулерде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар бар болатын кезде;
7) өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі ұсынылатын салық кезеңі үшін 200-02 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" (Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға 2-қосымша) нысанының, уәкілетті органның құжатты қабылдағандығы туралы белгісі бар барлық толықтыруларымен бірге көшірмесі;
8) тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www. gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі";
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.​qaz​indu​stry.​gov.​kz;
4) порталдың - www.​egov.​kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық- инновациялық қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
10-қосымша

      Ескерту. Қағида 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "электрондық үкіметтің" Веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады)
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 18:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі;
3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері;
6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы шығындардың түріне байланысты мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:
7) жабдықтың шеф-монтажы жөніндегі шығындар бойынша:
- жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері;
- жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т. б.);
- жабдықты пайдалану жөніндегі басшылықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);
- жабдық фотосуреттері;
8) жабдықты монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары және оларға техникалық қызмет көрсету, тәжірибелік үлгілерді дайындау жөніндегі шығындар бойынша:
- жабдықты/ тәжірибелік үлгіні қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т. б.);
- жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);
- жабдықтың/тәжірибелік үлгінің фотосуреттері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі";
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.qazindustry.gov.kz;
4) порталдың – www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
11-қосымша

      Ескерту. Қағида 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.06.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "электрондық үкіметтің" Веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады)
2) көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12:30-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-дан 18:30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін;
3) қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін;
5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;
6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелерін.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/ немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті –www.gov.kz/memleket/entities/comprom?lang=ru, раздел "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі";
3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.qazindustry.gov.kz;
4) порталдың – www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады