О признании утратившими силу некоторых совместных решений акима Западно-Казахстанской области и Западно-Казахстанского областного маслихата

Совместные постановление акимата Западно-Казахстанской области от 12 марта 2025 года № 56 и решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 12 марта 2025 года № 17-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 31 марта 2025 года № 7506-07

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан "О правовых актах", акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившими силу некоторые совместные решения акима Западно-Казахстанской области и Западно-Казахстанского областного маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      2. Руководителю аппарата Западно-Казахстанского областного маслихата обеспечить государственную регистрацию настоящего совместного постановления и решения в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области.

      3. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Западно-Казахстанской области Н. Турегалиев
      Председатель маслихата М. Мукаев

  Приложение к совместному
постановлению и решению
Акимат Западно-
Казахстанской области
от 12 марта 2025 года
№ 56 и
Западно-Казахстанский
областной маслихат
от 12 марта 2025 года
№ 17-6

      1. Совместное решение Западно-Казахстанского областного маслихата и акима Западно-Казахстанской области от 25 марта 2001 года № 10-10 "Об образовании Деркульского, Желаевского, Зачаганского и Круглоозерновского поселковых округов города Уральска" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 853).

      2. Совместное решение Западно-Казахстанского областного маслихата и акимата Западно-Казахстанской области от 19 апреля 2003 года № 30-9 "Об образовании Кызылталского сельского округа Бурлинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2114).

      3. Совместное решение Западно-Казахстанского областного маслихата и акимата Западно-Казахстанской области от 13 января 2004 года № 174 "Об упразднении Тунгушского сельского округа Бурлинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2453).

Батыс Қазақстан облысы әкімінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 17-6 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 31 наурызда № 7506-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев
      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

  Батыс Қазақстан
облысының әкімдігі
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 56 мен
Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаты
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 17-6
Бірлескен қаулы және
шешімге қосымша

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің "Орал қаласының Деркөл, Желаев, Зачаган және Круглоозерный поселкелік округтерін құру туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 10-10 бірлескен шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 853 болып тіркелген).

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Бөрлі ауданының Қызылтал селолық округін құру туралы" 2003 жылғы 19 сәуірдегі № 30-9 бірлескен шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2114 болып тіркелген).

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Бөрлі ауданындағы Тұнғыш селолық округін тарату туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 174 бірлескен шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2453 болып тіркелген).