Өндіріс ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы "Өндіріс ауылдық округінің "Штаб" елді мекенінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының теринариялық режимін белгілеу туралы" № 2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округі әкімі аппаратының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 27 шешімі

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Өндіріс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өндіріс ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы "Өндіріс ауылдық округінің "Штаб" елді мекенінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 наурызда № 2133 болып тіркелді).
      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленгін тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өндіріс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Манат Копенқызы Абаховаға жүктелсін.
      Өндіріс ауылдық округінің әкімі А.Саулебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады