Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 10.04.2024 № 12-5/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/2 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары, пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көкпекті ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Шаймарданова |
Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 51-5/17 шешіміне қосымша |
Көкпекті ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Көкпекті ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде, қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін Көкпекті ауылындағы Сейфуллин- К. Нурғалиев көшелерінің қиылысы арнайы орын болып белгіленсін. Материалдық-техникалық жабдықтау: жасанды жарық; электр энергиясын қосуға арналған нүкте; бейнебақылау және бейнебекіту; 15 автокөлік қою орны (5 кіру, 5 шығу). Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толтыру нормасы 100 адамнан аспауы керек.
3. Шерулер мен демонстрациялар маршруты: Көкпекті ауылы Жеңіс саябағынан Абай-Сейфуллин көшесімен Сейфуллин-К. Нурғалиев көшелерінің қиылысына дейін. Маршруттың ұзындығы 650 метрді құрайды; көше бойында жарықтандыру, бейнебақылау және бейнебекіту бар. Шектеулі толымдылық нормасы 100 адам.
4. Көкпекті ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, бейбіт жиналысты өткізу тәртібін келісу үшін бір күн бұрын арнайы өткізу орнына мынадай сұрақтар бойынша барады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларының айырым белгісі;
2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;
3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ, осы Заңмен қарастырылған көлік құралдарын пайдалану;
4) ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушы өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;
5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
5. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Заңның 5 және 6 баптарының талаптарын сақтауы қажет.
6. Заңның 9 бабының 5 тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан 150 метрден кем емес қашықтық пикет жүргізуге тыйым салынған шекаралар болып белгіленсін.