Бөрлі ауданының Қызылтал селолық округін құру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 19 сәуірдегі N 30-9 бірлескен шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 7 мамырда N 2114 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 17-6 бірлескен қаулысы және шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.03.2025 № 56 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.03.2025 № 17-6 бірлескен қаулысы және шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 4 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 3 тармағына сәйкес және Бөрлі аудандық мәслихаты мен Бөрлі ауданы әкімдігінің 2002 жылғы 30 сәуірдегі N 19-8 бірлескен шешімі негізінде облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бөрлі ауданының Қызылтал селолық округі құрылсын және оның орталығы болып Қызылтал селосы белгіленсін.

Сессия төрағасы

Облыс әкімі

Облыстық мәслихаттың хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады