Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі N 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 953 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 474 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі N 1011  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргізу үшін тәуелсiз аудиторды таңдау ережесінде:
      мәтiндегі "конкурстың жұмыс органының", "конкурстың жұмыс органы" және "конкурстың жұмыс органын" деген сөздер "жұмыс органының", "жұмыс органы" және "жұмыс органын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жұмыс органы тиісті жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде осы тармақтың шарттарына сәйкес конкурс комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.";
      мемлекеттік тiлдегі мәтінде 39-тармақтың 2) тармақшасындағы "болып танылуы мүмкін" деген сөздер "болып танылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 39-1 және 39-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "39-1. Конкурс өткiзiлмеген болып танылған жағдайда, комиссияның шешiмi бойынша қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады. Ұсыныстарды берудің түпкiлiктi мерзiмi қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтiзбелiк күннен бұрын емес белгіленуi тиiс.
      39-2. Қайталама конкурс өткiзiлмеген болып танылған кезде, конкурстық комиссияның шешiмi бойынша Ұлттық қордың сыртқы аудитiн жүргізу үшiн ол туралы тиiстi хаттама жасалуы тиiс аудитор немесе аудиторлық ұйым анықталады.";
      54-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Конкурс жеңімпазы тиісті жылдың бірінші қыркүйегіне дейін анықталады.";
      Ережеге 6-қосымшада:
      2 "Көлемі" деген бөлімнің 6) тармақшасында "инвестициялық" деген сөз "тұрақты" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады