Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 474 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы
аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау
қағидалары

      Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жұмыс органы (конкурс ұйымдастырушы) – Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурсты (бұдан әрi – конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;

      2) конкурстық комиссия – конкурсты өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында құрылатын алқалы орган;

      3) конкурстық құжаттама – осы Қағидалардың көшірмелерінен және конкурс өткізу туралы хабарландырудан тұратын конкурстық өтінімді дайындау үшін конкурсқа қатысушыға берілетін құжаттама;

      4) конкурсқа қатысушы – конкурста қатысуға ниет білдірген заңды тұлға;

      5) конкурстық өтінім – осы Қағидаларда көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес конкурсқа қатысушы конкурста қатысу үшін беретін құжаттар тізбесі.

      2. Аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық қордың сыртқы аудитiн жүргiзу туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) оңтайлы талаптарын анықтауға бағытталған конкурсты өткiзу жолымен жүзеге асырылады.

      3. Аудиторлық ұйымды анықтау үшiн конкурс әрбiр екi жыл сайын қаржылық есептілік пен талдамалық есепке қоса берілетін аудиторлық есеп түрінде Ұлттық қордың жыл сайынғы аудит нәтижелерiн бере отырып, өткiзiледi.

2. Конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібі

      4. Конкурсты өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес) мүшелерiнiң ұсынысы бойынша құрамында 9 адамы бар конкурстық комиссия құрылады, оның құрамына Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес мүшелері кіруі мүмкін. Конкурстық комиссияның құрамы төрағаны, төрағаның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерiн қамтиды және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысында мыналар:

      1) конкурстық комиссияның құрамы;

      2) конкурс өткiзу және оның нәтижелерi бойынша конкурстың жеңiмпазын айқындау туралы тапсырма;

      3) конкурсты өткiзу мерзiмдерi көрсетiледі.

      5. Конкурсты өткiзу жөнiндегi барлық ұйымдастыру iс-шаралары жұмыс органына жүктеледі.

      Жұмыс органы осы Қағидалардың 4-тармағының шарттарына сәйкес конкурстық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде енгiзедi.

      6. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.

      7. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін жұмыс органының қызметкері болып табылатын конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты жұмыс органының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының ішінен, жұмыс органының бірінші басшысының бұйрығына сәйкес белгіленеді.

      Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін қалыптастырады;

      2) конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманы ұсынады;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушыларды, конкурстық құжаттаманы және конкурстық өтiнiмдердi тiркеу журналын (бұдан әрі – Тіркеу журналы) жүргiзедi;

      4) конкурсқа қатысушылардан конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi қабылдайды;

      5) конкурстық комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;

      6) конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын ресiмдейдi және оған қол қойғызады;

      7) конкурстық өтiнiмдер ашылған кезден бастап конкурс құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      8. Хаттамада өткiзiлген отырыс жөнiндегi конкурстық комиссия мүшелерiнiң ескертулерiн, ұсыныстарын және пiкiрлерiн қоса алғанда, барлық мәлiметтер тiркеледi. Хаттамаға төраға, орынбасар, сондай-ақ конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

      9. Конкурстық комиссияның отырыстары, егер дауыс беруге конкурстық комиссия құрамынан мүшелердiң үштен екiсi қатысқан болса, заңды болып саналады. Дауыс беру кезiнде дауыстардың саны тең бөлінген жағдайда конкурстық комиссия төрағасының немесе ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының даусы шешушi болып саналады.

      10. Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссия мүшесінің болмауы, осы фактіні растайтын құжаттарды жұмыс органына ұсына отырып, дәлелді себебі болғанда ғана мүмкін болады.

      Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

      11. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күнінен бастап жарамды болады және шарт жасалған күнінен бастап өз қызметін тоқтатады.

3. Конкурстық құжаттама

      12. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi:

      1) жұмыс органының атауы мен орналасқан жерiн;

      2) Ұлттық қордың сыртқы аудитiн өткiзудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

      3) конкурстық құжаттаманы алудың орны мен тәсiлдерiн;

      4) конкурсты өткiзудiң орны мен уақытын, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдердi берудiң орны мен мерзiмiн;

      5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

      6) орындауға тиіс кез келген iлеспе қызметтердi;

      7) кепiлдi жарнаның негiзгi шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай кепiлдi жарнаның әрекет ету мерзiмiн;

      8) конкурстық өтiнiмдердiң күшi болатын мерзiмдi;

      9) конкурстық өтiнiмдердiң конверттерін ашу орнын, күнiн және уақытын дәл көрсетудi;

      10) конкурстық өтінімдерді қабылдауға, сондай-ақ конкурс өткiзу және оларға байланысты құжаттар мен материалдарды ресiмдеу жөнiнде түсiндiрулер беруге уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалардың байланыс деректері (тегi, аты, әкесінің аты, жұмыс органының мекенжайы, телефоны мен кабинетінің нөмірі);

      11) конкурсқа қатысушының өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу жөніндегі өкілеттіктің болуы шартын;

      12) басқа да қажеттi ақпаратты қамтиды.

      13. Конкурстық құжаттама конкурсқа қатысушыларға немесе олардың уәкілетті өкілдеріне не сенім білдірілген адамдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

4. Конкурстық комиссияның өкiлеттiктерi

      14. Конкурстық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      15. Конкурстық комиссия:

      1) конкурстық өтiнiмдердi қабылдау және конкурсты өткiзу мерзiмiн (уақытын) белгілейді;

      2) осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекітеді;

      3) конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды жан-жақты және объективтi қарайды;

      4) конкурсты өткiзеді;

      5) өзiнiң қызметiнде құпиялылықты сақтайды және Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалатын қаражатты барынша үнемдеудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мүдделерiн басшылыққа алады;

      6) конкурсқа қатысушылардан түскен конкурстық құжаттамаларда қамтылған мәлiметтердi, материалдар мен құжаттарды нақтылай алады;

      7) конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей конкурсты өткізу шарттарын өзгерте алады, бұл туралы конкурсқа барлық қатысушыларға дереу хабарланады. Бұл ретте конкурстық комиссияға құжаттарды беру және конкурсты өткізу мерзімдері күнтізбелік 10 (он) күнге ұзартылады.

      16. Жұмыс органы конкурстық комиссияның атынан конкурсқа қатысушының конкурстық өтiнiмін нақтылау мақсатында конкурсқа қатысушыға оларға жауаптарды ұсыну мерзімін көрсете отырып, жазбаша нысанда сұрау салуларын жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысушы сұрау салуларға жауаптарды жазбаша нысанда сұрау салуда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жібереді.

      17. Конкурстық комиссия конкурстың өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

5. Конкурсқа қатысушылар

      18. Конкурсқа қатысуға аудиттi жүргiзуге арналған лицензиясы бар және қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету саласында кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар жiберiледi.

      19. Конкурстық өтінімді ұсынған конкурсқа қатысушы немесе оның уәкілетті өкілі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

      20. Осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген шарттарда конкурсқа қатысушы кепiлдi жарнаны енгiзеді.

      21. Конкурсқа қатысушы:

      1) осы Қағидаларда, өзге де нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген талаптарға қатысты түсiндiрулердi алу үшiн жазбаша нысанда, бiрақ конкурстық комиссияның қарауына конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік 10 (он) күннен кешiктiрмей жұмыс органына жүгіне алады. Бұл ретте қосымша ақпаратты алуға арналған уақыт конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды беруге белгiленген жалпы мерзiмдi өзгертпейдi.

      Жұмыс органы конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауапты сұрау салуды алған күннен бастап бес (5) жұмыс күні ішінде жібередi;

      2) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурстық өтінімді кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқылы.

      22. Конкурсқа қатысушылар конкурсты өткiзу кезеңiнде конкурстық комиссияның шешiмiне ықпал етуi мүмкiн iс-қимылдар жасай алмайды. Конкурсқа қатысушыларға конкурстың басқа қатысушыларының беделiн түсiретiн ақпаратты конкурстық комиссияға тiкелей немесе жанама беруге тыйым салынады.

6. Конкурстық өтiнiмдердiң мазмұны мен оларды беру тәртiбi

      23. Конкурстық өтiнiм аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес көрсетуге конкурсқа қатысушының келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      24. Конкурсқа қатысушылар дайындаған және ұсынатын конкурстық өтiнiм құжаттардың мынадай тiзбесiн:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді;

      2) техникалық ұсынысты;

      3) қаржылық ұсынысты;

      4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, конкурсқа қатысушының аудиторлық қызметпен айналысуға құқығын растайтын лицензияның көшiрмесiн;

      5) конкурс туралы хабарландыру күнінен бір ай бұрын берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша конкурсқа қатысушының мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгіленген нысанындағы анықтамасының түпнұсқасын;

      6) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің (кепiлдi жарнаның) енгізілгенін растайтын құжаттарды қамтиды.

      25. Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi конкурс өткізілуі туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн болып белгіленген. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген конкурстық өтiнiмдер жарамсыз деп саналады және оларды конкурстық комиссия қарауға қабылдамайды әрі олар конкурсқа қатысушыға ашылмастан қайтарылуға тиіс.

      26. Конкурсқа қатысушы конкурстық құжаттамаға сәйкес дайындалған конкурстық өтiнiмдi желімделген конвертте конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейін ұсынады.

      27. Конкурстық өтiнiмдері бар конверттер жұмыс органына конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейін қолма-қол ұсынылады.

      28. Жұмыс органы:

      1) конкурсқа қатысушының атынан конкурстық өтiнiмі бар конвертті ұсынған уәкілетті өкіл өкілеттіктерінің құжаттық дәлелінің болуын тексереді;

      2) конкурстық өтiнiмі бар конверттерде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағидалардың 33-тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркеуге жатпайды және:

      конкурстық өтiнiмі бар конверттерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыға;

      конкурстық өтiнiмі бар конвертті ұсынған конкурсқа қатысушының уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;

      3) тиісінше ресімделген конкурстық өтiнiмі бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді тіркеу журналына енгізеді;

      4) енгізілген конкурстық өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін қабылдайды;

      5) конкурстық өтiнiмдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімді кері қайтару жағдайында оның қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Жұмыс органына ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт тіркеуге жатпайды, ашылмайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.

      Конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайын көрсетпестен ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт тіркеуге жатпайды және ашылмайды, бірақ күнтізбелік бір жыл бойында сақталуға тиіс.

      29. Тiркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және жұмыс органының мөрімен бекітеді.

      30. Конкурсқа қатысуға өтінім басылуы немесе өшпейтін сиямен жазылуы және оған конкурсқа қатысушының қолы қойылған және мөрмен бекітілген болуы тиіс.

      31. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тiлдерінде жасалады және ұсынылады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімді басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда, оған дәлме-дәл аудармасы (нотариалдық расталған) қоса беріледі.

      32. Конкурстық өтiнiмде конкурсқа қатысушының грамматикалық немесе арифметикалық қателерін түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосымша жазбалар, өшірілген немесе қосып жазылған жазулар болмауға тиіс.

      33. Конкурсқа қатысушы техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсынысты әртүрлі конверттерге желiмдейдi, сыртқы бетінде тиісінше "Техникалық ұсыныс" және "Қаржылық ұсыныс" деп белгілей отырып, конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      Содан кейін техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсынысы бар конверттер сыртқы конвертке салынады, оның сыртқы бетіне конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы және конверттiң мазмұны, жұмыс органының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, сондай-ақ мынадай: "(конкурстық өтінім ашылатын күн мен уақыт көрсетілсін) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" деген мазмұндағы мәтін көрсетiлуi тиiс.

      34. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы мынадай ақпаратты:

      1) Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi, басқа мемлекеттердегi банктерге және өзге де қаржы ұйымдарына бәсекелестік-шектеулер тұрғысынан аудиторлық қызметтер көрсетудегi жұмыс тәжiрибесiн;

      2) Ұлттық қордың сыртқы аудитiн (бұдан әрi – аудит) жүргiзу процесi бойынша қысқаша түйiндеме мен жұмыс жоспарын;

      3) аудит жүргiзу жөнiнде ұсынылатын қызметтердiң тiзбесiн;

      4) маманның бiлiктiлiгiне құжаттамалық растаманы;

      5) құпиялылықты сақтау мiндеттемесiн қамтиды.

      Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысушы ұсынатын не конкурстық комиссия сұратқан өзге де ақпаратты қамтиды.

      35. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысы әрбiр жылға аудит жүргiзу жөнiндегi қызметтердiң Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетiлген жалпы құнын, оның iшiнде кәсiби қызметтердi көрсеткенi үшiн сыйақы мөлшерiн, үстеме шығыстардың болжамды сомасын және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын қамтиды.

      36. Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi. Жұмыс органы конкурсты өткiзудiң сипатына немесе нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстар бойынша мiндеттемелер көтермейді.

7. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету

      37. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етуді кепiлдi ақшалай жарна түрінде конкурстық комиссия белгілеген мөлшерде енгізеді.

      38. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етуді өзінің:

      1) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейін өзінің конкурстық өтiнiмiн кері қайтарып алмауы не өзгертпеуі және (немесе) толықтырмауының кепілі ретінде енгізеді;

      2) оны конкурстың жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда шарт жасасу және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуінің кепілі ретінде енгізеді.

      39. Кепiлдi жарна жұмыс органының конкурстық құжаттамада көрсетiлген банктегі шотына аударылады.

      40. Конкурстық өтiнiмді қамтамасыз етуі жоқ конкурстық өтiнiмдердің барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде кері қайтарады.

      41. Жұмыс органы енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа қатысушыға мынадай:

      1) конкурсқа қатысушының конкурстық өтiнiмінiң қолданылу мерзiмi бiткен;

      2) шарт күшiне енген және конкурстың жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

      3) конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алған жағдайлардың біреуі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      42. Жұмыс органы конкурсқа қатысушыға, егер конкурсқа қатысушы:

      1) конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алса, өзгертсе немесе толықтырса;

      2) конкурстың жеңiмпазы ретiнде айқындала отырып, белгiленген мерзiмдерде Ұлттық қордың аудитiн жүргiзу туралы шартқа қол қоймаса;

      3) егер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда осындай қамтамасыз етудi енгiзу талап етiлмесе, оған қол қойылғаннан кейiн аудиттi жүргiзу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, ол енгiзген кепiлдi жарнаны қайтармайды.

      43. Осы Қағидалардың 42-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған жағдайда, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы Ұлттық қордың кірісіне есептеледі.

8. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi

      44. Жұмыс органы конкурстық комиссияға жүгінген конкурсқа қатысушыларға осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға қатысты түсіндірулерді белгіленген тәртіппен ұсынады.

      45. Жұмыс органы Қазақстан Республикасының Yкiметi конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдаған күнінен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен кешiктiрмей осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес хабарландыруды республикалық мерзiмдi баспа басылымында жариялайды, сондай-ақ жұмыс органының веб-сайтында орналастырады.

      46. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашуды конкурстық комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген күні, уақытта және жерде, конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнің қатысуымен жүргізеді.

      Ашылуға конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде ұсынылған конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер жатады.

      Конкурстық өтiнiм осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға мыналарды:

      1) конкурстық комиссияның құрамын;

      2) конкурстық өтiнiмдi белгіленген мерзімде ұсынған конкурсқа қатысушыларды;

      3) конкурстық өтiнiмдерін конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейін ұсынған, өтінімдері қайтарылуға тиіс конкурсқа қатысушыларды;

      4) конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін;

      5) конкурстық өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын;

      6) конкурстық өтiнiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілерінің бар не жоқ екенін, сондай-ақ оның себептерін дауыстап айтып тұрады.

      Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашқаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, орынбасары, қатысып отырған барлық мүшелері және конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

      Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының көшiрмесi конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысында болмаған конкурсқа қатысушыларға немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жiберiледi.

      47. Конкурстық өтiнiмдердi қарау рәсiмi осы Қағидалардың талаптарында көзделген конкурстық өтінімнің құжаттары мен материалдарының толық болуы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан оларды алдын ала зерделеудi және тексерудi қамтиды.

      Толық емес және/немесе дәйексіз ақпарат беру немесе осы Қағидалардың талаптарына сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдердi ұсыну конкурстық комиссияның осы конкурстық өтiнiмдi кейiнге қалдыруына негiз болады.

      Конкурстық комиссия енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімі жетіспеуі;

      2) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмеуі, ол конкурстық комиссияға мыналарды:

      конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      оған қатысу үшін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурстың атауын;

      конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімі және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

      кепілді жарна пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің болмауынан көрініс табады;

      3) кепілді жарнаның конкурстық құжаттамада белгіленген мөлшерден кем енгізілуі жағдайларында конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

      48. Конкурс конкурстық өтiнiмдердi берудің соңғы мерзiмi біткен күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте конкурстық комиссия алдымен конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын, одан кейін қаржылық ұсыныстарын қарайды.

      Конкурс аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия конкурстың жеңімпазын айқындайды.

      49. Техникалық ұсыныстары бар конверттер ашылғаннан кейiн әрбiр конкурстық өтiнiм бойынша мынадай ақпарат жарияланады және хаттама жасалады:

      1) конкурсқа қатысушы;

      2) конкурстық өтiнiмнiң жинақылығы және оның осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкестiгi.

      50. Қаржылық ұсыныстары бар конверттердi ашқаннан кейiн конкурстық комиссия оларға тiркеу нөмiрiн берудi (тiркеу күнiн көрсете отырып) жүзеге асырады, қаржылық ұсыныстарын берген конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды.

      51. Конверттердi ашқаннан кейiн конкурстық комиссия техникалық және қаржылық ұсыныстары бар ашылған конверттерді конкурстық комиссияның хатшысына береді.

      52. Конверттердi ашу нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасында конкурстық өтiнiмдердi ұсынған барлық конкурсқа қатысушылардың тiзбесi, сондай-ақ өзге мәлiметтер тiркеледi және қабылдау немесе кейiнге қалдыру себептерiн көрсете отырып, конкурстық өтiнiмдердi қабылдау немесе кейiнге қалдыру туралы конкурстық комиссияның шешiмi туралы тиiстi жазбалар жүргiзiледi.

      53. Конкурс аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды және шартқа қол қойылғаннан кейін жұмыс органының хатымен Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңеске сақтауға беріледі.

      54. Жұмыс органы конкурсқа қатысушыларды және Қазақстан Республикасының Yкiметiн конкурс өткiзу қорытындылары бойынша конкурстың нәтижелерi туралы ресми хабардар етеді.

9. Конкурс өткізілді деп танылған кезде конкурс жеңiмпазын
айқындау тәртiбi

      55. Конкурс жеңiмпазын айқындау үшiн конкурстық комиссия техникалық ұсыныстың сапасы мен қаржылық ұсыныс құнының ара қатынасын айқындайтын коэффициенттердi, сондай-ақ Ұлттық қордың аудитiн жүргiзу жөнiндегi қызметтердi ұсынудың ең төменгі құнын белгiлейдi. Көрсетiлген коэффициенттердiң сомасы бiрлiкке тең.

      56. Техникалық ұсыныстың сапасын және қаржылық ұсыныстың құнын айқындайтын коэффициенттер техникалық ұсыныс сапасының басымдылығын негiзге ала отырып белгiленедi.

      57. Техникалық және қаржылық ұсыныстары ең жоғары қорытынды балмен бағаланатын конкурсқа қатысушы конкурстың жеңiмпазы болып саналады.

      58. Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

      1) мыналарды қамтитын:

      Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi және басқа мемлекеттердегi банктерге және басқа қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн;

      аудиттi жүргiзу процесi жөнiндегi қысқаша түйiндеменi;

      Ұлттық қордың алдағы бухгалтерлiк есептi талдау (бухгалтерлiк есептiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестiгiн бағалауды қоса алғанда), Ұлттық қордың iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн талдау (Ұлттық қор тәуекелдерiн талдауды қоса алғанда), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлерiне ақпараттық аудит бойынша қызметтер көрсету және Ұлттық қор мәселелері жөнінде консультациялық қызметтердi көрсету туралы аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзiмiн көрсете отырып, егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын қамтитын техникалық сапа;

      2) маманның бiлiктiлiгi және мыналарды: арнайы бiлiмiн, аудит саласындағы жұмыс тәжiрибесiн, басқа мемлекеттердiң ұқсас қорларының аудитiн жүргiзудегi iс жүзiндегi тәжiрибесiн қамтитын оның практикалық тәжiрибесi.

      59. Конкурсқа қатысушының белгiленген өлшемдер бойынша техникалық ұсынысын бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әрбiр өлшем бойынша 1-ден бастап 100-ге дейiнгi балл шәкілі бойынша конкурстық комиссияның мүшелерi жүргiзедi.

      Техникалық ұсыныстарды қарағаннан және бағалағаннан кейiн конкурстық комиссияның мүшесi осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалаудың формулярын толтырады.

      60. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының орташа баллы екi өлшем бойынша (техникалық сапа және мамандардың бiлiктiлiгi, олардың практикалық тәжiрибесi) баллдардың жалпы санын бiлдiретiн конкурстық комиссияның барлық мүшелерi бағасының орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады.

      61. Техникалық ұсыныстың қорытынды баллы техникалық ұсыныстың орташа баллының осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетiлген тәртіпке сәйкес екi өлшем бойынша (200 балл) баллдың ең жоғары санына ара қатынасымен айқындалады.

      62. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын салыстыру әдісімен айқындалады және аудиттi жүргiзу жөнiндегi қызметтiң ең төменгі құнының негізінде олардың арасындағы жеңімпазды айқындайды.

      63. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуi техникалық ұсыныстары бойынша тең балл жинаған кезде, жеңiмпаз конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

      Конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарының құны тең болған жағдайда аудит жөніндегі қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі неғұрлым көп конкурсқа қатысушы жеңiмпаз деп танылады.

      64. Конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының нәтижелерi бойынша:

      1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары қаржылық ұсыныстарды бағалау және салыстыру өткізілген күні:

      конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға өткізілген конкурстың нәтижелерін хабарлайды және қатысушыларға конкурстың жеңімпазын жариялайды;

      конкурстың жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;

      конкурсқа қатысушыларды немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі берілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;

      2) конкурстық комиссияның хатшысы:

      конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және оған отырыста қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің барлығының, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағына бұрыштама қойып шығуын қамтамасыз етеді;

      ол туралы мәліметтер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурстық өтінім ұсынған конкурсқа қатысушылардың кез келгенінің талап етуі бойынша мұндай жазбаша сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға өтеусіз негізде конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді.

      65. Конкурстың қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты:

      1) конкурстың қысқаша сипаттамасын;

      2) конкурс жеңiмпазы туралы деректердi, ол жеңiмпаз болып танылған шарттарды;

      3) өздерiнiң конкурстық өтiнiмдерiн ұсынған басқа конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгi туралы ақпаратты;

      4) басқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасын және қысқаша мазмұнын;

      5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру өлшемдерiнің қысқаша мазмұнын;

      6) егер конкурс нәтижесінде жеңiмпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсетудi;

      7) конкурстық өтiнiмдерді кері қайтару себептерін көрсетуді;

      8) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салулардың, оларға жауаптардың жинақталған мазмұнын, сондай-ақ егер мұндай орын алған болса, конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулардың жинақталған мазмұнын;

      9) өзге мәлiметтердi қамтиды.

      66. Конкурс конкурстың жеңiмпазы айқындалғаны туралы комиссия шешiм қабылдағаннан кейiн өткiзiлген болып саналады, ол туралы тиiстi хаттама жасалады.

      Конкурс жеңiмпазы тиiстi жылдың 1 (бiрiншi) қыркүйегiне дейiн айқындалады.

      67. Конкурстық комиссияның шешiмi конкурсқа қатысушыларға ол қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күннен кешiктiрілмей ауызша жеткiзiледi.

      68. Конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың жеңiмпазы айқындалғаннан кейінгі 5 (бес) жұмыс күні iшiнде жұмыс органы 20 (жиырма) жұмыс күні iшiнде қарау және аудиторлық ұйыммен келісу үшін шарттың жобасын конкурстың жеңiмпазына жібереді.

      Аудиторлық ұйымның шарттың жобасын келісуі шартқа қол қоюға аудиторлық ұйымның келісетіні туралы еркін нысандағы жазбаша хабарлама түрінде жүзеге асырылады.

      Жұмыс органы шарттың жобасын мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Yкiметiне тиісті жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейінгі мерзімде енгізеді.

      Конкурстың жеңiмпазы шарт жобасын мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні iшiнде мемлекеттік және орыс тілдерінде шартқа қол қояды.

      69. Егер конкурстың жеңiмпазы болып танылған конкурсқа қатысушы шартқа белгiленген мерзiмде қол қоймаса, басқа конкурсқа қатысушылармен шартқа қол қойылады. Бұл ретте шартқа қол қоймаған конкурс жеңiмпазы енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісіне жатқызылады.

      Бұл жағдайда конкурстық комиссия конкурстық өтінімі қорытынды баллдары бойынша бұдан бұрын конкурстың жеңiмпазы деп жарияланған қатысушыдан кейінгі орында тұрған конкурсқа қатысушыны конкурстың жеңімпазы деп жариялайды, бұл ретте конкурстық комиссия аталған қатысушыға оның конкурстық өтінімі қорытынды баллдары бойынша бұдан бұрын конкурстың жеңімпазы деп жарияланған қатысушыдан кейінгі орында тұруы себебінен оны конкурстың жеңімпазы деп жариялағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      70. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурстың жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы өзінің конкурстық өтінімі жеңді деп танылғаны туралы жұмыс органының не конкурстық комиссияның жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органын не конкурстық комиссияны шартқа қол қоюға келісетіні туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жарияланған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюға келіскен жағдайда конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 7-бөліміне сәйкес конкурстық өтінімді кепілді қамтамасыз етудi енгізеді.

      Бұл ретте, егер конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюға келісіп, конкурстық өтінімді кепілді қамтамасыз етудi енгізсе, ал кейін шартқа қол қоюдан бас тартса, осы тармаққа сәйкес енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес Ұлттық қордың кірісіне жатқызылады.

      Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда конкурстық комиссия жаңа конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

      71. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысымен мақұлданған шарттың жобасына қол қоятын тараптар шарттың талаптарына қандай да бiр өзгерістер енгізе алмайды.

      72. Егер конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушының шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуі көзделсе, онда шарт конкурсқа қатысушы осындай қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн ғана күшiне енедi.

      Шартта аванс төлеу көзделген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерi шарттың жалпы сомасының кемiнде 5 (бес) пайызын құрайды және конкурстың жеңiмпазы оны жұмыс органының есебiне ақша кепiлдiгi түрiнде енгiзедi.

      Шартта аванс төлеуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттың жалпы сомасының кемiнде 5 (бес) пайызы болуға тиіс авансқа тең мөлшерде белгіленеді.

      73. Егер аудитор белгiленген мерзiмдерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе немесе жасалған шарт бұзылса, қорытынды баллы бойынша бұрын жеңiмпаз деп жарияланған қатысушыдан кейiнгі орында тұрған басқа конкурсқа қатысушымен шарт жасалады немесе жаңа конкурс жарияланады.

      74. Жұмыс органы енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурс жеңiмпазы осы шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған жағдайда ғана, шартта көрсетiлген мерзiмдерде немесе аудитор мiндеттемелердi толық орындаған сәтінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оған қайтарады.

      75. Егер аудитор шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса, онда конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұстап қалады.

      76. Конкурстың жеңiмпазын аудитор тағайындайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізуге арналған техникалық тапсырмаға сай онымен 2 (екі) жыл аудиттi жүргiзуге арналған шарт жасалады. Шарт аудитор - конкурстың жеңiмпазы мен осы шартқа қол қоюға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арасында жасалады.

10. Конкурс өткізілмеді деп тану тәртібі

      77. Конкурс мынадай жағдайларда:

      1) ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;

      2) егер оған екiден кем конкурсқа қатысушы қатысқан болса, бұл жағдайда конкурстық комиссия жалғыз қатысушының конкурстық өтiнiмi бар конверттi ашпайды;

      3) егер конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары конкурстың шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса;

      4) конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген себептермен шарт жасасудан кері қайтарылған жағдайда конкурс өткiзiлмеді деп танылады.

      Осы тармақта көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы, орынбасары, қатысып отырған барлық мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттама ресiмделедi.

      78. Конкурс өткiзiлмеді деп танылған жағдайда, комиссияның шешiмi бойынша қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады.

      Бұл ретте конкурсқа қатысушылардың қайталама конкурста қатысуға конкурстық өтінімдері қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк 14 (он төрт) күннен кешіктірмей ұсынылады.

      79. Конкурсқа бір ғана конкурсқа қатысушының қатысуына байланысты қайталама конкурс өткiзiлмеді деп танылған жағдайда, конкурстық комиссия онымен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін
аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы
аудитін жүргізу үшін конкурсқа қатысушыларды, конкурстық
құжаттама мен конкурстық өтінімдерді
тіркеу журналы

      Конкурсты өткізу мерзімі:

      Жұмыс органының атауы:

      Жұмыс органының мекенжайы:

Р/с

Конкурсқа қатысушының атауы

Конкурсқа қатысушының пошталық мекенжайы

Конкурсқа қатысушының деректемелері

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның Т.А.Ә., паспорттық деректері

Конкурстық құжаттаманы беру

Конкурстық өтінімді қабылдау

Конкурстық өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат

Конкурстық өтінімдерден бас тарту себептері

Конкурстық өтінімдерді қайтару

Атауы

Күні мен уақыты

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның қолы

Күні мен уақыты

Қолы

Күні мен уақыты

Қолы

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның

Конкурстық комиссия хатшысының

Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның

Конкурстық комиссия хатшысының

















































  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін
аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына
2-қосымша

      (Кімге) __________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

      (Кімнен) __________________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы)

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім

      _____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін

      жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізу

      жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап әрі оларды алғанын растай

      отырып, жалпы сомасы

      _____________________________________________________________________

      (цифрлармен және жазбаша)

      конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық тапсырмаға сай Қазақстан

      Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу бойынша қызмет

      көрсетулерді орындауды жүзеге асыруды ұсынады.

      Осы конкурстың өтінім:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      5. __________________________________________________________________

      6. __________________________________________________________________

      7. __________________________________________________________________

      8. __________________________________________________________________

      9. __________________________________________________________________

      10. _________________________________________________________ тұрады.

      Біздің конкурстық өтінім ұтты деп танылған жағдайда, Қазақстан

      Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін орындауды ________________

      (жазбаша)

      күннің ішінде қамтамасыз етуді және біздің конкурстық өтінім ұтты деп

      танылғаны туралы Сіздің хабарламаңыз алынған күннен бастап __________

      (жазбаша)

      күннің ішінде жұмысты аяқтауға міндеттенеміз.

      Біз, конкурстық құжаттамада айтылған төлемнің базалық

      шарттарымен келісеміз. Төлемнің мынадай баламалы шарттарын

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ ұсынамыз,

      (мұндайлар болса, төлемнің баламалы шарттары аталады)

      бұл ретте ___________________________________________________________

      (ақшалай мәні көрсетілсін, жазбаша)

      мөлшеріндегі баға жеңілдігін ұсынамыз.

      Біздің конкурстық өтінім танылған жағдайда біз шарттың жалпы

      сомасынан ______________ пайызды құрайтын сомада сыртқы аудит жүргізу

      (жазбаша)

      туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз.

      Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдерді ашқан күнінен

      бастап ______________ күн ішінде жарамды.

      (жазбаша)

      Сыртқы аудит жүргізу туралы шарт жасасқан сәтке дейін осы

      конкурстық өтінім оны ұтты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен

      бірге біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.

      _____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы)

      оның атынан және тапсырмасы бойынша

      конкурстық өтінімге қол қоюға барлық

      өкілеттігі бар тұлғаның

      ____________________ ____________________________________

      (қолы, күні) М.О. (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

      жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін

      аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына

      3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы
аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау конкурсына
қатысуға арналған конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу
хаттамасы _____________________________________________________________________

      (ашу орны, уақыты және күні)

      1. Мына құрамдағы Конкурстық комиссия:

      _____________________________________________________________________

      (төрағаның, оның орынбасарының, конкурстық комиссия мүшелерінің

      Т.А.Ә., лауазымы және конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу

      уақыты, күні және орны көрсетіледі)

      конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін

      жүргізді.

      2. Мына конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманың

      көшірмелері берілді:

      _____________________________________________________________________

      (конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген барлық конкурсқа

      қатысушылардың атауы, мекенжайы)

      3. Мына конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға арналған

      өтінімдері:

      _____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өтіп

      кеткеннен кейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін ұсынған

      барлық конкурсқа қатысушылардың атауы көрсетіледі)

      мына негіздер бойынша ___________________________ ашылмай қайтарылды.

      4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы

      мерзімі өтіп кеткенге дейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін

      ұсынған мына конкурсқа қатысушылардың:

      _____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өтіп

      кеткенге дейін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін ұсынған барлық

      конкурсқа қатысушылардың атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға

      арналған өтінімдерді ұсыну уақыты конкурсқа қатысуға арналған

      өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіпте

      көрсетіледі)

      конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері ашылды және

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      қамтиды, (өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға

      арналған өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгергені туралы ақпарат,

      конкурстық өтінім құжаттарының парақтарының саны көрсетіледі), олар

      конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу кезінде қатысып

      отырғандардың барлығына жарияланды.

      5. Конкурстық өтінімдерді ашу кезінде мына конкурсқа

      қатысушылар қатысты:

      _____________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу кезінде қатысқан барлық

      конкурсқа қатысушылардың, олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә.,

      атауы, мекенжайы).

      Конкурстық комиссия төрағасының,

      мүшелерінің және хатшысының

      Т.А.Ә. қолдары

      _______________________________ ________________________

      _______________________________ ________________________

      _______________________________ ________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының

      жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін

      аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына

      4-қосымша

      Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын белгіленген

      өлшемдер бойынша бағалау

р/с

Өлшем атауы

Балдар саны

Конкурсқа қатысушылардың атауы











      Ұсыныстың техникалық сапасы 100 балл

      1 Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі

      және басқа мемлекеттердегі

      қаржы институттарына аудиторлық

      қызмет көрсетудегі тәжірибе 1-ден 20

      балға дейін

      2 Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қорының аудитін жүргізу 1-ден 30

      процесі және аудиторлық балға дейін

      қорытындыны ұсыну мерзімі

      көрсетілген егжей-тегжейлі

      жұмыс жоспары

      3 Қазақстан Республикасы 1-ден 20

      Ұлттық қорының бухгалтерлік балға дейін

      есебін талдау,

      оның ішінде:

      - бухгалтерлік есептің 1-ден 15

      Қазақстан Республикасының балға дейін

      қолданыстағы заңнамасының

      нормаларына сәйкестігін бағалау;

      - бухгалтерлік есептің халықаралық 1-ден 5

      қаржылық есептіліктің балға дейін

      стандарттарына сәйкестігін

      бағалау

      4 Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қорын ішкі бақылау 1-ден 20

      жүйесінің тиімділігін талдау, балға дейін

      оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қорының 1-ден 10

      тәуекелдерін талдау балға дейін

      5 Ақпараттық аудит бойынша 1-ден 5

      қызметтер көрсету балға дейін

      6 Қазақстан Республикасының 1-ден 5

      Ұлттық қоры мәселелері бойынша балға дейін

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне

      консультациялық қызмет

      көрсету

      7 Мамандардың біліктілігі 100 балл

      және олардың практикалық

      тәжірибесі

      8 Арнайы білімі 1-ден 20

      балға дейін

      9 Аудит саласындағы жұмыс 1-ден 20

      тәжірибесі баллға дейін

      10 Қаржы секторындағы жұмыс 1-ден 15

      тәжірибесі балға дейін

      11 Қаржы ұйымдарының аудитін 1-ден 10

      жүргізу бойынша жұмыс балға дейін

      тәжірибесі бар мамандардың болуы

      12 Қосымша білімі 1-ден 5

      балға дейін

      13 Мемлекеттік және орыс тілдерін білу 1-ден 10

      балға дейін

      14 Ақпараттық жүйелер бойынша 1-ден 10

      аудиторлардың болуы балға дейін

      15 Қазақстан Республикасы 1-ден 10

      Ұлттық қорының және/немесе балға дейін

      басқа мемлекеттердің ұқсас

      қорларының аудитін жүргізудің

      практикалық тәжірибесі

      Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. ___________________________

      қолы

      күні ___________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін
аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына
5-қосымша

Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау
формуляры

Р/с

Конкурсқа қатысушының атауы

Ұсыныстың техникалық сапасы

Мамандардың біліктілігі мен олардың практикалық тәжірибесі

Техникалық ұсынысты бағалау

(3-баған + 4-баған)

1

2

3

4

5


      Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә.

      ____________________________________

      (қолы)

      ____________________________________

      (күні)

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін
аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына
6-қосымша

Конкурсқа қатысушы ұсынысының қорытынды баллын есептеу
тәртібі

      1. Конкурсқа қатысушы ұсынысының қорытынды баллы:

      В = Т х К1 + F х К2

      формуласы бойынша айқындалады, мұндағы

      В – конкурсқа қатысушы ұсынысының қорытынды баллы;

      Т – конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының қорытынды баллы;

      К1 – техникалық ұсыныс сапасының коэффициенті;

      F – конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау;

      К2 – қаржылық ұсыныс құнының коэффициенті.

      2. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының қорытынды баллы:

      С

      Т=_______

      С max

      формуласы бойынша айқындалады, мұндағы

      С – комиссия мүшелерінің техникалық ұсынысын бағалаудың орташа арифметикалық мәні;

      С мах – техникалық ұсыныстың екі өлшемі бойынша ең көп баллы (200).

      3. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау:

      P min

      F=_______

      формуласы бойынша айқындалады, мұндағы

      Р min – комиссия белгілейтін аудиторлық тексерістің ең аз құны;

      Р – конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысының құны.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін
аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге
арналған техникалық тапсырма
1. Мақсаттары мен міндеттері

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитінің мақсаттары мен міндеттері аудитордың аудиторлық есебінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қордың қаржы активтерін инвестициялаудың тиімділігі, ресурстарды өнімді пайдалануы, қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша активтердің сақталуы және қойылған мақсаттарға қол жеткізуі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық есептілігінде көрсетілген қаражат пен шығыстарды алу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес дұрыстығы және объективтілігі туралы кәсіби қорытынды беруі болып табылады.

2. Көлемі

      Аудит халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізіледі және соманы және қаржылық есептілікте қамтылған өзге де ақпаратты растайтын деректерді ішінара тестілеуді; бухгалтерлік есеп пен негізгі топшылауларды, сондай-ақ қаржылық есептілікті ұсынудың жалпы нысанын бағалауды қамтиды.

      Аудит жүргізілген кезде мынадай мәселелерге ерекше көңіл аудару қажет:

      1) бастапқы инвестициялық капиталдың сақталуы;

      2) ұзақ мерзімді перспективада активтер табыстылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

      3) активтердің өтімділігін қамтамасыз ету;

      4) активтердің нарықтық құнының өзгеру тәуекелін басқару;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудың тиімділігі;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру және жинақтау қоржындарының құрамы;

      7) қоржынның нарықтық құнының айырбастау бағамының өзгеруінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

      8) сыртқы басқарушылар қызметінің тиімділігі;

      9) іріктеліп алынған кастодиандардың жұмысын бағалау;

      10) құрылымдық өнімдерді пайдаланудың тиімділігі;

      11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа айлық нарықтық құнын есептеудің және сенімгерлік басқаруға аударымдардың дұрыстығын тексеру;

      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды сенімгерлік басқару қызметін басқа елдердің ұқсас қорларының қызметімен салыстырмалық талдау.

      Бұдан басқа мынадай мәселелерге көңіл бөліп, аудит нәтижелері бойынша талдамалық есеп ұсыну қажет:

      1) өткен кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәніндегі активтер мен міндеттемелер туралы есеп баптарының өзгерістерінің есебін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сақталуын бағалау;

      2) қаржылық активтердің әрбір түрі бойынша табыстылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мәселесі бойынша талдау;

      3) өтімділік көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді талдау;

      4) тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің нарықтық құнының өзгеру тәуекелін басқарудың тиімділігі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару тиімділігі, оның ішінде өткен кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәніндегі пайдалар және шығындар туралы есепті талдау, сондай-ақ таза активтердің пайдалылығының, табыстылығының, қосынды активтер табыстылығының коэффициенттерін есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының рентабельділігі;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру және жинақтау қоржындарының құрамы, оның ішінде, елдер және қаржылық активтердің түрлері бойынша қоржынның нарықтық құнына пайыздық ара қатынасын айқындай отырып, географиялық шоғырландыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қоржындық инвестицияларының баланстық құнына талдау жүргізу;

      7) активтер мен міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бағамдық айырмашылықтан алынатын табыстар мен шығындарды көрсете отырып, қоржынның нарықтық құнының айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуін талдау;

      8) сыртқы басқарушылар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде:

      әрбір басқарушының тапқан жалпы табысының әрбір басқарушының қаламақысына ара қатынасын, сондай-ақ әрбір басқарушы тапқан таза табыстың (әрбір басқарушыға басқарғаны үшін төленген қаламақыға шегерім жасағаннан кейінгі жалпы тапқан табысы) осы басқарушының басқаруындағы активтердің орташа мәніне ара қатынасын есептеуді;

      әрбір сыртқы басқарушының басқаруындағы қаржы активтерінің түрі бойынша табыстылықты есептеуді білдіретін тиімділік коэффициентін көрсете отырып, басқарушылар тиімділігіне талдау жүргізу;

      9) әрбiр басқарушыдағы активтердің пайыздық ара қатынасын және қоржындық инвестициялардың жалпы құнын айқындай отырып, активтердің басқарушыларға шоғырлануын талдауды қоса алғанда, iрiктеліп алынған кастодиандардың жұмысын бағалау;

      10) қаржы құралдарының түрлерi бойынша табыстылықты көрсете отырып, құрылымдық өнiмдердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау;

      11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа айлық нарықтық құнын және сенiмдi басқаруға арналған аударымдарды есептеудiң дұрыстығын тексеру;

      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сенiмдi басқару жөнiндегi қызметiн мұнай қорларын талдауды - рентабельдiлік пен пайданы таза активтерге бөлетiн негізгі коэффициенттердi есептеудi қоса алғанда, басқа елдердiң ұқсас қорларының қызметiмен салыстырмалы талдау;

      13) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының эталондық қоржынның индекстерiн қолдану тиiмдiлiгiн басқа эталондық қоржындардың индекстерiмен салыстырмалы бағалау;

      14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарушылар қызметiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне сәйкестiгiне тексеру.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есептілік

      Мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және пайдаланылуы туралы есепке;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы жылдық есебіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі қаржылық есептілігіне;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепке;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару бойынша өзге де деректерге аудит жүргізілуі тиіс.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық есептілігінің аудитінен басқа аудитор Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға байланысты барлық шығыстардың аудитін жүргізеді.

4. Аудиторлардың қорытындысы

      Техникалық тапсырмада көзделген негізгі қорытындыдан басқа, есепте Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың дұрыстылығы және тиісті сипаты мәселесі, есепке алу құжаттарын жүргізу, есепке алу, есептілік және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеулері бойынша түсіндірмелерімен жекелеген тармақтарды қамтуы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмысындағы нақты кемшіліктер мен осал жерлері, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсынымдар көрсетілуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 474 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі № 1011 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қарашадағы № 1443 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 16 шiлдедегi № 699 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi № 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 953 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады