ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) әлеуметтік көмек түрінде бастапқы жарна сомасының 100 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
2) әлеуметтік қолдау түрінде бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері белгіленсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы | В. Соломкин |
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |