О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/2-VI "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску"

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 19 октября 2023 года № 10/5-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 31 октября 2023 года № 8903-16

      Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/2-VI "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6248) следующие изменения:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Определить перечень категорий получателей жилищных сертификатов по городу Усть-Каменогорску:

      ветераны Великой Отечественной войны;

      ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      ветераны боевых действий на территории других государств;

      лица с инвалидностью первой и второй групп;

      семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      пенсионеры по возрасту;

      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы;

      кандасы;

      лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;

      многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасении человеческой жизни, при охране правопорядка;

      неполные семьи;

      востребованные специалисты здравоохранения, образования, культуры, спорта и социального обеспечения, определяемые на основе анализа статистических наблюдений по статистике труда и занятости, а также с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемого согласно Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года № 161 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32546).".

      пункт 2 "2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования." изложить в новой редакции:

      "3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Усть-Каменогорского городского маслихата А. Светаш

Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 10/5-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 қазанда № 8903-16 болып тіркелді

      Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

      жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      қандастар;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      толық емес отбасылар;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын, еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде анықталған, сұранысқа ие денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары.".

      2-тармақ "2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш