Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 1156 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      "Нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 4 қарашадағы N 1654 P991654_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрлiгi" бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi";
      реттiк нөмiрлерi 9-35, 9-36, 9-37, 9-38, 9-39, 9-41, 9-42, 9-43, 9-44, 9-45, 9-47, 9-49 9-51, 9-52, 9-53, 9-54, 9-55, 9-56, 9-57, 9-58, 9-59, 9-60, 9-61, 9-62, 9-63, 9-65 - жолдар алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-141 - 470-155 - жолдармен толықтырылсын:

"470-141 "П. Чайковский атындағы                       Алматы қаласы
Алматы музыка колледжi"
қазыналық кәсiпорны

470-142 "А. Селезнев атындағы                          Алматы қаласы
Алматы хореографиялық
училищесi" қазыналық кәсiпорны

470-143 "О. Таңсықбаев атындағы                        Алматы қаласы
Алматы безендiру-қолданбалы
өнер колледжi" қазыналық
кәсiпорны

470-144 "Ы. Алтынсарин атындағы                        Алматы қаласы
қазақ бiлiм академиясы"
қазыналық кәсiпорны

470-145 "Қазақ ұлттық музыка                           Астана қаласы
академиясы" қазыналық кәсiпорны

470-146 "Ж. Елебеков атындағы                          Алматы қаласы
республикалық эстрада-цирк
колледжi" қазыналық кәсiпорны

470-147 "Республикалық                                 Алматы қаласы
көркемсурет колледжi" қазыналық
кәсiпорны

470-148 "Республикалық оқушылар                        Алматы қаласы
сарайы" қазыналық кәсiпорны

470-149 "Дарын" республикалық                          Алматы қаласы
ғылыми-практикалық орталығы"
қазыналық кәсiпорны

470-150 "Республикалық бiлiм беру                      Алматы қаласы
жүйесiнiң басшы және ғылыми-
педагог қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру институты"
қазыналық кәсiпорны

470-151 "Республикалық бiлiм                           Алматы қаласы
берудi ақпараттандыру ғылыми-
әдiстемелiк орталығы" қазыналық
кәсiпорны

470-152 "Қазақ мемлекеттiк спорт                       Алматы қаласы
және туризм академиясы"
қазыналық кәсiпорны

470-153 "Ақмола қаржы-экономикалық                     Астана қаласы
колледжi" қазыналық кәсiпорны

470-154 "Семей қаржы-экономикалық
колледжі" қазыналық кәсiпорны                            Семей қаласы

470-155 "Қазбiлiмжабдық"  
өндiрiстiк-коммерциялық
бiрлестiгi (шаруашылық жүргiзу
құқығында)                                           Алматы қаласы";

     реттiк нөмiрi 470-106-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"470-106 "Шәкәрiм атындағы
Семей мемлекеттiк университетi"
қазыналық кәсiпорны                                    Семей қаласы";

       реттiк нөмiрi 470-114-жолдағы 2-баған "Қазақ" деген сөздiң алдынан "Мұхамеджан Тынышбаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-115-жолдағы 2-баған "Қазақ" деген сөздiң алдынан "Тұрар Рыскұлов атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 470-123-жолдағы 2-баған "Қазақ" деген сөздiң алдында "Қаныш Сәтпаев атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 517 және 517-1 - 517-7, 518 және 519 жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi

517 "Биiк таудағы "Медеу" спорт                        Алматы қаласы
кешенi" қазыналық кәсiпорны

517-1 "Штаттық ұлттық командалар                       Алматы қаласы
және спорт резервi дирекциясы"
қазыналық кәсiпорны

517-2 "Республикалық спорттың                          Алматы қаласы
бұқаралық түрлерiнен жоғары
спорттық шеберлiк мектебi"
қазыналық кәсiпорны

517-3 "Спорттың ойын және қысқы                        Алматы қаласы
түрлерi бойынша республикалық
жоғары спорттық шеберлiк мектебi"
қазыналық кәсiпорны

517-4 "Республикалық спорттың                          Алматы қаласы
қолданбалы түрлерi бойынша жоғары
спорттық шеберлiк мектебi"
қазыналық кәсiпорны

517-5 "Су спортының түрлерi                            Алматы қаласы
бойынша олимпиадалық резервтiң
республикалық мамандандырылған
балалар және жасөспiрiмдер мектебi"
қазыналық кәсiпорны

517-6 "Республикалық спорт                             Алматы қаласы
колледжi" қазыналық кәсiпорны

517-7 "Бутаковка" оқу-спорттық                         Алматы қаласы
базасы" қазыналық кәсiпорны                       "Бутаковка" шатқалы

518 "Спорт & ks" газетiнiң                             Алматы қаласы
;редакциясы" қазыналық кәсiпорны

519 "Қазинтерспорт" қазыналық                         Алматы қаласы".
кәсiпорны

      2. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 мамырдағы N 706 P000706_ қаулысына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады