Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Кокпектинскому району

Решение Кокпектинского районного маслихата области Абай от 10 апреля 2024 года № 12-5/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 19 апреля 2024 года № 263-18

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Кокпектинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Кокпектинском районе и нормы их предельной заполняемости согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий в Кокпектинском районе, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Кокпектинского районного маслихата:

      1) Решение Кокпектинского районного маслихата "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально – техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" от 3 июля 2020 года № 48-5/2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7376);

      2) Решение Кокпектинского районного маслихата "О внесении изменения в решение Кокпектинского районного маслихата от 3 июля 2020 года № 48-5/2 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально – техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" от 7 октября 2020 года № 51-5/17 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7707).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Кокпектинского районного маслихата
      Т. Сарманов

  Приложение 1 к решению
Кокпектинского районного
маслихата
от 10 апреля 2024 года
№ 12-5/2

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Кокпектинском районе и нормы их предельной заполняемости

№ п/п

Специализированное место

Норма предельной наполняемости

1.

село Кокпекты от парка Победы по улице Абая – Сейфуллина до пересечения улиц Сейфулина – К.Нургалиева

не более 100 человек

  Приложение 2 к решению
Кокпектинского районного
маслихата
от 10 апреля 2024 года
№ 12-5/2

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест в Кокпектинском районе

      1. Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний.

      2. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3 к решению
Кокпектинского районного
маслихата
от 10 апреля 2024 года
№ 12-5/2

Порядок использования специализированных мест в Кокпектинском районе

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      По требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов приостанавливают или прекращают мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 4 к решению
Кокпектинского районного
маслихата
от 10 апреля 2024 года
№ 12-5/2

Границы прилегающих территорий в Кокпектинском районе, в которых запрещено проведение пикетирования

      1. Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 800 метров от прилегающих территорий следующих объектов Кокпектинского района:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.

Көкпекті ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 12-5/2 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 сәуірде № 263-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Көкпекті аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Көкпекті аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары, пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/2 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7376 болып тіркелген) шешімі;

      2) Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/2 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары, пикет өткізу тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы № 51-5/17 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7707 болып тіркелген) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы
      Т. Сарманов

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 12-5/2 шешіміне
1-қосымша

Көкпекті ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

р/с №

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1.

Көкпекті ауылы Жеңіс саябағынан Абай-Сейфуллин көшесімен Сейфуллин-К.Нурғалиев көшелерінің қиылысына дейін

100 адамнан артық емес

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 12-5/2 шешіміне
2-қосымша

Көкпекті ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 12-5/2 шешіміне
3-қосымша

Көкпекті ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 12-5/2 шешіміне
4-қосымша

Көкпекті ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Көкпекті ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.