О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 "Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции"

Постановление акимата Павлодарской области от 3 мая 2019 года № 137/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 4 мая 2019 года № 6337. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 25 мая 2021 года № 137/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 25.05.2021 № 137/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 12-6) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2014 года № 486 "Об утверждении перечня сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена", пунктом 5 Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 "Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4315, опубликовано 02 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в приложении к указанному постановлению в графе "Нормативы субсидий в пересчете на сырье, тенге/л (тенге/кг)" цифры "12,0" заменить цифрами "16,15" и цифры "20,0" заменить цифрами "18,95".

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нукенова К. Т.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Бакауов

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 137/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 6337 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 137/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 25.05.2021 № 137/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелген, 2015 жылғы 02 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында "Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л (теңге/кг)" бағанында "12,0" сандары "16,15" сандарына және "20,0" сандары "18,95" сандарына ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Т. Нүкеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов