Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 қарашада № 14417 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 13.12.2022 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлтттық экономика министрлігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 12 қазандағы
№ 238 бұйрығымен бекітілді

Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін
қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық шоттар жүйесінде (бұдан әрі - ҰШЖ) Экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеменің мақсаты ҰШЖ-да экологиялық шотты құрастыру үшін қоршаған ортаны қорғау статистикасы бойынша алғашқы көрсеткіштер жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттарын және тәртібін анықтайды.

      3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 13.12.2022 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әдістеме Қазақстан Республикасы экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып бейімделген, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандарттары ретінде басылған "Экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің (ЭЭЕЖ 2012)" (бұдан әрі – ЭЭЕЖ) принциптерін және ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.

      5. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және келесі негізгі анықтамалар қолданылады:

      1) атмосфераға шығарындылар – экологиялық жүйенің бөлігі болып табылатын атмосфераға экономика жүйесінің шаруашылық субъектілерінен (өндіріс немесе тұтыну үдерісінің нәтижесінде) газ тәрізді немесе дисперсті материалдардың физикалық ағыны;

      2) құндық белгідегі ағындар – ақшалай бірлікте өлшенетін айналым;

      3) құндық белгідегі қорлар – ақшалай бірлікте өлшенетін қазіргі уақыттағы активтер саны;

      4) қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдық шығындар – кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды жүргізуге, технологиялық үдерістер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз етуге, сонымен бірге ластаушы заттарды (өнімдерді) азайту, тазалау (қайта өңдеу), алдын-ала және/немесе жою мақсатында әзірленген және жұмыс жасайтын машина және жабдықтарды ұстауға және пайдалануға кеткен шығындар;

      5) мекеме – бір жерде орналасқан және өндірістік қызметтің бір түрімен айналысатын немесе қосылған құн бағасының негізгі бөлігі маңызды бөлігіне ие кәсіпорын немесе кәсіпорын бөлігі;

      6) ұлттық шоттар жүйесі – шотты жүргізудің нақты ережелеріне және экономикалық теория принциптеріне негізделген макро деңгейдегі есепке сәйкес және экономикалық қызмет көрсеткіштерін санау бойынша халықаралық деңгейде келісілген стандартты жиынтық;

      7) физикалық белгідегі ағындар – натуралдық бірлікте өлшенетін айналымдар;

      8) физикалық белгідегі қорлар – натуралды бірлікте өлшенетін қазіргі уақыттағы активтер саны;

      9) экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің орталық негізі – экономика және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестігін, сондай-ақ экологиялық активтер қорының бар болуын және өзгеруін сипаттайтын көп мақсатты концептуалды негіз.

2-тарау. Экологиялық-экономикалық есеп жүйесінің орталық негізі
және құрылымы

      6. ЭЭЕЖ ресурстардың қорларын және ағындарын қамтитын экологиялық және экономикалық ақпаратты ұйымдастырдың жүйелі тәсілін қарастырады. Ақпарат экологиялық және экономикалық көрсеткіштерді сараптау үшін пайдаланады. Деректер кесте түрінде заттай және құндық түрде, сондай-ақ аралас форматта келтіріледі.

      7. ЭЭЕЖ деректер ағынының жүйесі (алғашқы деректерден шоттарға дейін) осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген. Осы сызбаға сәйкес экологиялық шот қоршаған орта статистикасының кең ауқымын қамтитын 12 шоттардан тұрады. Барлық экологиялық шоттар өзара байланысты.

      8. Экологиялық шот үш шоттар тобынан тұрады:

      1) Физикалық және гибридтік ағындық шоттар (1-топ) бес түрлі шоттан тұрады:

      атмосфераға шығарындылар шоты;

      суға төгінділер шоты;

      су ағыны шоты;

      энергетикалық және материалдық ағындық шоты;

      қалдықтар шоты.

      2) Табиғи ресурстар\активтер шоты (2-топ) келесі төрт шоттан тұрады:

      жер қабаты шоты;

      орман ресурстарының шоты;

      су қорының шоты;

      минералды және энергетикалық ресурстар шоты.

      3) Экологиялық қызмет шоты (3-топ) үш шот түрінен тұрады:

      қоршаған ортаға жұмсалған шығындар шоты;

      экологиялық салықтар және субсидиялар шоты;

      экологиялық тауарлар және қызмет секторы шоты.

      ЭЭЕЖ енгізудің модульдік және икемді тәсілі Ұлттық статистика қызметтеріне өздерінің мүдделеріне және алғашқы дерек көздерінің болуына байланысты экологиялық шоттарды кезеңмен енгізуге мүмкіндік береді. ЭЭЕЖ құрылымы оны бөлігімен де, толықтай да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

3-тарау. Ұлттық деңгейде экологиялық шотты құрастыру үшін
алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру

      9. ЭЭЕЖ орталық негізінің экологиялық шоттарын қалыптастыру кезінде қолданылатын алғашқы көрсеткіштер қоршаған орта статистикасын жүргізу үдерісінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының экологиялық көрсеткіштер жүйесі ресми статистикалық және әкімшілік дерек көздерінің негізінде қалыптастырылады.

      10. Халықаралық деңгейде салыстырмалы деректер алуға мүмкіндік беретін қоршаған ортаны қорғау статистикасы саласындағы көрсеткіштер жүйесі, жіктелімдер және есепке алулар Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық Экономика Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Европалық кеңестің статистикалық қызметі (ЕКСҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық бөлімінің (БҰҰСБ) ұсынымдарына негізделген.

      11. ЭЭЕЖ енгізу тәсілдеріне сәйкес ұлттық деңгейде кезеңмен келесі экологиялық шоттар енгізілуде:

      атмосфераға шығарындылар;

      қалдықтар;

      қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар.

      Осы әдістемеде аталған шоттарды құрастыру үшін алғашқы деректерді қалыптастыру үдерісінің қадамдары сипатталған.

1-параграф. Атмосфераға шығарындылар шотының алғашқы
көрсеткіштерін қалыптастыру

      12. Атмосфераға шығарындылар шоты (бұдан әрі – АШШ) экономикалық жүйедегі шаруашылық субъектілерден атмосфераға газ тәрізді және дисперстік материалдар ағынын тіркейді.

      13. Атмосфераға шығарындылар шотын құрастыру үшін қолданылатын негізгі алғашқы көрсеткіштер және оларды есептеу алгоритмі ұлттық ерекшеліктерді және деректердің болуын ескере отырып, осы Әдістемеге

      2-қосымшада келтірілген атмосфераға шығарындылар шотының құрылымына сәйкес анықталады.

      14. Атмосфераға шығарындылар өндіріс үдерістерінен, тұтыну және жиналу нәтижесінде мекемелер және үй шаруашылықтарының атмосфераға шығаратын газ тәріздес және қатты заттары болып табылады.

      15. Атмосфераға шығарындылар шоты стационарлық және жылжымалы ластау көздерінен атмосфераға ластайтын заттар шығарындылардың көлемі жөніндегі ақпаратты құрайды.

      16. Атмосфераға шығарындылар шотын есептеу антропогендік шығарындыларға, атмосфераға адам шығарған шығарындыларға баса назар аударылады және өлшеу (есептеу) әдісімен жүргізіледі. Табиғи көздерден атмосфераға шығарындылар (мысалы, вулкандар, орман өрті және басқалар) есепке алынбайды.

      17. Атмосфераға шығарындылар шоты өндірістік бірліктер тобы болып табылатын экономиканың барлық салаларын, сондай-ақ үй шаруашылықтарын қамтиды. Үй шаруашылықтарының тұтынуы тікелей атмосфераға шығарындылармен байланысты болған жағдайда олар салалардан бөлек тұтынушы ретінде қарастырылады. Үй шаруашылықтары атмосфераға тікелей шығарындыларды жіберетін ірі көздер болып табылады және атмосфераға шығарынды тұрғысынан үш ішкі классқа бөлінеді:

      көлік;

      жылыту/суыту;

      басқалары.

      18. Өндіріс, тұтыну және жинау үдерісі нәтижесінде атмосфераға шығарындылар бойынша деректер АШШ-да есепті жылға есептеледі. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған бақыланатын полигондардан атмосфераға шығарындылар өткен кезеңдерде өндіріс, тұтыну және жинау нәтижесіндегі шығарындыларды көрсетеді. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған бақыланатын қоқыс полигондардан атмосфераға шығарындылар көлемі атмосфераға шығарындыларды есептеу алгоритміне сәйкес экономика салалары бойынша шығарындылар көлемінде есептелмейді.

      19. Атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

      V(барлығы)=V(с) + V(ү)+V(п), ), (1)

      мұнда;

      V(барлығы) – атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі;

      V(с) – экономика салалары бойынша шығарындылар көлемі;

      V(ү) – үй шаруашылықтарынан шыққан шығарындылар көлемі;

      V(п) – коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін арналған бақыланатын қоқыс полигондарынан шыққан шығарындылар көлемі.

      20. Экономика салалары бойынша ластау заттарының шығарындыларының көлемі өндірістік бірліктегі экономикалық қызмет түрлері шығарындыларының жиынтығы ретінде анықталады:

      V(б)=V(аш)+ V(кө)+V(өө)+V(к)+ V(өс), (2)

      мұнда;

      V(б) – экономика салалары бойынша шығарындылардың көлемі;

      V(аш) – ауыл шаруашылығынан шығарындылар көлемі;

      V(кө) – кен өндіру өнеркәсібінен шығарындылар көлемі;

      V(өө) – өңдеу өнеркәсібінен шығарындылар көлемі;

      V(к) – көлік саласынан шығарындылар көлемі;

      V(өс) – өзге де салалардан шығарындылар көлемі.

      21. Үй шаруашылықтарының атмосфераға шығарындылар және энергетика статистикасының жалпымемлекеттік статистикалық байқауының деректері атмосфераға шығарындылар шотының көрсеткіштерін қалыптастыру үшін ақпараттың негізгі көздері болып табылады.

      22. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары көрсеткішін қалыптастыру үшін атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері қолданылады. Атмосфераға жалпы ластаушы шығарындыларына және тазарту құралдарының болуына қарамастан ауаны ластайтын тұрақты көздері бар шаруашылық субъектілері атмосфераға ластаушы затардың шығарындылары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бірлігі болып табылады.

      23. Стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары бойынша деректерді жинау Заңның 12-бабы 8-тармақшасына сәйкес "Ерекше ластаушы заттардың анықтамалығына" сай заттардың түрлері бойынша жүзеге асырылады.

      24. "Ерекше ластайтын заттардың анықтамалығында" атмосфераға шығарындылар шотын қамтитын ауаны ластаушы заттардың және дисперстік құрамдардың келесі негізгі түрлері келтірілген (қатты бөлшектер диаметрі 10 мкм (ҚБ10), қатты бөлшектер диаметрі 2,5 мкм (ҚБ2,5), күкіртті ангидрид (SO2), күкірт сутегі (H2S), көмір тотығы (CO), (NО2 есептегендегі) азот тотығы, аммиак, (ұшпалы органикалық және метан қоспаларынсыз (CH4)) көмірсутектер, ұшпалы органикалық қосылымдар (ҰОК)).

      25. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне" (бұдан әрі – ЭҚҚЖ) сәйкес атмосфераға ластаушы шығарындыларының көздері болып табылатын экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасады. Саланы нақтылау секция деңгейінде жүргізіледі.

      26. Жылжымалы көздерден атмосфераға шығарындылар бойынша ақпарат парниктік газдар бойынша ғана қалыптасады.

      27. Парниктік газдар бойынша әкімшілік көздерден әкімшілік деректері негізінде жыл сайын парниктік газдардың шығарындылары жөніндегі ақпарат қалыптастырылады. Есепті мұнайгаз, энергетика, тау металлургия, химия, парниктік газдар шығарындылары көміртек қостотығының жылына жиырма мың тонна эквивалентінен асатын құрылыс материалдарының өндірісі бөлігінде: цемент, әк, гипс және кірпіш өңдеу саласында қызметін жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушылары тапсырады.

      28. Атмосфераға шығарындылар есебінен ескерілетін парниктік газдардың алты түрі (CO2, N2O, CH4, ГФК, ПФК, SF6) бойынша әкімшілік деректер қалыптасады.

      29. Үй шаруашылығының тұтыну қызметі нәтижесі бойынша үй шаруашылығынан ластаушы заттардың шығарындылары келесі формула бойынша анықталады:

      V(ү)=V(кқ)+V(үж), (3)

      мұнда;

      V(ү) – үй шаруашылығынан шығарындылардың көлемі;

      V(кқ) – үй шаруашылығындағы көлік құралдарынан шығарындылардың көлемі;

      V(үж) – үй шаруашылығын жылытудан шығарындылардың көлемі.

      30. Үй шаруашылығындағы көлік құралдарынан шығарындылардың көлемі есеп жолымен келесі формула бойынша есептеледі:

      V(үк)= (Sкөлік\Pорт.баға)*K, (4)

      мұнда;

      V(үк) - үй шаруашылығындағы көлік құралдарынан шығарындылар көлемі;

      Sкөлік – үй шаруашылығындағы жеке көлік құралдары үшін жанар-жағар май материалдарына кеткен шығындар көлемі;

      Pорт.баға - белгілі бір отын түрлеріне орташа баға;

      K- шығарындылар коэффиценті.

      31. Үй шаруашылығындағы жеке көлік құралдар үшін жанар-жағар май материалдарына кеткен шығындардың көлемі күнделікті шығындарды есептеу бойынша тоқсандық жалпымемлекеттік статистикалық байқау нәтижелері бойынша қалыптастырылған, статистикалық ақпарат негізінде анықталады.

      Белгілі бір отын түрінің бағасы тұтыну тауарларының бағасына және ақылы қызметтерге ай сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде анықталады. Белгілі бір отын түріне орташа жылдық бөлшек бағаны есептеу орташа арифметикалық формула бойынша жүргізіледі.

      32.Атмосфераға шығарындыларды есептеу алгоритмі бірнеше кезеңнен тұратын шығарындыларды есептеудің жалпы моделіне негізделген:

      1) бірінші кезеңде әр отын бойынша үй шаруашылығындағы қолданылған отын көлемі (литрмен, тоннамен немесе мерт кубпен) анықталады;

      2) екінші кезеңде алынған отын көлемі қолданылатын шығарындылар коэффицентімен сәйкестігі үшін әр отын түріне бөлек жылу беру мүмкіндігін ескеріп терраджоульге ауыстырылады. Отын көлемін терраджоульге ауыстыру кезінде халықаралық стандарттар негізінде есептелген Қазақстан Республикасының Энергетика саласының ерекшелігін ескеріп бейімделген ұлттық өзгеру көэффиценттері бойынша Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының деректері қолданылады.

      3) үшінші кезеңде тераджольмен көрсетілген үй шаруашылығында отынның әр түрі жеке алынып, отынның көлемі қолданылған осы түрі бойынша шығарындылар коэффицентіне көбейтіледі.

      33. Үй шаруашылығының көлік құралдарынан парниктік газдар шығарындыларының көлемін анықтау үшін Климаттың өзгеруі бойынша Үкіметаралық сарапшылар тобында (бұдан әрі – КӨҮСТ 2006) келтірілген коэффиценттер қолданылады. Жол көліктері үшін CO2, N2O и CH4 бойынша шығарындылар коэффиценті осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.

      34. Үй шаруашылығын жылытудан ластаушы заттар шығарындыларының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

      V (үж)= (Sжылыту \ Рорт. баға)*k, (5)

      мұнда;

      V (үж) – үй шаруашылығын жылытудан шығарындылар көлемі;

      Sжылыту – үй шаруашылығын жылытуға кеткен шығын көлемі;

      Рорт. баға – белгілі бір отын түріне орташа жылдық бөлшек баға;

      k – шығарынды коэффиценті.

      35. Үй шаруашылығын жылытуға кеткен шығын көлемі тоқсан сайынғы үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылатын агрегатталған деректер негізінде анықталады. Отынның белгілі бір түріне баға тұтыну тауарлары және ақылы көрсетілетін қызметтер бағаларына ай сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізінде анықталады. Белгілі бір отын түріне орташа жылдық бөлшек баға есепті жылдың айлары бойынша нақты қалыптасқан бағадан қарапайым орташа арифметикалық ретінде есептеледі.

      36. Үй шаруашылығын жылытудан ластаушы заттардың шығарындыларының көлемін анықтау үшін ағымдық есепте КӨҮСТ 2006 Парниктік газдарды түгендеудің ұлттық басқарушы принциптерінде келтірілген шығарындылар коэффиценті қолданылады. CO2, N2O и CH4 шығарындылар коэффиценттері стационарлық жағу үшін осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.

      37. Коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін арнайы қоқыс полигондарынан V(п) парниктік газдар шығарындыларының көлемі бойынша ақпаратты климаттың өзгерісі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясына және Киоттық хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттеріне сай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қалыптастырады. Осы көрсеткіш бойынша ақпарат "Монреаль хаттамасымен реттелмейтін, көздерден анторпогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдарды жұтатын абсорбациялар туралы Ұлттық баяндамада" жарияланады.

      38. Барлық құралатын әдістерді анықтаған соң қарапайым қосу әдісімен әр зат бойынша жылына тоннамен атмосфералық ауаға шығарындылардың көлемі анықталады.

2-параграф. Қалдықтар шотының алғашқы көрсеткіштерін
қалыптастыру

      39. Қалдықтар шоты (бұдан әрі – ҚШ) қалдықтардың пайда болған немесе олармен айналым сәтін бастап қалдықтардың өндірісін және тұтынуын тіркейді.

      Бұл ретте өндіріс қалдықтарына кәсіпорынның шаруашылық қызмет үдерісінде пайда болған қалдықтар жатады. Тұтыну қалдықтарына адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде елдi мекендерде пайда болған коммуналдық қалдықтар және құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас басқа да қалдықтар жатады.

      40. Ұлттық ерекшелікті және деректердің бар болуын ескере отырып, осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген, қалдықтар шотының құрамына сәйкес қалдықтар шотын құрастыру үшін қажетті негізгі алғашқы көрсеткіштер анықталады.

      41. Қалдықтар шотындағы қалдықтар ақаба сулардан басқа қатты немесе сұйық қалпындағы материалдар жатады.

      42. Қалдықтар шотына қауіпті және қауіпсіз қалдықтардың түзілуі және айналымы жөніндегі ақпарат кіреді.

      43. Қалдықтардың түзілуі бұл өңдеу, кәдеге жарату және көму алдында қалдық ағынына түскен шикізат, материалдар мен азық-түлік қалдықтарының жалпы салмағы немесе көлемін білдіреді.

      44. Пайда болған қалдықтардың жалпы көлемін анықтау үшін келесі формула қолданылады:

      V(барлығы) = V(қ) + V(к) + V(и), (6)

      мұнда;

      V(барлығы) –қалыптасқан қалдықтардың жалпы көлемі;

      V(қ) – экономика салалары бойынша пайда болған өндірістік қалдықтардың көлемі;

      V(к) - пайда болған тұтыну қалдықтардың көлемі;

      V(и) - қалдықтар импортының көлемі.

      45. Қалдықтар және сауда бойынша жалпымемлекеттік статистикасының байқаудың деректері қалдықтардың пайда болу шотының көрсеткіштерін қалыптастыру үшін ақпараттың негізгі көзі болып табылады.

      46. Экономика салалары бойынша өндіріс қалдықтарының көлемі туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері негізінде жыл сайын қалыптастырылады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 13.12.2022 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсатында транс шекаралас тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясында қауіпті қалдықтардың 3 деңгейі белгіленеді:

      1) жасыл – G индексі;

      2) ашық сары - A индексі;

      3) қызыл - R индексі;

      48. Өндіріс қалдықтары туралы ақпарат жоғарыда аталған қауіптіліктің 3 деңгейі бойынша қалыптастырылады және: химиялық және медициналық қалдықтар, радиоактивті қалдықтар, металл қалдықтары, қайталама өңдеуге жарайтын металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдық және көлік құралдары, өсімдік және жануарлардан шыққан қалдықтар, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, минералды-топырақ қалдықтары, жану қалдықтары, өзге де қалдықтар деп топталады. Өндіріс қалдықтары бойынша деректерді қалыптастыру кезінде ЭҚЖЖ номенклатурасы экономикалық қызмет түрін сәйкестендіру үшін қолданылады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 13.12.2022 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Тұтыну қалдықтарының көлемі туралы деректерді қалыптастыру үшін коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері ақпараттық база болып табылады. Негізгі және (немесе) қосалқы қызмет түрлері ЭҚЖЖ - 38 болып табылатын шаруашылық субъектілері байқау объектісі болып табылады.

      50. Жиналған және шығарылған тұтыну қалдықтары қалыптасу көздері бойынша: үй шаруашылығының қалдықтары, саябақ қалдықтары, құрылыс қалдықтары, өндіріс қалдықтары (тұрмыстық қалдықтарға тең), көше қоқыстары, базар қалдықтары, басқа да қалдықтар болып бөлінеді.

      51. Тұтыну қалдықтары бойынша ақпарат материалдардың санаттары бойынша: металл, металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдықтар және көлік құралдары, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, өзге де қалдықтар болып топталады.

      52. Еуразия экономикалық одағының құрамына кіретін мүше-елдер арасында қалдықтардың импорт және экспорт көлемі бойынша деректер Еуразия Экономикалық одағының мүше-мемлекеттерінің озара тауар саудасы бойынша ай сайынғы статистикалық байқауы негізінде анықталады. Еуразия экономикалық одағының мүше-мемлекеттерімен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері статистикалық байқау бірлігі болып табылады.

      53. Еуразия экономикалық одағының мүшесі болып табылмайтын елдер арасындағы қалдықтардың импорты және экспортының көлемі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде анықталады.

      54. Қалдықтардың экспорты мен импортының көлемі бойынша ақпаратты топтау "ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына" (бұдан әрі – СЭҚТН ЕАЭО) сәйкес жүзеге асырылады.

      55. Барлық құрамы анықталғаннан соң, қарапайым қосу әдісімен қалыптасқан қалдықтардың көлемі анықталады. Қалыптасқан қалдықтардың жиынтық көлемі тоннамен өлшенеді.

      56. Қалдықтармен айналысу қалдықтардың пайда болуын ескерту және қалдықтардың пайда болуын төмендетуді қосқанда, есеп және бақылау, қалдықтарды жинау, сондай-ақ жинау, қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және жою бойынша қызметтер түрін білдіреді.

      57. Қауіпті қалдықтар бойынша әкімшілік көздердің әкімшілік деректері өндірістік қалдықтар айналымы жөніндегі ақпарат көзі болып табылады. Байқалатын бірліктердің кезеңділігі және аясы жөніндегі ақпарат осы Әдістемеге 46-тармақта келтірілген.

      58. Тұтыну қалдықтармен айналысу туралы ақпарат қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және сақтауға беру бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады. Аталған байқау бойынша байқалатын бірліктердің кезеңі және айналымы осы Әдістемеге 49-тармақта келтірілген.

      59. Қайта өңделген, кәдеге жаратылған және полигонда орналасқан қалдықтар тоннамен өлшенеді.

3-параграф. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар
шотының алғашқы көрсеткіштерін қалыптастыру

      60. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар шотын құрастыру үшін қолданылатын негізгі алғашқы көрсеткіштер ұлттық жағдайлар мен деректердің бар болуын ескеріп, осы Әдістемеге 6-қосымшада келтірілген қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар шотының (шартты мысал мың теңгемен) құрылымына сәйкес анықталады.

      61. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың көлеміне қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар және қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындар кіреді.

      62. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу заңнамасына сәйкес және "Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлерін және шығындарын жіктеу" (The Classification of Environmental Protection Activities and Expenditure" (СЕРА 2000)), "Ресурстарды басқару бойынша қызметтерді жіктеу" (Classification of Resource Management Activities (CReMA 2008)) және "Табиғатты қорғау қызмет түрлерінің жіктеуіші" (Classification of environmental activities (CEA 2011))" халықаралық жіктеуіштер негізінде әзірленген және бекітілген қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды басқару қызметінің түрлері және шығындарының ведомстволық жіктеуішіне (бұдан әрі – ҚОҚҚШ ж РБЖ) сәйкес қоршаған ортаны қорғау шығындарына жіктеледі. Осы жіктеуіш қоршаған ортаны қорғауды сипаттайтын қызмет түрлерін жіктеуге арналған.

      63. ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес қоршаған ортаны қорғауға өндірістік үдеріс немесе тауар мен қызметтерді пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген кез-келген шығынның алдын алу, төмендету және ластауды тоқтату бойынша мақсатты қызметтің барлық түрі кіреді және табиғатты қорғау қызметінің келесі тоғыз түрлерін:

      1) атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеру мәселелерін;

      2) ақаба суларды тазалауды;

      3) қалдықтармен жұмыс істеуді;

      4) топырақ, жер асты және жер үсті суларын қорғау және оңалтуды;

      5) шу және вибрациялық ықпалды төмендетуді;

      6) биоалуандық пен мекендеу ортасын сақтауды;

      7) радиация әсерінен қорғауды (сыртқы мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерін алып тастағанда);

      8) ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

      9) табиғат қорғау қызметінің басқа да бағыттарын біріктіреді.

      64. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар және ағымдық шығындар Экономикалық қызмет түрлері бойынша ЭҚЖЖ номенклатурасына және ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес табиғатты қорғау қызметі түрлерінің тоғыз бағыты бойынша топталады.

      65. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындардың көлемі анықтау үшін келесі формула қолданылады:

      V(барлығы) = V(инв)+ V(ағым. шығ.), (7)

      мұнда;

      V(барлығы) – қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар;

      V(инв) – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі қорларға инвестициялар;

      V(ағым.шығ.) – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ағымдық шығындар.

      66. Кәсіпорындардың статистикалық байқауында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі қорларға инвестициялар және ағымдық шығындар қоршаған ортаны қорғауға кеткен нақты шығындардың алғашқы есебінің деректері негізінде көрсетіледі.

      67. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар көлемі жөніндегі ақпарат инвестициялық қызмет туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалаптастырылады. Экономикалық қызмет түрлеріне қарамастан қоршаған ортаны қорғау бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері статистикалық байқау бірлігі болып табылады. Табиғатты қорғау қызмет түрлері бойынша шығындарды нақтылау ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес жүзеге асырылады.

      68. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға инвестицияларға барлық қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын барлық капиталдық салымдар жатады. Оларға жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қайта жабдықтауға, техникалық қайта жарақтану және объектілерді модернизациялау, көлік алу, жабдықтар, көлік құралдары және басқаларына шығындар кіреді.

      69. Қоршаған ортаны қорғау шығындары бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдық шығындар жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады. Экономикалық қызмет түріне қарамастан, табиғи ресурстарды пайдаланатын, ластаушы заттар мен өндірістік қалдықтардың шығарындылары мен төгінділері бар шаруашылық субъектілері статистикалық байқау бірлігі болып табылады. ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша ағымдық шығындар нақтыланады.

      70. Қоршаған ортаны қорғау бойынша ағымдық шығындарға қоршаған ортаның қорғау қызметімен байланысты шаруашылық субъектілерінің ағымдық (эксплуатациялық) шығындары жатады.

      Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметпен байланысты шаруашылық субъектілердің қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарға ағымдық (эксплуатациялық) шығындар жатады.

      Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың құрамына:

      қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі қорларды ұстау және пайдалану (олардың модернизациясына және қайта жаңғыртылуына кеткен шығындарды қоспағанда) табиғатты қорғау қорларын пайдалану кезінде қолданылатын шикізат, материалдар мен басқа да өнімдер, отын және электр энергиясы, осы қорларды ағымдағы жөндеуге, аталған қорларға қызмет көрсететін персоналды ұстауға жұмсалған шығындар, табиғатты қорғау имараттары және жабдықтарына қатысты сақтандыру бойынша төлемдер;

      өз күшімен өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, сақтау/көму және қайта өңдеу немесе залалсыздандыру, жою және орналастыруға жұмсалатын шығындар;

      қоршаған ортаға зиянды әсерлерді өз күшімен бақылау және мониторингілеу іс-шараларын ұйымдастыру, ғылыми-техникалық зерттеулер, ұйымда қоршаған ортаны қорғау қызметін басқару;

      бұрын жүргізілген шаруашылық қызметтер нәтижесінде бұзылған қоршаған ортаның сапасын сақтау және қалпына келтіру бойынша ағымдық іс-шаралар;

      қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету үшін өзге де ағымдық іс-шаралар бойынша шығындар кіреді.

      71. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша және ҚОҚҚШ ж РБЖ сәйкес табиғатты қорғау қызмет түрлерінің тоғыз бағыты бойынша топталады.

      72. Негізгі қорларға инвестицияларды және қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарды анықтағаннан кейін қарапайым қосу әдісімен жылына мың теңгемен қоршаған ортаға жұмсалған жалпы шығындар көлемі анықталады.

4-тарау. Деректерді редакциялау

      73. ҰШЖ-да экологиялық шотты құру үшін алғашқы деректердің көрсеткіштерін сапалы қалыптастыру мақсатында деректерді көп деңгейлі бақылау (редакциялау, түзету, импутация) жүйесі қолданылады. Көп деңгейлі бақылау өткізу экологиялық шотты құру үшін қажетті ақпарат ҰШЖ-да жалпымемлекеттік және ведомстволық статистика, әкімшілік деректері сияқты әр түрлі көздерден қалыптасуына байланысты қате және дәйекті емес деректерді табуға бағытталған маңызды іс шара болып табылады. Деректерді редакциялау және импутациялау микро және макро редакциялау деңгейінде жүзеге асырылады.

      74. Бақылау жолдары және әдістері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13626 болып тіркелген) "Өндіріс және қоршаған ортаны қорғау статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістемеге" (бұдан әрі – Редакциялау әдістемесі) негізделген.

      75. Атмосфераға шығарындылар және қалдықтар шоттары бойынша респондентттерді толығымен қамту статистикалық ақпарат ретінде ұсынылатын жалпы стандартты талаптар негізінде Редакциялау әдістемесіне сәйкес микроредакциялау деңгейінде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға кеткен ағымдық шығындар бойынша алғашқы көрсеткіштердің сапасы және дәйектілігін қамтамасыз ету деректерді қалыптастыру ерекшеліктерін ескере отырып, деректерді редакциялау жолымен жүзеге асырылады.

      76. Белгілі бір себептермен аумақтық органдар мамандарының зерттелетін қоршаған ортаны қорғау шығындары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша зерттелетін жиынтықтар (респонденттер) бойынша байқауды толық қамтуды қамтамасыз етпеуі қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарды қалыптастыру кезінде жіберілетін мүмкін болатын қате көздері болып табылады, себебі статистикалық байқау бойынша жеке каталогқа шаруашылық субъектілерінің барлық экономикалық қызмет түрлері кіреді.

      Жетіспейтін респонденттерді табу үшін сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, аңшылық пен аулау шығындары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар арасында бақылау жүзеге асырылады. Статистикалық нысандар арасындағы бақылау жеке каталогты салғастыру арқылы жүзеге асырылады. Импутация ережесі негізінде байқалатын бірліктер толық қамтамасыз етілмеген жағдайда статистикалық байқаудың жетіспеген бірліктері жеке каталогқа толтыру жолымен қателерді жөндеу жүзеге асырылады. Байқаудың жетіспеген бірліктерінің деректері жоғарыда аталған статистикалық нысандарының алғашқы деректерін ауыстыру жолымен қоршаған ортаға жұмсалған ағымдық шығындарға қосылады.

5. Деректерді тарату және жариялау

      77. Экологиялық шоттар бойынша және деректерді жариялау мен ақпараттарды ұсыну физикалық және құндық мәндерде кесте түрінде бөлек, сондай-ақ кешенді физикалық және құндық деректері бар, ақпарат келісілген форматта ұсынылған, деректерді аралас форматта (гибридтік кесте түрінде) ұсыну қарастырылған. Деректерді ұсыну белгілі бір тақырып бойынша (мысалы, атмосфераға шығарындылар, қалдықтар және қоршаған ортаға жұмсалған шығындар) ақпараттың кең спекторын қамтиды, түрлі тақырыптар бойынша ақпаратты салыстырады, сондай-ақ физикалық болсын, құндық болсын деректерді қолданатын көрсеткіштерді шығарады.

      78. ҰШЖ экологиялық шотты құрастыру кезінде қолданылатын жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылатын ақпарат алдын ала бекітілген ақпаратты шығару мерзіміне сәйкес жарияланады. Ақпарат барлық пайдаланушылар үшін бір уақытта Комитеттің интернет-ресурсында статистикалық бюллетендер, жедел-ақпараттар, баспасөз хабарламалары және жинақтар түрінде орналастырылады.

      Әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын статистикалық ақпарат мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында жарияланады.

      Жарияланымда пайдаланушылар үшін қысқаша әдіснамалық түсініктемелер қоса шығарылады.

  Ұлттық шоттар жүйесінде
экологиялық шоттарды
құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 1-қосымша

ЭЭЕЖ деректер ағынының жүйесі

      (алғашқы деректерден шоттарға)



  Ұлттық шоттар жүйесінде
экологиялық шоттарды
құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 2-қосымша

Атмосфералық шығарындылар шотының құрылымы
(шартты мысал тоннамен)



  Ұлттық шоттар жүйесінде
экологиялық шоттарды
құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 3-қосымша

Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша
CO2, N2O и CH4 шығарындылар коэффициенттері

Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша CO2, N2O и CH4 шығарындылар коэффициенттері және белгісіздік диапазондары

Отынның түрі

Үнсіз келісім бойынша (кг/ТДж)

Төменгі

Жоғарғы

Автомобиль бензині

69 300

67 500

73 000

Бензин/ дизель отыны

74 100

72 600

74 800

Сұйылтылған мұнай газы

63 100

61 600

65 600

Керосин

71 900

70 800

73 700

Майлау материалдары

73 300

71 900

75 200

Сығылған табиғи газ

56 100

54 300

58 300

Сұйылтылған табиғи газ

56 100

54 300

58 300


Жол көліктері үшін үнсіз келісім бойынша N2O и CH4 шығарындылар коэффициенттері

Отынның түрі / Көлік құралдарының репрезентативті санаты

CH4

(кг/ТДж)

N2O

(кг/ТДж)

Үнсіз келісім бойынша

Төменгі

Жоғарғы

Үнсіз келісім бойынша

Төменгі

Жоғарғы

Автомобиль бензині – бақыланбайтын

33

9,6

110

3,2

0,96

11

Автомобиль бензині – тотығу катализаторы

25

7,5

86

8,0

2,6

24

Автомобиль бензині – жүріп өткен жолы аз жеңіл жүк көлігі, 1995 жылғы немесе кейін өндірілген

3,8

1,1

13

5,7

1,9

17

Бензин/ дизель отыны

3,9

1,6

9,5

3,9

1,3

12

Табиғи газ

92

50

1540

3

1

77

Сұйылтылған мұнай газы

62

нд

нд

0,2

нд

нд

Этанол, жүк көлігі, АҚШ

260

77

880

41

13

123

Этанол, автомобильдер, Бразилия

18

13

84

нд

нд

нд

  Ұлттық шоттар жүйесінде
экологиялық шоттарды
құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 4-қосымша

Тұрақты өртеу үшін үнсіз келісім бойынша
CO2, N2O и CH4 шығарындылар коэффициенттері

Коммуналдық/ауыл/орман/балық шаруашылығы және балық өсірушілік санаттарындағы

Тұрақты өртеу үшін үнсіз келісім бойынша шығарындылар коэффициенттері

(төменгі жану жылуы негізінде ТДж-ға парниктік газдың кг)

Отын

CO2

CH4

N2O

Шығар. Коэфф. ҮКБ

Төменгі шек

Жоғарғы шек

Шығар. Коэфф. ҮКБ

Төменгі шек

Жоғарғы шек

Шығар. Коэфф. ҮКБ

Төменгі шек

Жоғарғы шек

Шикі мұнай

73 300

71 100

75 500

10

3

30

0,6

0,2

2

Оримульсия

r 77 000

69 300

85 400

10

3

30

0,6

0,2

2

Сұйылтылған табиғи газ

r 64 200

58 300

70 400

10

3

30

0,6

0,2

2

Бензин

Автобензин

r 69 300

67 500

73 000

10

3

30

0,6

0,2

2

Авиабензин

r 70 000

67 500

73 000

10

3

30

0,6

0,2

2

Реактивті қозғалт-қыштарға арналған бензин

r 70 000

67 500

73 000

10

3

30

0,6

0,2

2

Реактивті қозғалт-қыштарға арналған керосин

r 71 500

69 700

74 400

10

3

30

0,6

0,2

2

Керосинның б.т.

71 900

70 800

73 700

10

3

30

0,6

0,2

2

Тақтас майы

73 300

67 800

79 200

10

3

30

0,6

0,2

2

Газойль/Диз.

отын

74 100

72 600

74 800

10

3

30

0,6

0,2

2

Өртенгіш мазут

77 400

75 500

78 800

10

3

30

0,6

0,2

2

Сұйылтылған мұнай газы

63 100

61 600

65 600

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Этан

61 600

56 500

68 600

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Нафта

73 300

69 300

76 300

10

3

30

0,6

0,2

2

Битум

80 700

73 000

89 900

10

3

30

0,6

0,2

2

Майлау материалдары

73 300

71 900

75 200

10

3

30

0,6

0,2

2

Мұнай коксы

r 97 500

82 900

115 000

10

3

30

0,6

0,2

2

Қайта өңделген мұнай шикізаты

73 300

68 900

76 600

10

3

30

0,6

0,2

2

Басқа да мұнай өнімдері

Мұнай зауыттық газ

n 57 600

48 200

69 000

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Қатты парафиндер

73 300

72 200

74 400

10

3

30

0,6

0,2

2

Уайтспирит және СОТК

73 300

72 200

74 400

10

3

30

0,6

0,2

2

Басқа мұнай өнімдері

73 300

72 200

74 400

10

3

30

0,6

0,2

2

Антрацит

98 300

94 600

101 000

300

100

900

1,5

0,5

5

Кокс. көмір

94 600

87 300

101 000

300

100

900

1,5

0,5

5

Битумды көмірдің басқа түрлері

94 600

89 500

99 700

300

100

900

1,5

0,5

5

Жартылай битумды көмір

96 100

92 800

100 000

300

100

900

1,5

0,5

5

Лигнит

101 000

90 900

115 000

300

100

900

1,5

0,5

5

Жанғыш тақтатас және битум құмы

107 000

90 200

125 000

300

100

900

1,5

0,5

5

Брикеттелген қоңыр көмір

n 97 500

87 300

109 000

n 300

100

900

1,5

0,5

5

Патенттелген отын

97 500

87 300

109 000

300

100

900

1,5

0,5

5

Кокс

Пеш және лигнит коксы

r 107 000

95 700

119 000

300

100

900

n 1,5

0,5

5

Газды кокс

r 107 000

95 700

119 000

r 5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Көмір қарамайы

n 80 700

68 200

95 300

n 300

100

900

r 1,5

0,5

5

Туынды газдар

Зауыттық газ

n 44 400

37 300

54 100

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Кокстық газ

n 44 400

37 300

54 100

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Домна газы

n 260 000

219 000

308 000

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Балқыту пештерінің оттек газы

n 82 000

145 000

202 000

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Табиғи газ

56 100

54 300

58 300

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Тұрмыстық қалдықтар (биологиялық емес фракциялар)

n 91 700

73 300

121 000

300

100

900

4

1,5

15

Өндіріс қалдықтары

n 143 000

110 000

183 000

300

100

900

4

1,5

15

Мұнай қалдықтары

n 73 300

72 200

74 400

300

100

900

4

1,5

15

Шымтезек

106 000

100 000

108 000

n 300

100

900

n 1,4

0,5

5

Қатты отын

Сүрек/сүрек қалдықтары

n 112 000

95 000

132 000

300

100

900

4

1,5

15

Сақар (Қара сақар)

n 95 300

80 700

110 000

n 3

1

18

n 2

1

21

Алғашқы қатты биомассаның басқа түрлері

n 100 000

84 700

117 000

300

100

900

4

1,5

15

Ағаш көмірі

n 112 000

95 000

132 000

200

70

600

1

0,3

3

Сұйық отын

Биобензин

n 70 800

59 800

84 300

10

3

30

0,6

0,2

2

Био-дизотыны

n 70 800

59 800

84 300

10

3

30

0,6

0,2

2

Сұйық био отынның басқа түрлері

n 79 600

67 100

95 300

10

3

30

0,6

0,2

2

Биогаз

Газ органикалық қалдықтардан

n 54 600

46 200

66 000

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Кәріз жүйесінің газы

n 54 600

46 200

66 000

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Басқа биогаздар

n 54 600

46 200

66 000

5

1,5

15

0,1

0,03

0,3

Өзге де

Тұрмыстық қалдықтар

(биомасса фракциясы)

n 100 000

84 700

117 000

300

100

900

4

1,5

15

  Ұлттық шоттар жүйесінде
экологиялық шоттарды
құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 5-қосымша

Қалдықтар шотының құрылымы (шартты мысал тоннамен)





  Ұлттық шоттар жүйесінде
экологиялық шоттарды
құрастыру үшін қажетті
алғашқы көрсеткіштерді
қалыптастыру бойынша
әдістемеге 6-қосымша

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар шотының
құрылымы (шартты мысал мың теңгемен)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады