ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағы бекітілсін.";
осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
|
А. Куантыров
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы
|
С. Жарасбаев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 136 мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 380 бірлескен бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына 1-1-қосымша |
Лотерея және лотерея қызметінің операторына арналған Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және лотерея және лотерея қызметі саласындағы бақылау субъектілерін іріктеу үшін және оларды бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі – қызметі бақыланатын лотереяларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2) болмашы бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар, оларды сақтамау жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндірмейді;
3) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу, оларды сақтамау жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі қатер төндірмейді;
4) өрескел бұзушылықтар –жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарының, заңды мүдделерінің елеулі бұзылуына әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзу.
5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемдер бойынша алынатын мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
4. Мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау үшін негіз болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектінің) бару арқылы профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекелдік дәрежесі бар бақылау субъектісінің басымдықтарын ескере отырып жасалады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
8. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлерді айқындау арқылы қалыптастырылады.
10. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
1-Параграф. Объективті өлшемшарттар
11. Лотерея және лотерея қызметі саласында тәуекелдің жоғары дәрежесіне жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекелдері жатады.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне лотерея және лотерея қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі) жатады.
2-Параграф. Субъективті өлшемшарттар
12. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы туралы деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
13. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектісін анықтау үшін қажет.
Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) бақылау субъектіге (объектіге) алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
4) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
14. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің өрескел, елеулі және елеусіз тобына жатқызу осы Өлшемшарттардың қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
15. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектісіне қатысты оны мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу
16. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.
|
Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
№ р/с
|
Өлшемшарттар
|
Бұзушылық дәрежесі
|
1. Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
|
1
|
Лотерея операторының таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинауды, қалыптастыруды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы және оны айына кемінде бір рет лотерея ақпаратын өңдеу орталығы арқылы лотерея есептілігі орталығына табыс етпеуі
|
болмашы
|
2. Бақылау субъектіге алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері
|
1
|
Лотерея операторының тапсырма шартының талаптарында тек қана он сегіз жасқа толған жеке тұлғалар арасында лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу) бойынша лотерея таратушының (агенттің) міндеттемесінің болуы жөніндегі талапты сақтамауы
|
өрескел
|
2
|
Лотерея операторының тапсырма шартының талаптарында лотерея таратушының (агенттің) лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеу жөніндегі міндеттемесінің болуы жөніндегі талапты сақтауы
|
өрескел
|
3
|
Лотерея операторының лотереяны өткізу шарттарын және лотереяға қатысушы сатып алған лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың негізінде ұтысты төлеу жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
өрескел
|
4
|
Лотерея операторының ұтқан лотерея қатысушысы туралы мәліметтерді, егер оның жазбаша келісімі алынбаса, жария етпеу жөніндегі талапты сақтамауы
|
елеулі
|
5
|
Лотерея операторының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ұйымдастырылатын және өткізілетін лотереялардан басқа, Қазақстан Республикасында өзге де лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
елеулі
|
6
|
Лотерея операторының лотереялар түрінде құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізуге жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
елеулі
|
7
|
Лотерея операторының лотерея өткізуден басқа кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы талапты сақтауы
|
елеулі
|
8
|
Лотерея операторының лотереяны таратушымен (агентпен), атап айтқанда жеке кәсіпкермен немесе лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды сыйақы үшін таратуды (өткізуді), ұтыс лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тексеруді, сондай-ақ лотерея операторының атынан және оның есебінен ұтыстарды төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлғамен тапсырма шартын жасасу жөніндегі талапты сақтамауы
|
болмашы
|
9
|
Лотерея операторының лотерея терминалдары модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
өрескел
|
10
|
Лотерея операторының Қазақстан Республикасының аумағында лотерея ақпаратын өңдеу орталығының орналасуы бойынша талаптарды сақтамауы
|
елеулі
|
11
|
Лотерея операторының лотерея ақпаратын өңдеу орталығына және лотерея есептілігі орталығына ақпаратты жоғалтудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, рұқсат етілмеген қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру жөніндегі іс-әрекеттерден және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
елеулі
|
12
|
Лотерея операторының лотерея жабдығына қойылатын талаптарды сақтамауы:
техникалық сипаттамалар жүлде қорын ұтыс ойыны кезінде ұтыстарды бөлудің кездейсоқтығын қамтамасыз етуі тиіс;
жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу нәтижесін осындай ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін жасырын мүмкіндіктер және (немесе) рәсімдер мен алгоритмдер болмауға тиіс;
байланыс желісі бойынша лотерея терминалдарымен қосылмауға тиіс
|
өрескел
|
13
|
Лотерея операторының мынадай мәліметтерді қамтитын лотереяны өткізу шарттарын әзірлеу және бекіту жөніндегі талаптарды сақтамауы:
1) лотереяның атауы;
2) лотерея өткізу тәсілінің, аумағының және технологиясының, сондай-ақ жүлде қорын қалыптастыру тәсілінің көрсету;
3) орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген лотерея операторының атауы;
4) лотереяны өткізілетін мерзімдері;
5) лотерея тұжырымдамасының сипаттамасы;
6) лотереяның ұйымдастырушылық-технологиялық сипаттамасы;
7) лотереяға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
8) ұтты деп танылған лотереяға қатысушыға ұтысты төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға сараптама жүргізу мерзімдері
9) лотереяға қатысушыларды лотереяға қатысу қағидалары және жүлде қорын ұтысқа салу нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі;
10) лотерея билеттерін, түбіртіктерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу) тәртібі;
11) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
12) ұтыстың мөлшері мен нысанын (ақшалай немесе заттай);
13) жүлде қорының жоспарланып отырған мөлшері;
14) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібін, ұтыстарды айқындау алгоритмін, бас жүлдені (бар болса) қалыптастыру мен ұтысқа салу қағидалары
|
өрескел
|
14
|
Лотерея операторының лотерея операторы бекіткен лотереяны өткізу шарттарының түпнұсқа данасын Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жіберу және лотереяны өткізу шарттарын оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша міндеттемені сақтамауы
|
елеулі
|
15
|
Лотерея операторының сатылған лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе нақты лотереяның өзге де құжаттарынан түскен түсімнің кемінде елу пайызы мөлшерінде не өз қаражаты есебінен жүлде қорын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді сақтамауы
|
өрескел
|
16
|
Лотерея операторының тираждық лотереяның жүлде қорын оны ойнату басталғанға дейін қалыптастыру жөніндегі талапты сақтамауы
|
өрескел
|
17
|
Лотерея операторының лотереяға қатысушылар алдындағы ұтыстарды төлеу жөніндегі, сондай-ақ жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден өзгеше пайдалану жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жүлде қорына қандай да бір міндеттемелермен ауыртпалық салуға тыйым салу жөніндегі талапты сақтауы
|
өрескел
|
18
|
Лотерея операторының жүлде қорын (бас жүлдені) бірнеше тираж бойына жинақтап қалыптастыру қағидаты өткізу шарттарында пайдаланылатын тираждық лотереяны қоспағанда, тираждық лотереяның жүлде қоры оған қатысы бар тираж шеңберінде толығымен ұтысқа салу бойынша талаптарды сақтамауы
|
өрескел
|
19
|
Лотерея операторының лотерея өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылған лотереяға қатысушыға лотерея өткізу шарттарына сәйкес ұтыстарды мөлшері мен нысанында (ақшалай немесе заттай) төлеу жөніндегі талапты сақтамауы (ұтыстарды төлеу тиісті таралым өткізілгеннен кейін отыз күн мерзімнен кешіктірілмей басталуы және нәтижелері жарияланған сәттен бастап кемінде алты ай жалғасуы тиіс (жүлде қорының ұтыс ойыны)).
|
өрескел
|
20
|
Лотерея операторының лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды тиісті тираждың (жүлде қорының ұтыс ойынының) нәтижелері жарияланған кезден бастап үш жыл ішінде сақтау жөніндегі талапты сақтамауы, содан кейін олар салық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есептеледі
|
өрескел
|
21
|
Электрондық нысанды қоспағанда, лотерея билеттеріндегі, түбіртектердегі немесе өзге де құжаттардағы төмендегідей міндетті ақпараттың мазмұны бойынша талапты сақтамау:
1) лотереяның атауы;
2) лотерея операторының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы;
3) тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін);
4) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі;
5) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
6) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін);
7) ұтысты алу орны мен мерзімі туралы деректер;
8) жүлде қорының мөлшері
|
елеулі
|
22
|
Лотерея операторының лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың электрондық нысанына міндетті ақпараттың мазмұны бойынша талапты сақтамауы:
1) лотерея операторының атауы;
2) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі;
3) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
4) лотерея операторының орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, лотереяның атауы, тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін), ұтысты алу орны мен мерзімдері, жүлде қорының мөлшері туралы кеңейтілген ақпаратқа қол жеткізуге сілтеме
|
болмашы
|
23
|
Лотерея операторының лотерея билеттерінде, түбіртектерде немесе өзге де құжаттарда қамтылған ақпараттың орфография және түпнұсқалық аударма нормаларының талаптарын сақтамауы
|
елеулі
|
24
|
Лотерея операторының тираждық лотереяның жүлде қорын кездейсоқ түрде ұтқан лотерея комбинациясын генерациялау жолымен лотерея жабдығымен ұтыс ойынын жүзеге асыру бойынша талапты сақтамауы, оны лотерея қатысушысы өз ұтысын анықтау мақсатында осы ұтыс ойынындағы лотерея комбинациясымен салыстыруға тиіс
|
өрескел
|
25
|
Лотерея операторының тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу кезінде тираждық комиссия құру жөніндегі талапты сақтамауы
|
елеулі
|
26
|
Лотерея операторының ұтыстарды телеарнада тікелей эфирде немесе интернет желісінде айқындау рәсімін көрсете отырып, тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын трансляциялауды қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтамауы
|
өрескел
|
27
|
Лотерея операторының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында үш жұмыс күні ішінде жүлде қорының және лотерея билеттері, түбіртектер немесе тираждық лотереяның өзге де құжаттары бойынша ұтыстардың әрбір ұтыс ойынының нәтижелерін жариялау жөніндегі талапты сақтамауы немесе лотерея операторының интернет-ресурсында көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап он екі сағат ішінде орналастыруы
|
елеулі
|
28
|
Лотерея операторының тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған жағдайда, бас жүлдені қоса алғанда, жүлде қорын толық ойнату бойынша талаптарды сақтамауы
|
өрескел
|
29
|
Лотерея операторының дене шынықтыруды және спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын спортты дамытуға тоқсан сайын бағыттау міндетін сақтамауы
|
өрескел
|
30
|
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау
|
болмашы
|
31
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)
|
елеулі
|
32
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау
|
өрескел
|
33
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау)
|
өрескел
|
34
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)
|
өрескел
|
35
|
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы
|
өрескел
|
36
|
Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
|
өрескел
|
37
|
Қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасы
|
болмашы
|
38
|
Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауы
|
өрескел
|
39
|
Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы
|
өрескел
|
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері
|
1
|
Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу фактілері бар мемлекеттік органдардан алынған мәліметтердің болуы
|
өрескел
|
4. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны
|
1
|
Бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан бір шағымның болуы
|
елеулі
|
2
|
Бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардан 2 (екі) және одан да көп шағымдардың болуы
|
өрескел
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 136 мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 380 бірлескен бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________
_________________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _______________________
__________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________
__________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/c
|
Талаптар тізімі
|
Талаптарға сәйкес келеді
|
Талаптарға сәйкес келмейді
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Лотерея операторының тапсырма шартының талаптарында тек қана он сегіз жасқа толған жеке тұлғалар арасында лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу) бойынша лотерея таратушының (агенттің) міндеттемесінің болуы жөніндегі талапты сақтамауы
|
|
|
2
|
Лотерея операторының тапсырма шартының талаптарында лотерея таратушының (агенттің) лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеу жөніндегі міндеттемесінің болуы жөніндегі талапты сақтауы
|
|
|
3
|
Лотерея операторының лотереяны өткізу шарттарын және лотереяға қатысушы сатып алған лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың негізінде ұтысты төлеу жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
|
|
4
|
Лотерея операторының ұтқан лотерея қатысушысы туралы мәліметтерді, егер оның жазбаша келісімі алынбаса, жария етпеу жөніндегі талапты сақтамауы
|
|
|
5
|
Лотерея операторының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ұйымдастырылатын және өткізілетін лотереялардан басқа, Қазақстан Республикасында өзге де лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
|
|
6
|
Лотерея операторының лотереялар түрінде құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізуге жол бермеу жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
|
|
7
|
Лотерея операторының лотерея өткізуден басқа кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы талапты сақтауы
|
|
|
8
|
Лотерея операторының лотереяны таратушымен (агентпен), атап айтқанда жеке кәсіпкермен немесе лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды сыйақы үшін таратуды (өткізуді), ұтыс лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тексеруді, сондай-ақ лотерея операторының атынан және оның есебінен ұтыстарды төлеуді жүзеге асыратын заңды тұлғамен тапсырма шартын жасасу жөніндегі талапты сақтамауы
|
|
|
9
|
Лотерея операторының лотерея терминалдары модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
|
|
10
|
Лотерея операторының Қазақстан Республикасының аумағында лотерея ақпаратын өңдеу орталығының орналасуы бойынша талаптарды сақтамауы
|
|
|
11
|
Лотерея операторының лотерея ақпаратын өңдеу орталығына және лотерея есептілігі орталығына ақпаратты жоғалтудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, рұқсат етілмеген қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру жөніндегі іс-әрекеттерден және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы
|
|
|
12
|
Лотерея операторының лотерея жабдығына қойылатын талаптарды сақтамауы:
техникалық сипаттамалар жүлде қорын ұтыс ойыны кезінде ұтыстарды бөлудің кездейсоқтығын қамтамасыз етуі тиіс;
жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу нәтижесін осындай ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін жасырын мүмкіндіктер және (немесе) рәсімдер мен алгоритмдер болмауға тиіс;
байланыс желісі бойынша лотерея терминалдарымен қосылмауға тиіс
|
|
|
13
|
Лотерея операторының мынадай мәліметтерді қамтитын лотереяны өткізу шарттарын әзірлеу және бекіту жөніндегі талаптарды сақтамауы:
1) лотереяның атауы;
2) лотерея өткізу тәсілінің, аумағының және технологиясының, сондай-ақ жүлде қорын қалыптастыру тәсілінің көрсету;
3) орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген лотерея операторының атауы;
4) лотереяны өткізілетін мерзімдері;
5) лотерея тұжырымдамасының сипаттамасы;
6) лотереяның ұйымдастырушылық-технологиялық сипаттамасы;
7) лотереяға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
8) ұтты деп танылған лотереяға қатысушыға ұтысты төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға сараптама жүргізу мерзімдері
9) лотереяға қатысушыларды лотереяға қатысу қағидалары және жүлде қорын ұтысқа салу нәтижелері туралы хабардар ету тәртібі;
10) лотерея билеттерін, түбіртіктерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу) тәртібі;
11) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
12) ұтыстың мөлшері мен нысанын (ақшалай немесе заттай);
13) жүлде қорының жоспарланып отырған мөлшері;
14) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібін, ұтыстарды айқындау алгоритмін, бас жүлдені (бар болса) қалыптастыру мен ұтысқа салу қағидалары
|
|
|
14
|
Лотерея операторының лотерея операторы бекіткен лотереяны өткізу шарттарының түпнұсқа данасын Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жіберу және лотереяны өткізу шарттарын оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша міндеттемені сақтамауы
|
|
|
15
|
Лотерея операторының сатылған лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе нақты лотереяның өзге де құжаттарынан түскен түсімнің кемінде елу пайызы мөлшерінде не өз қаражаты есебінен жүлде қорын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді сақтамауы
|
|
|
16
|
Лотерея операторының тираждық лотереяның жүлде қорын оны ойнату басталғанға дейін қалыптастыру жөніндегі талапты сақтамауы
|
|
|
17
|
Лотерея операторының лотереяға қатысушылар алдындағы ұтыстарды төлеу жөніндегі, сондай-ақ жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден өзгеше пайдалану жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жүлде қорына қандай да бір міндеттемелермен ауыртпалық салуға тыйым салу жөніндегі талапты сақтауы
|
|
|
18
|
Лотерея операторының жүлде қорын (бас жүлдені) бірнеше тираж бойына жинақтап қалыптастыру қағидаты өткізу шарттарында пайдаланылатын тираждық лотереяны қоспағанда, тираждық лотереяның жүлде қоры оған қатысы бар тираж шеңберінде толығымен ұтысқа салу бойынша талаптарды сақтамауы
|
|
|
19
|
Лотерея операторының лотерея өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылған лотереяға қатысушыға лотерея өткізу шарттарына сәйкес ұтыстарды мөлшері мен нысанында (ақшалай немесе заттай) төлеу жөніндегі талапты сақтамауы (ұтыстарды төлеу тиісті таралым өткізілгеннен кейін отыз күн мерзімнен кешіктірілмей басталуы және нәтижелері жарияланған сәттен бастап кемінде алты ай жалғасуы тиіс (жүлде қорының ұтыс ойыны)).
|
|
|
20
|
Лотерея операторының лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды тиісті тираждың (жүлде қорының ұтыс ойынының) нәтижелері жарияланған кезден бастап үш жыл ішінде сақтау жөніндегі талапты сақтамауы, содан кейін олар салық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есептеледі
|
|
|
21
|
Электрондық нысанды қоспағанда, лотерея билеттеріндегі, түбіртектердегі немесе өзге де құжаттардағы төмендегідей міндетті ақпараттың мазмұны бойынша талапты сақтамау:
1) лотереяның атауы;
2) лотерея операторының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы;
3) тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін);
4) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі;
5) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
6) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін);
7) ұтысты алу орны мен мерзімі туралы деректер;
8) жүлде қорының мөлшері
|
|
|
22
|
Лотерея операторының лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың электрондық нысанына міндетті ақпараттың мазмұны бойынша талапты сақтамауы:
1) лотерея операторының атауы;
2) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі;
3) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың бағасы;
4) лотерея операторының орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, лотереяның атауы, тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін), ұтысты алу орны мен мерзімдері, жүлде қорының мөлшері туралы кеңейтілген ақпаратқа қол жеткізуге сілтеме
|
|
|
23
|
Лотерея операторының лотерея билеттерінде, түбіртектерде немесе өзге де құжаттарда қамтылған ақпараттың орфография және түпнұсқалық аударма нормаларының талаптарын сақтамауы
|
|
|
24
|
Лотерея операторының тираждық лотереяның жүлде қорын кездейсоқ түрде ұтқан лотерея комбинациясын генерациялау жолымен лотерея жабдығымен ұтыс ойынын жүзеге асыру бойынша талапты сақтамауы, оны лотерея қатысушысы өз ұтысын анықтау мақсатында осы ұтыс ойынындағы лотерея комбинациясымен салыстыруға тиіс
|
|
|
25
|
Лотерея операторының тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу кезінде тираждық комиссия құру жөніндегі талапты сақтамауы
|
|
|
26
|
Лотерея операторының ұтыстарды телеарнада тікелей эфирде немесе интернет желісінде айқындау рәсімін көрсете отырып, тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын трансляциялауды қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтамауы
|
|
|
27
|
Лотерея операторының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында үш жұмыс күні ішінде жүлде қорының және лотерея билеттері, түбіртектер немесе тираждық лотереяның өзге де құжаттары бойынша ұтыстардың әрбір ұтыс ойынының нәтижелерін жариялау жөніндегі талапты сақтамауы немесе лотерея операторының интернет-ресурсында көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап он екі сағат ішінде орналастыруы
|
|
|
28
|
Лотерея операторының тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған жағдайда, бас жүлдені қоса алғанда, жүлде қорын толық ойнату бойынша талаптарды сақтамауы
|
|
|
29
|
Лотерея операторының дене шынықтыруды және спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан, тіркелген лотерея мөлшерлемелерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын спортты дамытуға тоқсан сайын бағыттау міндетін сақтамауы
|
|
|
30
|
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтамау
|
|
|
31
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсынбау (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей)
|
|
|
32
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбау
|
|
|
33
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау)
|
|
|
34
|
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсынбау (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады)
|
|
|
35
|
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларының болмауы
|
|
|
36
|
Ішкі бақылау қағидаларында мынадай бағдарламалардың болмауы:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы; клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
|
|
|
37
|
Қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасы
|
|
|
38
|
Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауы
|
|
|
39
|
Ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөнінде шаралар қолданбау және (немесе) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) мүлікпен операцияларды мұздату жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынбау фактілерінің болуы
|
|
|
Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ____________________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы __________________________ ______________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)