Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкіметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсім және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасында Қаржылай көмекке қатысты атқару хаттамасын жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 наурыз N 344

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкіметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнің және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Қаржылай көмекке қатысты атқару хаттамасының жобалары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа Келiсiмнiң мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Атқару хаттамасының мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен

 

толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк

Республикасы Үкiметiнің арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының

Бас штабы арасында Қаржылай көмекке қатысты атқару хаттамасын жасассын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                          Жоба


    Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi

                  арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы

                                КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Түрiк Республикасының Үкiметi,

     бұрыннан берi келе жатқан ұзақ мерзiмдi және достық қарым-қатынасты

қуаттай отырып,


 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 8 тамыздағы Әскери ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1993 жылғы 23 ақпандағы Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ескере отырып,
      әскери ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн реформалау iсiне үлес қосуға ұмтылу мақсатында,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                  1-бап



 
 
       Қазақстан Республикасының Үкiметiне Түрiк Республикасының Үкiметi АҚШ долларына баламалы 1 420 178 000 (бiр триллион төрт жүз жиырма миллиард жүз жетпiс сегiз миллион) түрiк лирасы сомасында өтеусiз әскери көмек бередi.
 

                                  2-бап



 
 
       Өтеусiз көмектiң АҚШ долларына баламалы 1 333 500 000 000 (бiр

 

триллион үш жүз отыз үш миллиард бес жүз миллион) түрiк лирасы сомасындағы

бөлiгi материалдар мен қызмет көрсетулер түрiнде берiледi, ал АҚШ

долларына баламалы 86 678 000 000 (сексен алты миллиард алты жүз жетпiс

сегiз миллион) түрiк лирасы сомасындағы бөлiгi Қазақстан Республикасы және

Түрiк Республикасының заңнамаларына сәйкес қаржылық көмек түрiнде

көрсетiледi.


                                  3-бап


     Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi Тараптардың мынадай құзыреттi

органдары iске асырады:

     Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;

     Түрiк Тарабынан - Түрiк Республикасының Бас штабы.


                                  4-бап


     АҚШ долларына баламалы 1 420 178 000 000 (бiр триллион төрт жүз

жиырма миллиард жүз жетпiс сегіз миллион) түрiк лирасы сомасындағы өтеусiз

көмек Тараптардың құзыреттi органдары жасасатын, осы Келiсiмнің ажырамас

бөлiгі болып табылатын атқарушы хаттамаларға сәйкес айқындалатын болады.


                                  5-бап



 
       Қазақстан Тарабы алдын ала Түрiк Тарабының келiсiмiн алмай, Түрiк Тарабынан алынған материалдар мен қызмет көрсетулердi немесе оларды пайдалану құқығын үшiншi Тарапқа бермеуге келiстi.
 

                                  6-бап



 
 
       Осы Келiсiм, Тараптардың оның күшiне енуi үшін қажеттi мемлекетішiлік

 

рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен

бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiм мен 3-бапта атап көрсетілген атқарушы хаттама Түрiк

Республикасының Үкiметi материалдық және қаржылық көмектi Қазақстан

Республикасының Үкiметiне толық берген сәтiнен бастап өзiнің қолданылуын

тоқтатады.


                                  7-бап


     Осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде туындаған кез келген келiспеушiлiк

өзара келiссөздер және консультациялар жолымен шешiлетiн болады.


     ___________ қаласында 2002 жылғы "___" ________ әрқайсысы қазақ,

түрік, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық

мәтiндердің күшi бiрдей. Осы Келiсiмнің ережелерiн талқылауда

келiспеушiлiк туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге

жүгiнедi.


     Қазақстан Республикасының                 Түрiк Республикасының    

          Yкiметi үшін                              Үкiметi үшін




    Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi

        арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсімге Қазақстан

      Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасы Бас

                штабының арасындағы Қаржылай көмекке қатысты

                             АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Өтеусiз әскери көмек

туралы келiсiм шеңберiнде ұсынылатын қаржылай көмектi пайдалану туралы

мынадай баптар бойынша келiстi.


                                  1-бап

                                 Мақсаты


     Осы Атқару хаттамасының мақсаты Қазақстан Республикасының Үкiметiне


Түрiк Республикасының Yкiметi беретiн, АҚШ долларына баламалы 86 678 000 000 (сексен алты миллиард алты жүз жетпiс сегiз миллион) түрiк лирасы сомасындағы қаржылай көмектің негiзгi бағыттарын белгiлеу болып табылады.
 

                                  2-бап



                             Негiзгi бағыттар



 
 
       Түрiк Тарабынан берiлетiн қаржылай көмек мынадай iс-шараларды қамтамасыз ету мақсатындағы шығыстарды төлеу үшiн пайдаланылатын болады:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi қызметкерлерінің Түрiк Республикасында "Бейбітшiлiк жолындағы әрiптестік" курстарында болуы.
      2. Түрiк Республикасы әскери делегациясының әскери көмектi жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасына келуi.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi қызметкерлерiнiң екi жақты қатынастарды кеңейту және "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасы бойынша НАТО-ның iс-шараларына қатысу мақсатында Түрiк Республикасында болуы.
      4. Брюссель қаласындағы (Бельгия Корольдiгi) НАТО-ның штаб-пәтерi жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери өкiлiнiң қызметiн ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптардың өзара келiсуi бойынша жүзеге асырылатын басқа да iс-шаралар.
 

                                  3-бап



 
                         Қаржылай көмек берудiң тәртiбi
 
      Қаржылай көмектi берудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
      1. АҚШ долларына баламалы 13 339 000 000 (он үш миллиард үш жүз отыз тоғыз миллион) түрiк лирасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қызметкерлерi үшiн Түрiк Республикасында болуы кезiндегi курстарды ұйымдастыру шығыстарын жабу үшiн берiледi, бұл орайда осы соманы пайдаланудың мынадай негiзгi бағыттары белгiленедi:
      а) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерінің авиация билетi, тамақтану, тұратын орны, курстарға ақы төлеу шығыстары;
      б) қазақстандық әскери қызметкерлердi курстарға жiберу үшiн iрiктеудi өткiзу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әзiрлеген әскери оқу орнына қабылдаудың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес жыл сайын өткiзiлетiн болады. Егер оқытуға байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің қажеттiлігi осы мақсатқа бөлiнген сомадан асатын жағдайда, Түрiк Республикасының Бас штабы қосымша шығыстарды жабу үшiн қажеттi шаралар қабылдайтын болады.
      2. АҚШ долларына баламалы 10 000 000 000 (он миллиард) түрiк лирасы Қазақстан Республикасына келетiн Түрiк Республикасы әскери делегацияларының көлiк шығыстарын, сондай-ақ тамақтану мен тұратын орнына жұмсалатын шығыстарды жабу үшiн беріледi.
      3. АҚШ долларына баламалы 10 000 000 000 (он миллиард) түрiк лирасы Тараптар арасындағы екi жақты қарым-қатынасты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери қызметкерлерiнiң Түрiк Республикасына сапарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестік" бағдарламасы бойынша iс-шараларына қатысу шығыстарын жабуға берiледi. Бұл ретте Қазақстан тарабы осы соманы пайдаланудың негiзгi бағыттарын анықтайды.
      4. АҚШ долларына баламалы 40 000 000 000 (қырық миллиард) түрiк лирасы Бельгияның Брюссель қаласындағы НАТО-ның штаб-пәтерi жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери өкiлiнiң қызметiн ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге шығыстарды жабу үшiн берiледi. Бұл орайда берілетiн ресурстар Қазақстан Республикасы өкілiнің мынадай шығыстарын жабу үшiн пайдаланылатын болады:
      а) қызметтiк және тұрғын үй-жайларды жалға алу (жылу мен электр шығыстарын қоса алғанда);
      б) тұрғын және қызметтiк үй-жайларды, сондай-ақ пайдалануға берiлетiн мүлiктердi жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
      в) телефон және факсимильдiк байланысының қызметi;
      г) кеңсе тауарларын сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
      д) Қазақстан тарабы Түрiк тарабының қарауына енгiзуi мүмкiн басқа шығыстар.
      5. АҚШ долларына баламалы 13 339 000 000 (он үш миллиард үш жүз отыз тоғыз миллион) түрiк лирасы осы Атқару хаттамасының күшiне енуi барысында Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын басқа да iс-шараларды жүргiзу шығыстарын жабу үшін пайдаланылатын болады.
      6. Осы Атқару хаттамасына сәйкес берілетiн қаржылай көмек Түрiк Тарабы Түрiк Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгінің Әскери атташесi айқындайтын банктегi шотқа аударылатын болады. Бұл ретте қаржылық көмектiң пайдаланылуын бақылауды осы Хаттамаға сәйкес Түрiк Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң Әскери атташесi жүзеге асырады.
      7. Қажет болған жағдайда, ресурстарды қайта бөлудi Қазақстан Тарабының келiсiмi бойынша Түрiк Тарабы жүргiзедi.
 

                                  4-бап



 
                          Толықтыру мен қайта қарау
 
      Осы Атқару хаттамасына Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Атқару хаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Атқару хаттамасының 6-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Атқару хаттамасын орындау барысында туындайтын барлық келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
 

                                  5-бап



                              Қызмет мерзiмi



 
 
       Осы Атқару хаттамасы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнiң 1-бабында көзделген Түрiк Республикасының Бас штабы қаржылай көмектi толық бергенге дейiн күшінде болады.
 

                                  6-бап



                         Бекiту және күшіне енуi




 

     Осы Атқару хаттамасы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi

мемлекетішiлік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама

алынған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Осы Атқару хаттамасы __________ қаласында ____ жылғы "___" __________

әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі данадан жасалды

және барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Атқару хаттамасының ережелерін

түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі

мәтінді басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының                  Түрік Республикасының 

     Қорғаныс министрлігі үшін                      Бас штабы үшін   




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады