О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 3 июня 2024 года № 221-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 июня 2024 года № 34467

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 149 "Об утверждении Правил размещения информации и публичного обсуждения проектов бюджетных программ (отчетов о реализации бюджетных программ) на интернет-портале открытых бюджетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22682) следующее изменение:

      в Правилах размещения информации и публичного обсуждения проектов бюджетных программ (отчетов о реализации бюджетных программ) на интернет-портале открытых бюджетов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета размещает на Портале бюджетную отчетность, указанную во втором, третьем абзацах подпункта 3) пункта 1 статьи 124 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) в течение пятнадцати рабочих дней по истечении сроков ее формирования, во втором абзаце подпункта 4) (в части годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год) пункта 1 статьи 124 Кодекса – по истечении месяца после его утверждения, гражданский бюджет в порядке, определенном в соответствии с Правилами составления и представления гражданского бюджета на стадиях бюджетного планирования и исполнения бюджетов, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 9 января 2018 года № 15 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16261) – ежемесячно, двадцать пятого числа месяца, следующего за отчетным.

      Администраторы бюджетных программ размещают на Портале бюджетную отчетность, указанную в пятом, шестом абзацах подпункта 2) пункта 1 статьи 124 Кодекса, в течение пятнадцати рабочих дней по истечении сроков ее формирования.".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 606-НҚ "Об утверждении стандарта открытости обладателей информации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33860) следующее изменение:

      в Стандарте открытости обладателей информации, утвержденном указанным приказом:

      подпункт 4) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "4) размещать на интернет-ресурсе информацию, предусмотренную пунктом 8 статьи 16 Закона, а также Типовым кодексом корпоративного управления в контролируемых государством акционерных обществах, за исключением Фонда национального благосостояния, утверждаемым в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе;".

      3. Департаменту развития коммуникаций государства и общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 221-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 маусымда № 34467 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 124-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында (есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті бекітілгеннен кейін бір ай өткен соң, азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Порталда орналастырады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.".

      2. "Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 606-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33860 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартында:

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 16-бабының 8-тармағында, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;".

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі