Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9131 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі | К. Оспанов |
Келісілді: С. Кажиев
Қарасу аудандық
мәслихатының төрағасы
__________________________
2024 жылғы "__" ___________
Қарасу ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 127 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы | |
Қарасу ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 15 сәуірдегі | |
№ 56 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аккомпаниатор;
5) библиограф;
6) кітапханашы;
7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
9) музыкалық жетекші;
10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
11) хореограф;
12) барлы мамандық мұғалімдері.
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) әдіскер;
3) нұсқаушы-спортшы.