Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Павлодарской области

Решение маслихата Павлодарской области от 8 ноября 2019 года № 418/35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 ноября 2019 года № 6604.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении Правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18883) Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Павлодарского областного маслихата от 16.09.2022 № 197/16 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов по Павлодарской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Павлодарского областного маслихата по экономике и бюджету.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь областного маслихата Б. Бексеитова

  Приложение
к решению Павлодарского
областного маслихата
от 08 ноября 2019 года № 418/35

      1. Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан (далее - ипотечная программа), и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан, определить размер жилищных сертификатов в Павлодарской области:

      1) 100% от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи;

      2) 50% от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

      Сноска. Пункт 1 - с изменениями, внесенными решением маслихата Павлодарской области от 08.06.2021 № 44/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Перечень категорий получателей жилищных сертификатов:

      1) семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      2) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      3) неполные семьи;

      4) востребованные специалисты в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта, сотрудники правоохранительных органов, сотрудники социального обеспечения, государственные служащие с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года № 161 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32546), соответствующие требованиям ипотечной программы и (или) государственной программы жилищного строительства, утвержденной Правительством Республики Казахстан;

      5) лица с инвалидностью первой и второй групп;

      6) дети-сироты и дети, оставшихся без попечения родителей, не достигших двадцати девяти лет, потерявших родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы;

      7) ветераны боевых действий на территории других государств.

      Сноска. Пункт 2 - с изменениями, внесенными решениями Павлодарского областного маслихата от 16.09.2022 № 197/16 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 11.07.2024 № 133/14 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 6604 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" № 417 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 16.09.2022 № 197/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2019 жылғы 08
қарашадағы № 418/35 шешіміне
қосымша

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі - ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін Павлодар облысында келесі:

      1) әлеуметтік көмек түрінде бастапқы жарна сомасының 100 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;

      2) әлеуметтік қолдау түрінде бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 08.06.2021 № 44/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

      1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) Ипотекалық бағдарламасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы қажетті мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер;

      5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 16.09.2022 № 197/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2024 № 133/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.