Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 января 2022 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 января 2022 года № 26494

      В соответствии с пунктом 8 статьи 29 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и пунктом 8 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований).

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 729 "Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12778);

      2) пункт 13 Перечня некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2019 года № 121 "О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18339).

      3. Департаменту кадровой работы Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу после его официального опубликования.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
Ж. Элиманов

  Утверждены приказом
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 6 января 2022 года № 4

Правила установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования
к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы)
в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу
(служба экономических расследований)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8 статьи 29 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и определяют порядок установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований).

Глава 2. Порядок установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования
к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы)

      2. Стандарты работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) (далее – стандарты работ) устанавливаются для достижения оптимальной степени упорядочения профессиональных действий и служебной нагрузки сотрудников органов по финансовому мониторингу (далее – сотрудники). А также учитываются при оценке деятельности сотрудников и определении штатной численности.

      3. Стандарты работ включают в себя:

      1) четкую регламентацию конкретных действий сотрудников для качественного выполнения своих должностных обязанностей;

      2) ускорение процесса адаптации сотрудников, впервые поступивших на службу, а также назначенных на новые должности, повлекшие изменения функциональных обязанностей;

      3) повышение уровня доверия населения;

      4) создание системы критериев для оценки качества работы сотрудников на конкретных участках работы, направлениях деятельности;

      5) выработка оптимальных критериев условий работы для сотрудников на конкретных участках работы;

      6) описание всех рабочих процессов с определением конкретных, измеримых результатов, свидетельствующих об успешном их выполнении либо невыполнении.

      4. Анализ выполняемых работ по каждому направлению деятельности и каждой должности органов по финансовому мониторингу в отдельности включает в себя ряд последовательных этапов:

      1) составление перечня всех видов работ по каждому направлению деятельности каждой должности;

      2) составление перечня конкретных действий в их строгой последовательности, который образует соответствующий вид работы;

      3) определение нормы времени каждого конкретного действия;

      4) требования к результатам конкретных действий.

      Стандарты работ по направлениям деятельности разрабатываются руководителями структурных подразделений Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, и далее прилагаются к должностным обязанностям сотрудников по форме, согласно приложению к Правилам.

      5. Внедрение утвержденных стандартов работ производится поэтапно:

      1) информирование сотрудников о внедрении стандартов работ, разъяснение целей и организационных изменений, которые связаны с стандартами работ;

      2) ознакомление сотрудников со стандартами работ и проведение обучающих тренингов по исполнению стандартов работ;

      3) организация контроля;

      4) анализ утвержденных стандартов работ с целью определения у сотрудников необходимых знаний, умений и навыков, достаточности мотивации для выполнения работ (организовывается работа по повышению профессионального уровня и квалификации сотрудников).

  Приложение
к Правилам установления
стандартов работ (алгоритм,
правила и требования
к результатам деятельности
сотрудника на конкретном
участке работы) в оперативно-
следственных подразделениях
органов по финансовому
мониторингу (служба
экономических расследований)
  Форма

Стандарт работ по направлениям деятельности

      ______________________________________________________
(Фамилия, имя и отчество (при его наличии), подразделение)

№ п/п

Алгоритм действий по направлению деятельности

1.

Основные функции и задачи

2.

Сроки исполнения

3.

Требования к результату работы


Қаржылық мониторинг органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары мен талаптары) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26494 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (Экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12778 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 13-тармағы.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 Бұйрығымен
бекітілген

Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) белгілеу қағидалары

      2. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелерінің алгоритмі, қағидалары және талаптары) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) кәсіптік әрекеттерін және қызметтік жүктемені ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жету үшін белгіленеді. Сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын айқындау кезінде есепке алынады.

      3. Жұмыс стандарттары мыналардан тұрады:

      1) өздерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қызметкерлердің нақты іс-қимылын нақты регламенттеу;

      2) қызметке алғаш кірген, сондай-ақ функциялық міндеттерінің өзгеруіне алып келген жаңа лауазымдарға тағайындалған қызметкерлердің бейімделу процесін жеделдету;

      3) халықтың сенім деңгейін жоғарылату;

      4) нақты жұмыс учаскелерінде, қызмет бағыттарында қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалауға арналған өлшемшарттар жүйесін жасау;

      5) нақты жұмыс учаскелерінде қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарының оңтайлы өлшемшарттарын әзірлеу;

      6) ойдағыдай орындалғаны не орындалмағанын айғақтайтын нақты, өлшенетін нәтижелерді айқындай отырып, барлық жұмыс процестерін сипаттау.

      4. Қаржылық мониторинг органдары қызметінің әрбір бағыты және әрбір лауазымы бойынша орындалатын жұмыстардың талдауы жеке-жеке бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:

      1) әрбір лауазым қызметінің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін жасау;

      2) олардың қатаң кезеңділігімен тиісті жұмыс түрін қалыптастыратын нақты әрекеттердің тізбесін жасау;

      3) әрбір нақты әрекет уақытының нормаларын айқындау;

      4) нақты әрекеттердің нәтижелеріне қойылатын талаптар.

      Қызмет бағыттары бойынша жұмыс стандарттарын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен әзірленеді және одан әрі қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса беріледі.

      5. Бекітілген жұмыс стандарттарын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:

      1) қызметкерлерді жұмыс стандарттары енгізілетіні туралы хабардар ету, мақсаттарды және жұмыс стандарттарын енгізуге байланысты ұйымдастырушылық өзгерістерді түсіндіру;

      2) қызметкерлерді жұмыс стандарттарымен таныстыру және жұмыс стандарттарын орындау жөнінде оқыту тренингтерін өткізу;

      3) бақылауды ұйымдастыру;

      4) қызметкерлердің қажетті білімін, іскерлігін және дағдыларын, жұмыстарды орындау үшін ынтасының жеткілікті болуын айқындау мақсатында бекітілген жұмыс стандарттарын талдау (қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру бойынша жұмыс ұйымдастырылады).

  Қаржылық мониторинг
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелеріндегі
(экономикалық тергеу қызметі)
жұмыс стандарттарын
(қызметкердің нақты жұмыс
учаскесіндегі қызмет
нәтижелерінің алгоритмі,
қағидалары және талаптары)
белгілеу қағидаларына қосымша
Нысан

Қызмет бағыты бойынша жұмыс стандарты ________________________________________________ (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), бөлініс)

№ р/н

Қызмет бағыты бойынша әрекеттер алгоритмі

1.

Негізгі функциялар мен міндеттер

2.

Орындау мерзімі

3.

Жұмыс нәтижесіне қойылатын талаптар