Об определении порядка организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района

Решение Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 октября 2020 года № 51/3-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 6 ноября 2020 года № 7776

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Глубоковский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Фараджев
      Секретарь Глубоковского районного маслихата А. Баймульдинов

  Приложение
к решению Глубоковского
районного маслихата
от 28 октября 2020 года
№ 51/3-VI

Порядок организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района

      1. Настоящий порядок организации и проведения мирных собраний на территории Глубоковского района определяет специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования.

      2. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний (далее – специализированные места) на территории Глубоковского района определены в поселке Глубокое:

      1) площадь в районе дома по улице Пирогова 22;

      2) для шествий и демонстраций используется маршрут от площади в районе дома по улице Пирогова 22 до стадиона по улице Поповича 13.

      3. Норма предельной заполняемости специализированных мест определена в количестве не более 50 человек.

      4. Мирные собрания проходящие на территории Глубоковского района с использованием специализированных мест проводятся в следующем порядке:

      1) мирным, ненасильственным и невооруженным способом, не создающим угрозу интересам государственной безопасности, с соблюдением общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц;

      2) проведение собраний, допускается в специализированных местах, за исключением пикетирования;

      3) с соблюдением всех требований Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      5. К материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест предъявляются следующие требования:

      1) наличие уличного освещения и видеонаблюдения;

      2) точка подключения электроэнергии;

      3) обеспечение свободными входами и выходами, а также возможность экстренной эвакуации;

      4) возможность беспрепятственного подъезда специализированного автотранспортного средства;

      5) наличие парковочных мест.

      6. Определить границами прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования расстояние не менее 300 метров от объектов, установленных пунктом 5 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 51/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 7776 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі анықталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Фараджев
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 28 қазандағы
№ 51/3 -VI шешіміне
қосымша

Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      1. Осы Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындайды.

      2. Глубокое ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар (әрі қарай – арнайы орындар) Глубокое кентінде анықталды:

      1) Пирогов көшесі 22 үйдің ауданындағы алаң;

      2) шерулер мен демонстрациялар үшін Пирогов көшесі 22 үйдің ауданындағы алаңнан Попович көшесі 13 стадионға дейінгі маршруты пайдаланылады.

      3. Арнайы орындардың шекті толу нормалары бір орынға 50 адамнан аспайтын мөлшерде айқындалған.

      4. Глубокое ауданы аумағында арнайы орындарды пайдаланып өтетін бейбіт жиналыстар келесі тәртіпте өткізіледі:

      1) мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын тәсілмен;

      2) пикеттеуді қоспағанда, жиналыстарды арнайы орындарда өткізуге жол беріледі;

      3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының барлық талаптарын сақтаумен.

      5. Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге келесі талаптар қойылады:

      1) көше жарығының және бейнебақылаудың болуы;

      2) электр қуатын қосу көзі;

      3) еркін кіру және шығу жолдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ шұғыл эвакуациялау мүмкіндігі;

      4) арнайы автокөлік құралының кедергісіз кіру мүмкіндігі;

      5) тұрақ орындарының болуы.

      6. Пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 9-бабының 5-тармағында белгіленген объектілерден кемінде 300 метр қашықтық болып белгіленсін.