Байланыс формасы

Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1137 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-04/120 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

     "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы  8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 3 қарашадағы 
N 1137 қаулысымен    
бекiтiлген       

Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесi

      Ескерту. Тізбенің атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Арал теңiзi (халықаралық маңызы бар)
      2. Зайсан көлi, Бұқтырма, Шульба су қоймасы және Ертiс өзенi (халықаралық маңызы бар)
      3. Каспий теңiзi (халықаралық маңызы бар)
      4. Қиғаш өзенi (халықаралық маңызы бap)
      5. Сырдария өзенi (халықаралық маңызы бар)
      6. Жайық өзенi (халықаралық маңызы бар)
      7. Iле өзенi және Қапшағай су қоймасы (халықаралық маңызы бap)
      8. Есiл өзенi (халықаралық маңызы бар)
      9. Шардара су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
      10. Алакөл көлдер жүйесі (республикалық маңызы бар)
      11. Балқаш көлi (республикалық маңызы бар)
      12. Қ. Сәтпаев атындағы канал (республикалық маңызы бар)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады