Қаржы мониторингі органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12778 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 729 бұйрығымен бекітілген

Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібі

      2. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) қаржы мониторингі органдары қызметкерлерінің (бұдан - қызметкерлер) кәсіптік әрекеттерін және қызметтік жүктемені ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жету үшін белгіленеді. Сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын айқындау кезінде есепке алынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жұмыс стандарттары өзіне мыналарды қосады:

      1) өздерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қызметкерлердің нақты іс-қимылын нақты регламенттеу;

      2) қызметке алғаш кірген, сондай-ақ функционалдық міндеттерінің өзгеруіне алып келген жаңа лауазымдарға тағайындалған қызметкерлердің бейімделу процесін жеделдету;

      3) халықтың сенім деңгейін жоғарылату;

      4) нақты жұмыс учаскелерінде, қызмет бағыттарында қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалауға арналған өлшемшарттар жүйесін жасау;

      5) нақты жұмыс учаскелерінде қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарының оңтайлы өлшемшарттарын әзірлеу;

      6) ойдағыдай орындалғаны не орындалмағаны туралы айғақтайтын нақты, өлшенетін нәтижелерді айқындай отырып, барлық жұмыс процестерін сипаттау.

      4. Қаржы мониторингі органдары қызметінің әрбір бағыты және әрбір лауазымы бойынша орындалатын жұмыстардың талдауы жеке-жеке бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:

      1) әрбір лауазым қызметінің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін жасау;

      2) олардың қатаң кезеңділігімен тиісті жұмыс түрін қалыптастыратын нақты әрекеттердің тізбесін жасау;

      3) әрбір нақты әрекет уақытының нормаларын айқындау;

      4) нақты әрекеттердің нәтижелеріне талаптар.

      Қызметтің бағыттары бойынша жұмыс стандарттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлейді және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Бекітілген жұмыс стандарттарын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:

      1) қызметкерлерді жұмыс стандарттары енгізілетіні туралы хабардар ету, мақсаттарды және жұмыс стандарттарын енгізуге байланысты ұйымдастырушылық өзгерістерді түсіндіру;

      2) қызметкерлерді жұмыс стандарттарымен таныстыру және жұмыс стандарттарын орындау жөнінде оқыту тренингтерін өткізу;

      3) бақылауды ұйымдастыру;

      4) қызметкерлердің қажетті білімін, дағдысы мен машығын, жұмыстарды орындау үшін ынтасының жеткілікті болуын айқындау мақсатында бекітілген жұмыс стандарттарын талдау (қажет болған жағдайда, қызметкерлердің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін жоғарылату жөнінде жұмыстар ұйымдастырылады).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады