Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Национальным военно-патриотическим центром Вооруженных Сил Республики Казахстан и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг)

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 апреля 2023 года № 384. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2023 года № 32375

      В соответствии с пунктом 2 статьи 70 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Национальным военно-патриотическим центром Вооруженных Сил Республики Казахстан, расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг).

      2. Национальному военно-патриотическому центру Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны Республики Казахстан Р. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр обороны
Республики Казахстан
от 27 апреля 2023 года № 384

Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Национальным военно-патриотическим центром Вооруженных Сил Республики Казахстан и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Национальным военно-патриотическим центром Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – НВПЦ ВС РК) расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг) (далее – Правила) определяют порядок оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) НВПЦ ВС РК и расходования им денег от реализации товаров (работ, услуг).

      2. НВПЦ ВС РК предоставляет на платной основе следующие товары (работы, услуги):

      1) проведение видеосъемок;

      2) услуги по организации и проведению мероприятий с физическими и юридическими лицами, не имеющими ведомственной принадлежности к Вооруженным Силам (организация и проведение концертов, торжественных мероприятий и приемов, форумов, конференций и киносъ емок);

      3) услуги ведущих творческих коллективов;

      4) выступления артистов на мероприятиях;

      5) услуга по предоставлению концертного зала для проведения мероприятий;

      6) услуга по предоставлению зала "Атриум" для проведения мероприятий;

      7) услуга по предоставлению "Салтанат Зала" для проведения мероприятий;

      8) услуга по предоставлению "Конференц Зала" и пресс зоны для проведения мероприятий;

      9) услуга по предоставлению кинозала для проведения мероприятий;

      10) выступление военного оркестра;

      11) аренда светового оборудования;

      12) аренда LED экрана;

      13) репетиторских услуг.

Глава 2. Порядок оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)

      3. Оказание платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) юридическим лицам осуществляется на договорной основе в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, физическим и юридическим лицам в соответствии с произведенной оплатой товаров (работ, услуг).

      4. Деньги, поступающие от реализации платных товаров (работ, услуг), указанных в пункте 2 настоящих Правил, зачисляются на контрольные счета наличности (далее – счет платных услуг) и расходуются в соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9934) (далее – приказ № 540).

      5. Прием наличных денег производится через кассу НВПЦ ВС РК, а также по безналичному расчету путем перечисления на счет платных услуг.

      6. Средства, поступающие от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:

      1) организацию и проведение мероприятий военно-патриотического характера с привлечением допризывной молодежи;

      2) приобретение памятных сувенирных продукции, грамот победителям и участникам военно-патриотических и спортивных мероприятий (военно-спортивных и спортивных соревнований и сборов, творческих и интеллектуальных конкурсов и фестивалей, форумов);

      3) покрытие расходов по питанию, бытового и культурного обслуживания делегаций – участников и сопровождающих лиц республиканских военно-патриотических мероприятий;

      4) приобретение и пошив формы одежды для личного состава НВПЦ и участников республиканских военно-патриотических мероприятий;

      5) обустройство помещений для занятий и проведения военно-патриотических и образовательных мероприятий с допризывной молодежью;

      6) установление доплат, надбавок, премий;

      7) оплату банковских услуг;

      8) аренду помещений и приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;

      9) организацию повышения уровня квалификации личного состава, путем проведение совместной работы со специалистами Казахстана и иностранных государств;

      10) реконструкцию и капитальный ремонт здания и сооружений, а также оплата услуг по обслуживанию здания;

      11) командировочные расходы, в том числе заграничные;

      12) приобретение музыкальных инструментов, звукового оборудования и расходных материалов (пластики для барабанов, палочки для барабанов, батарейки, жидкости для генератора дыма);

      13) ремонт музыкальных инструментов, звукового оборудования и сценических костюмов;

      14) укрепление материально - технической базы;

      15) приобретение оборудования и инвентаря (в том числе мебели);

      16) оплата труда специалистов, привлекаемых для оказания услуг;

      17) проведение обучающих семинаров, тренингов, конференций, а также повышение квалификации специалистов;

      18) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных и коммунальных услуг, приобретение предметов и материалов для текущих целей).

      7. Учет поступления и расходования денег от реализации товаров (работ, услуг) НВПЦ ВС РК осуществляется в соответствии с приказом № 540.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 32375 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 384 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының (бұдан әрі – ҚР ҚК ҰӘПО) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ҚР ҚК ҰӘПО тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

      2. ҚР ҚК ҰӘПО ақылы негізде мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді):

      1) бейнетүсірілім жүргізуді;

      2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (концерттер, салтанатты іс-шаралар мен қабылдаулар, форумдар, конференциялар мен кинотүсірілімдер ұйымдастыру және өткізу);

      3) жетекші шығармашылық ұжымдар көрсететін қызметтерді;

      4) әртістердің іс-шараларда өнер көрсетуін;

      5) іс-шараларды өткізу үшін концерт залын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметті;

      6) іс-шараларды өткізу үшін "Атриум" залын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметті;

      7) іс-шараларды өткізу үшін "Салтанат залын" ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметті;

      8) іс-шараларды өткізу үшін "Конференц зал" мен баспасөз аймағын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметті;

      9) іс-шараларды өткізу үшін кинозалды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметті;

      10) әскери оркестрдің өнер көрсетуін;

      11) жарық беру жабдығын жалға алуды;

      12) LED экран жалға алуды;

      13) репетиторлық көрсетілетін қызметті көрсетеді.

2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      3. Заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету шарттық негізде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) жүргізілген төлемге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (бұдан әрі – № 540 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтер шоты) есепке алынады және жұмсалады.

      5. Қолма-қол ақшаны қабылдау ҚР ҚК ҰӘПО кассасы арқылы, сондай-ақ ақылы көрсетілетін қызметтерді шотқа аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.

      6. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін қаражат:

      1) әскерге шақыруға дейінгі жастарды тарта отырып, әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

      2) әскери-патриоттық және спорттық іс-шаралардың (әскери-спорттық және спорттық жарыстар мен жиындардың, шығармашылық және зияткерлік конкурстар мен фестивальдардың, форумдардың) жеңімпаздары мен қатысушыларына естелік кәдесый өнімдерін, грамоталарды сатып алуға;

      3) республикалық әскери-патриоттық іс-шараларға қатысушы делегациялар мен бірге жүретін адамдарды тамақтандыруға, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөніндегі шығысты жабуға;

      4) ҰӘПО жеке құрамы мен республикалық әскери-патриоттық іс-шараларға қатысушылар үшін киім нысанын сатып алуға және тігуге;

      5) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық және білім беру іс-шараларын өткізуге арналған үй-жайларды жайластыруға;

      6) қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы белгілеуге;

      7) банктік қызметтерге ақы төлеуге;

      8) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту үшін үй-жайларды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;

      9) Қазақстан мен шет мемлекеттердің мамандарымен бірлескен жұмыс жүргізу жолымен жеке құрамның біліктілік деңгейін арттыруды ұйымдастыруға;

      10) ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және күрделі жөндеуге, сондай-ақ ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      11) іссапар шығысына, оның ішінде шетелдік;

      12) музыкалық аспаптарды, дыбыстық жабдықтарды және шығыс материалдарын (барабандарға арналған пластиктер, барабандарға арналған таяқшалар, батареялар, түтін генераторына арналған сұйықтықтар және т. б.) сатып алуға;

      13) музыкалық аспаптарды, дыбыстық жабдықтарды және сахналық костюмдерді жөндеуге;

      14) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      15) жабдық пен мүкәммалды (оның ішінде жиһазды) сатып алуға;

      16) қызмет көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      17) оқыту семинарларын, тренингтерді, конференцияларды өткізуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға;

      18) шаруашылық шығысқа (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік және коммуналдық қызметтерді төлеу, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдарды сатып алу) жұмсалады.

      7. ҚР ҚК ҰӘПО тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден ақша түсімін және оның жұмсалуын есепке алу № 540 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.