Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 606-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33860 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 606-НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді және қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, ең төменгі талаптар жүйесін анықтайды.

      2. Осы Стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) ақпарат иеленушілер – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері; мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер; квазимемлекеттік сектор субъектілері; мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар; өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері; экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар; орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар;

      3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      5) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      6) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      8) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

      9) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа (бұдан әрі – МО ИРБП);

      10) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      11) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – бірінші басшыларының блог-платформасы).

      3. Стандарттың міндеттері:

      1) ақпарат иеленушілердің қызметі туралы халықтың хабардар болуын күшейту;

      2) ақпарат иеленушілердің ашықтығы мен айқындығын арттыру;

      3) ақпарат иеленушілердің проактивтілігін дамыту болып табылады.

2-тарау. Ақпарат иеленушілердің сақтауы үшін ең төменгі талаптар

      8. Мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін- өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері (бұдан әрі – мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау өткізу;

      3) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімдерде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу. Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушілердің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге де ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға хабар беріледі;

      4) Заңның 16-бабының 3 және 6-тармақтарында көзделген ақпаратты МО ИРБП-ға орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Интернет-ресурстың басқа тілдердегі нұсқалары болуы мүмкін;

      5) МО ИРБП-да жаңалықтар легін күн сайын, өзге де бөлімдерді – ақпаратты алған немесе жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзектендіру;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24634 болып тіркелген) Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау жүргізу, сондай-ақ келіп түскен ескертулерге және (немесе) ұсыныстарға жауап беру;

      7) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге олардың жария талқылауларын өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релиздерін (анонстарды), ақпараттық хабарларды МО ИРБП-да орналастыру;

      8) ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференциялар және сауалнамалар өткізу. Интернет-конференциялар және сауалнамалар тақырыбын айқындау кезінде ашық диалогтың интернет-порталына келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың өтінімдерін қоса алғанда, тақырыптың өзектілігі мен қоғамның сұраныстарын негізге алу;

      9) ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кезінде МО ИРБП-да хабарландырулар орналастыру. Ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференцияны өткізу кезінде – оны өткізу күніне дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын, сауалнаманы өткізу кезінде – іске қосылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

      10) ашық диалогтың интернет-порталында бірінші басшының блогында аптасына кемінде бір жазба орналастыру. Жазбалардың тақырыптарын айқындау кезінде қоғамның сұраныстары мен тақырыптың өзектілігін негізге алу;

      11) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген) Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде көзделген ашық деректерді орналастыру, сондай-ақ ашық деректердің орналастыру және өзектендіру мерзімдерін сақтау;

      12) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22713 болып тіркелген) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылау жүргізу;

      13) орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етіп, келісі ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) көрсете отырып орналастыру: өз қызметі; жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; жолданымдарды беру, қарау және шешімдерге (әрекеттерге) шағымдану тәртібі; кеңсе мен персоналды басқару қызметі телефондарын қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

      14) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық стендтерге, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпаратқа деген қажеттіліктерін айқындау үшін мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен жарты жылда бір реттен кем емес кездесулер өткізу;

      15) қоғамның ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған тоқсанда бір реттен кем емес іс-шараларды өткізу;

      16) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

      17) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органы қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын жыл сайын ведомстволық ашықтық жоспарын әзірлеу;

      18) ақпаратты пайдаланушылармен проактивті түрде өзара іс-қимыл жасау талаптарын сақтайды.

      9. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;

      3) құрылымдалған, пайдалану және навигация үшін ыңғайлы болатын ресми интернет-ресурстың болуы;

      4) Заңның 16-бабының 8-тармағында, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 57639 болып тіркелген) бекітілетін Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;

      5) интернет-ресурсты аптасына бір реттен кем емес, жаңалықтар легін күн сайын өзектендіруді жүзеге асыру. Тұрақты негізде интернет-ресурста орналастырылған ақпараттың толықтығы мен өзектілігін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы ақпараттың интернет-ресурста орналастырылған қазақша, орысша және өзге де (болған жағдайда) нұсқаларына сәйкестігін айқындау;

      6) ашық диалогтың интернет-порталында бірінші басшының блогын құруды және келіп түскен сұрау салуларға Заңда белгіленген мерзімде жауап беруді қамтамасыз ету;

      7) ашық диалогтың интернет-порталында тұрақты негізде интернет-конференциялар және сауалнамалар өткізу. Интернет-конференциялар және сауалнамалар тақырыбын айқындау кезінде ашық диалогтың интернет-порталына келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың өтінімдерін қоса алғанда, тақырыптың өзектілігі мен қоғамның сұраныстарын негізге алу;

      8) ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталына орналастыру және кейіннен олардың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Қоғам қажеттіліктерін негізге ала отырып, ашық деректердің тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және өзектендіру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;

      9) орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етіп, келісі ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) көрсете отырып орналастыру: өз қызметі; жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; жолданымдарды беру, қарау және шешімдерге (әрекеттерге) шағымдану тәртібі; кеңсе мен персоналды басқару қызметі телефондарын қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

      10) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық стендтерге, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпаратқа деген қажеттіліктерін айқындау үшін мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен жарты жылда бір реттен кем емес кездесулер өткізу;

      11) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, онлайн-трансляциялау өткізу;

      12) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

      13) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын жыл сайын ведомстволық ашықтық жоспарын әзірлеу;

      14) ақпаратты пайдаланушылармен проактивті түрде өзара іс-қимыл жасау талаптарын сақтайды.

      10. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, онлайн-трансляциялау өткізу;

      3) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;

      4) құрылымдалған, пайдалану және навигация үшін ыңғайлы болып табылатын интернет-ресурс құру, және Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген ақпаратты орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. Интернет-ресурстың басқа тілдердегі нұсқалары болуы мүмкін;

      5) интернет-ресурсты аптасына бір реттен кем емес, жаңалықтар легін күн сайын өзектендіруді жүзеге асыру. Тұрақты негізде интернет-ресурста орналастырылған ақпараттың толықтығы мен өзектілігін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы ақпараттың интернет-ресурста орналастырылған қазақша, орысша және өзге де (болған жағдайда) нұсқаларына сәйкестігін айқындау;

      6) ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталына орналастыру және кейіннен олардың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Қоғам қажеттіліктерін негізге ала отырып, ашық деректердің тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және өзектендіру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;

      7) орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етіп, келісі ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) көрсете отырып орналастыру: өз қызметі; жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; жолданымдарды беру, қарау және шешімдерге (әрекеттерге) шағымдану тәртібі; кеңсе мен персоналды басқару қызметі телефондарын қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

      8) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық стендтерге, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпаратқа деген қажеттіліктерін айқындау үшін мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен жарты жылда бір реттен кем емес кездесулер өткізу;

      9) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыруға;

      10) ақпаратты пайдаланушылармен проактивті түрде өзара іс-қимыл жасау талаптарын сақтайды.

      11. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;

      3) мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты және бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

      4) Заңның 16-бабының 9-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру талаптарын сақтайды.

      12. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік монополия субъектілері ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;

      3) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

      4) Заңның 16-бабының 10-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру талаптарын сақтайды.

      13. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін экологиялық ақпараты, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпараты бар заңды тұлғалар ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;

      3) экологиялық ақпаратты, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру талаптарын сақтайды.

      14. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ең төменгі мынадай:

      1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;

      2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;

      3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

      4) ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталына орналастыру және кейіннен олардың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Қоғам қажеттіліктерін негізге ала отырып, ашық деректердің тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және өзектендіру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;

      5) Заңның 16-бабының 11-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру талаптарын сақтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады