Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 қазандағы "Кеген ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 41-140 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 31-136 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 14 наурызда № 6224-05 болып тіркелді

      Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 қазандағы Кеген ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5698 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпараттық құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Нұғман

  Кеген аудандық маслихаты
  2025 жылғы 6 наурыздағы № 31-136
  шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Кеген ауылы

Б. Атыханұлы көшесі бойындағы Д. Қонаев ескерткішінің алдындағы алаң

250 адам

- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

2

Кеген ауылы

Шеру мен демонстрация маршруты –Б.Атыханұлы және Қ.Сәтбаев көшелерінің қиылысынан Б. Атыханұлы көшесінің бойымен
Д. Қонаев ескерткішінің алдындағы алаңға дейін

250 адам

-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады