Об определении размера жилищных сертификатов и перечень категорий их получателей по Ордабасынскому району

Решение Ордабасинского районного маслихата Туркестанской области от 25 сентября 2024 года № 20/6. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 26 сентября 2024 года № 6589-13

      В соответствии с пунктом 2-9 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Ордабасынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер жилищных сертификатов согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить перечень категорий получателей жилищных сертификатов согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Б. Джумабеков

  Приложение к решению
от 25 сентября 2024 года № 20/6

Размер жилищного сертификата

      1. 10 процентов от суммы займа, но не более 1500000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге в виде социальной помощи.

      2. 10 процентов от суммы займа, но не более 1500000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

  Приложение 2 к решению
от 25 сентября 2024 года № 20/6

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов

      1. Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью.

      2. Лиц с инвалидностью 1-2 группы;

      3. Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи.

      4. Неполные семьи.

      5. Специалисты бюджетных организации в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта и других отраслей, на основе анализа статистических наблюдений по статистике труда и занятости, а также с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года № 161 (зарегистрирован вРеестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32546).

Ордабасы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 20/6 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 26 қыркүйекте № 6589-13 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

  2024 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 20/6 шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  2024 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 20/6 шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

      2. 1-2 топ мүгедектігі бар адамдар.

      3. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

      4. Толық емес отбасылар.

      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары және басқада салалардағы мамандар.