Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 15 апреля 2020 года № 56. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 апреля 2020 года № 9131.

      Сноска. Заголовок – в редакции постановления акимата Карасуского района Костанайской области от 23.01.2023 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции постановления акимата Карасуского района Костанайской области от 23.01.2023 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Карасуского района "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки" от 27 июня 2018 года № 92 (опубликовано 26 июля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7973).

      3. Государственному учреждению "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карасуского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карасуского района В. Ионенко

  Приложение
к постановлению акимата
от 15 апреля 2020 года
№ 56

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      Сноска. Приложение – в редакции постановления акимата Карасуского района Костанайской области от 28.05.2024 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов в области социального обеспечения:

      1) социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах;

      2) социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью;

      3) социальный работник по уходу за детьми с инвалидностью и лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями;

      4) консультант по социальной работе;

      2. Должности специалистов в области культуры:

      1) руководитель (директор) государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) художественный руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      4) аккомпаниатор;

      5) библиограф;

      6) библиотекарь;

      7) культорганизатор (основных служб);

      8) методист всех наименований (основных служб);

      9) музыкальный руководитель;

      10) художники всех наименований (основных служб);

      11) хореограф;

      12) учителя всех специальностей.

      3. Должности специалистов в области спорта:

      1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      2) методист;

      3) инструктор-спортсмен.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 56 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 9131 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 23.01.2023 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 23.01.2023 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қарасу ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 27 маусымдағы № 92 қаулысының (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7973 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Ионенко

  Әкімдіктің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 28.05.2024 № 127 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аккомпаниатор;

      5) библиограф;

      6) кітапханашы;

      7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) музыкалық жетекші;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      11) хореограф;

      12) барлы мамандық мұғалімдері.

      3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әдіскер;

      3) нұсқаушы-спортшы.