Об утверждении Правил осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 25 мая 2021 года № 358-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 мая 2021 года № 22851.

      В соответствии с подпунктом 7-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
Б. Сұлтанов

  Утверждены приказом
Министра торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 25 мая 2021 года № 358-НҚ

Правила осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7-4) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" и определяют порядок осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, формирующий торговую политику и осуществляющий руководство, а также межотраслевую координацию в сфере торговой деятельности;

      2) уполномоченная организация – Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен", осуществляющая регистрацию экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров.

Глава 2. Порядок осуществления верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров

      3. В целях подтверждения страны происхождения товаров уполномоченный орган осуществляет верификацию (проверку) обоснованности регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров (далее – система REX).

      4. Верификация (проверка) осуществляется на основании официальных запросов, поступивших в уполномоченный орган из Королевства Норвегии, Швейцарской Конфедерации страны ввоза товара.

      5. Срок проведения верификации (проверки) не превышает 30 (тридцать) рабочих дней с момента поступления запроса в уполномоченный орган.

      6. Уполномоченный орган для проведения верификации (проверки) регистрируется в системе REX на веб-сайте Европейской комиссии.

      Доступ к веб-сайту Европейской комиссии осуществляется через персональный логин и пароль уполномоченного органа.

      7. Уполномоченный орган со дня поступления запроса обоснованности регистрации экспортера в течение 3 (трех) рабочих дней направляет запрос в уполномоченную организацию для предоставления копии заявления на получение регистрационного номера экспортера, предусмотренного Правилами регистрации экспортеров в информационных системах стран ввоза товара в целях подтверждения страны происхождения товаров, утвержденными приказом Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 244-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22437), а также копий документов в соответствии с Перечнем документов, подтверждающих происхождение товара, утвержденным приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 8 июля 2014 года № 257 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9665) (далее – документы), послужившими основаниями для регистрации экспортеров в системе REX.

      В случае подачи заявления через уполномоченного представителя экспортера, прилагается доверенность на представление интересов экспортера.

      8. Уполномоченная организация в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня поступления запроса направляет запрашиваемые документы в уполномоченный орган.

      9. Уполномоченный орган со дня получения документов в течение 7 (семи) рабочих дней осуществляет верификацию (проверку) полноты и достоверности данных, содержащихся в документах, а так же в системе REX.

      10. По результатам верификации (проверки) уполномоченный орган в течение 7 (семи) рабочих дней, формирует заключение о верификации (проверки) обоснованности регистрации экспортеров в системе REX c указанием результатов верификации (проверки).

      В случае несоответствия экспортера условиям генеральной системы преференций, предоставляемых Королевством Норвегии, Швейцарской Конфедерации в отношении товаров, происходящих из развивающихся и наименее развитых стран, несоблюдения экспортером обязательств, взятых на себя при регистрации в системе REX и прекращения экспортером своей деятельности уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней направляет обращение в уполномоченную организацию для отзыва регистрации экспортера в системе REX.

Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 358-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22851 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 358-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауар әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауар әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) уәкілетті ұйым – тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы.

2-тарау. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру тәртібі

      3. Тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында уәкілетті орган тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – REX жүйесі) экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады.

      4. Верификация (тексеру) Норвегия Корольдігінен, тауарды әкелу елінің Швейцария Конфедерациясынан уәкілетті органға келіп түскен ресми сұрау салулар негізінде жүзеге асырылады.

      5. Верификация (тексеру) жүргізу мерзімі уәкілетті органға сұрау салулар келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күннен аспайды.

      6. Уәкілетті орган верификация (тексеру) жүргізу үшін Еуропалық комиссияның веб-сайтындағы REX жүйесінде тіркеледі.

      Еуропалық комиссияның веб-сайтына кіру уәкілетті органның жеке логині мен паролі арқылы жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті орган экспорттаушыны тіркеудің негізділігіне сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22437 болып тіркелген) тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларында көзделген экспорттаушының тіркеу нөмірін алуға өтініштің көшірмесін ұсыну үшін уәкілетті ұйымға сұрау салу жібереді, сондай-ақ экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген) бекітілген тауардың шығарылуын растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – құжаттар) сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса береді.

      Өтініш экспорттаушының уәкілетті өкілі арқылы берілген жағдайда экспорттаушының мүдделерін білдіруге сенімхат қоса беріледі.

      8. Уәкілетті ұйым сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде сұрау салынған құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

      9. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардағы, сондай-ақ REX жүйесіндегі деректердің толықтығын және дұрыстығын верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады.

      10. Верификация (тексеру) нәтижелері бойынша уәкілетті орган 7 (жеті) жұмыс күн ішінде REX жүйесінде верификация (тексеру) нәтижелерін көрсете отырып, экспорттаушыларды тіркеудің негізділігін верификациялау (тексеру) туралы қорытындыны қалыптастырады.

      Экспорттаушы дамушы және ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы ұсынатын преференциялардың бас жүйесінің шарттарына сәйкес келмеген, экспорттаушы REX жүйесінде тіркеу кезінде өзіне алған міндеттемелерді сақтамаған және экспорттаушы өз қызметін тоқтатқан жағдайда уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушының REX жүйесінде тіркелуін кері қайтарып алу үшін уәкілетті ұйымға өтініш жібереді.