Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Кегенском районе

Решение Кегенского районного маслихата Алматинской области от 1 октября 2020 года № 41-140. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 8 октября 2020 года № 5698

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон), Кегенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить прилагаемые:

      1) Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Определить границами расстояния не менее 150 метров прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно пункта 5 статьи 9 Закона.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Кегенского районного маслихата "По вопросам средств массовой информации, работы с общественными обьединениями, права, социально-культурного развития".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после для его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Кегенского
      районного маслихата С. Смагулов
      Секретарь Кегенского
      районного маслихата Н. Советов

  Приложение 1 к решению Кегенского районного маслихата от "___" ________ 2020 года № ____

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению

Населенный пункт

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний

Нормы их предельной заполняемости

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению

1

село Кеген

Площадка перед памятником Д. Кунаева по улице Б. Атыханулы

250 человек

- освещение;
- обеспечение точкой для подключения электроэнергии;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

2

село Кеген

Маршрут для шествий и демонстраций – от пересечения улиц Б. Атыханулы и К. Сатбаева по улице Б. Атыханулы до площадки перед памятником Д. Кунаева

250 человек

- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
- обеспечение камерой видеонаблюдения и видеофиксации.

  Приложение 2 к решению Кегенского районного маслихата от "___" ________ 2020 года № ____

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний разработан согласно статьи 8 Закона и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний – места общего пользования или маршруты следования, определенные местным представительным органом Кегенского района для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний – проводятся публичные мероприятия, являющиеся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимое в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан.

      Запрещается проведение собрания, митинга, демонстрации, шествия и пикетирования в нарушение Закона.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний в специализированных местах может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статьей 5 и 6 Закона.

Кеген ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 қазандағы № 41-140 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 8 қазанда № 5698 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 150 метр арақашықтықта айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеген аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы С. Смагулов
      Кеген аудандық маслихаттың
      хатшысы Н. Советов

  Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы "__" ________ № _____ шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Кеген ауылы

Б. Атыханұлы көшесі бойындағы Д. Қонаев ескерткішінің алдындағы алаң

250 адам

- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
- бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

2

Кеген ауылы

Шеру мен демонстрация маршруты – Б. Атыханұлы және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысынан Б. Атыханұлы көшесінің бойымен Д. Қонаев ескерткішінің алдындағы алаңға дейін

250 адам

- маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
- бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

  Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы "__" ________ № _____ шешіміне 2-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар –Кеген ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

      Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.