О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 октября 2016 года № 238 "Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов"

Приказ и.о. Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 13 декабря 2022 года № 39. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2022 года № 31097

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 октября 2016 года № 238 "Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 14 ноября 2016 года за № 14417) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 20) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Методике по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов, утвержденной указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Методика применяется Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планироваю и реформам Республики Казахстан (далее – Бюро) при формировании экологических показателей.";

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Информация об объеме отходов производства по отраслям экономики формируется ежегодно на основе административных данных уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.";

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Информация об отходах производства формируется по вышеуказанным 3 уровням опасности и группируется следующим образом: химические и медицинские отходы, радиоактивные отходы, металлические отходы, неметаллические, подлежащие вторичной переработке отходы, утилизированное оборудование и транспортные средства, отходы растительного и животного происхождения, смешанные бытовые и коммерческие отходы, минерально-грунтовые отходы, отходы горения, прочие отходы. При формировании данных по отходам производства применяется номенклатура ОКЭД для идентификации вида экономической деятельности.".

      2. Департаменту национальных счетов совместно с Юридическим Департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курьирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
руководителя Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
Ж. Джаркинбаев

"Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31097 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 қарашада № 14417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Экономика салалары бойынша өндіріс қалдықтарының көлемі туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері негізінде жыл сайын қалыптастырылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Өндіріс қалдықтары туралы ақпарат жоғарыда аталған қауіптіліктің 3 деңгейі бойынша қалыптастырылады және: химиялық және медициналық қалдықтар, радиоактивті қалдықтар, металл қалдықтары, қайталама өңдеуге жарайтын металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдық және көлік құралдары, өсімдік және жануарлардан шыққан қалдықтар, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, минералды-топырақ қалдықтары, жану қалдықтары, өзге де қалдықтар деп топталады. Өндіріс қалдықтары бойынша деректерді қалыптастыру кезінде ЭҚЖЖ номенклатурасы экономикалық қызмет түрін сәйкестендіру үшін қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы басшысының
міндетін атқарушы
Ж. Джаркинбаев