"Қазақстан Реснубликасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстаи Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 447 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат;  N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114, 115-құжаттар; 2009 жылғы 11 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 12 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 41-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі "оның қызметін қайта құру мен тоқтату" деген сөздер "оны қайта құру мен тарату" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
      Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Ол жеткіліксіз болған ретте мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
      Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.
      Қазыналық кәсіпорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті бюджет қаражатымен Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиялық жауаптылықта болады.
      Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.";
      3) 50-баптың 9-1-тармағы алып тасталсын;
      4) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "105-бап. Мекеме
      1. Басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
      2. Мекеменің оған бекітіліп берілген мүлікке құқықтары осы Кодекстің 202-208-баптарына сәйкес айқындалады.
      3. Мемлекеттік мекеменің шарттық міндеттемелер қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет қызметін реттейтін заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мекемелердің құқықтық жағдайы осы Кодекспен, мемлекеттік мүлік туралы, білім туралы, ғылым туралы, денсаулық сақтау туралы
заңнамалық актілерімен және өзге де заңнамалық актілерімен айқындалады.";
      5) 111-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік өкімет билігі мен басқару органдары" деген сөздер "мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 167-баптың 4-тармағындағы "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараты" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 192-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "алтын валюта қоры және алмас қоры," деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде айқындалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліміндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамалық актілерде айқындалған тәртіппен" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Осы баптың ережелері, егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде өзгеше көзделмесе немесе азаматтық құқықтар мәніне қайшы келмесе, меншік құқығынан басқа, тиісінше мемлекеттік мүлікке өзге азаматтық құқықтарға қолданылады.";
      8) 193-1-бапта:
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде айқындалатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азамат стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға ниет білдірген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіге ақы өндіріп алуға немесе конкурстық (тарату) масса құрамында стратегиялық объектіні иеліктен шығарған жағдайда Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде айқындалған шарттарда стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Стратегиялық объектінінің нарықтық құны бағалау қызметі туралы заңнамаға және мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіге сәйкес айқындалады.
      Стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты пайдалану тәртібі мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде айқындалады.";
      9) 196-бапта:
      бірінші бөлік 1-тармақ болып есептелсін;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқықтарын жүзеге асыру ерекшеліктері мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде айқындалады.";
      10) 197-баптағы "заңдарда" деген сөз "заңнамалық актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 200-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңдарда" деген сөз "заңнамалық актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12)202-бапта:
      бірінші бөліктегі "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын; бірінші бөлік 1-тармақ болып есептелсін;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді оралымды  басқару құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде айқындалады.";
      13) 203-баптағы "заңдарда" деген сөз "заңнамалық актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14) 204-баптың 1, 2-тармақтарындағы, 205-баптағы "мемлекеттік мекеме", "мемлекеттік мекеменің", "Мемлекеттік мекемеге" деген сөздер тиісінше "мекеме", "мекеменің", "Мекемеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 206, 207-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "206-бап. Мекеменің мүлкіне иелік ету
      Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ.
      Мемлекеттік мекемелердің кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде белгіленеді.";
      207-бап. Қазыналық кәсіпорын мен мекеменің борыштары бойынша
               құрылтайшының жауаптылығы
      1. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.
      Қазыналық кәсіпорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша тиісті бюджет қаражатымен Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиялық жауаптылықта болады.
      2. Мекеменің жауаптылығы осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен туындайды.";
      16) 235-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін немесе өзге же жылжымайтын мүлікті реквизициялау, ұлт меншігіне алу және өтеулі мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мемлекет мүлікке меншік құқығын алады.";
      17) 242-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Иесіз жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз жылжымайтын заттарды есепке қойған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін жергілікті атқарушы орган бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады.
      Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану мен өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесіз жылжымайтын заттар коммуналдық меншікке берілмейді.
      Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесіз ретінде есептен шығару туралы өтініш жасап, оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы."
      18) 244-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаның иелігіндегі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін қажетті рұқсаттар алынбай салынған тұрғын үй, басқа да ғимараттар, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ерекше жағдайларда әлеуметтік-экономикалық орындылығы ескеріле отырып, тұлға мемлекетке тиесілі және жер пайдаланудағы емес жер учаскелерінде (жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде) өз бетімен салған құрылыс сот айқындаған мөлшерде құрылыс шығындары өтеле отырып, коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.
      Мемлекеттік жер пайдаланушылардың жер пайдалануындағы жер учаскесінде өз бетімен құрылыс салуды жүзеге асырған кезде әлеуметтік-экономикалық орындылығы ескеріле отырып, өз бетімен салған құрылыс жергілікті бюджет қаражатынан сот айқындаған мөлшерде құрылыс шығындары өтеле отырып, коммуналдық меншікке беріледі."
      19) 245 және 246-баптардағы сөздер "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратына", "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының", "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты", "қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратына", "қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты" деген сөздер тиісінше "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 247-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктегі "иесінің" деген сөздер "меншік иесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі:
      "пайдаланушының" деген сөзден кейін "(жер пайдаланушының") деген сөздермен толықтырылсын;
      "қозғалмайтын мүлікті" деген сөздер "жылжымайтын затты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сол" деген сөз алып тасталсын;
      21) 249-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "алып қоюға" деген сөздер "иеліктен шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "айырған" деген сөз "мәжбүрлеп шығарған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "қазыналар сатып алынған реттер" деген сөздер "қазыналарды иеліктен мәжбүрлеп шығарған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) ұлт меншігіне алу";
      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "жекешелендіру туралы заңнамалық актілерде көзделген" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 253-баптың 1-тармағы "індеттер" деген сөзден кейін ", соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде немесе соғыс уақытында" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) 256-бапта:
      тақырыптағы "сатып алу" деген сөздер "мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі "немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін" деген сөздер "арқылы алуы немесе олар жария саудада сатылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "Мәдени" деген сөзден кейін "немесе тарихи" деген сөздермен толықтырылсын;
      24) 267-бапта:
      1-тармақтағы "мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның," деген сөздер "мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі "мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның" деген сөздер "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "өкімет немесе басқару органының" деген сөздер "мемлекеттік органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 509-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне сый тартуға жол берілмейді.";
      2) 1071-баптың 3-тармағындағы "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1083-бапта:
      тақырыпта:
      "мұра" деген сөз "мүлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ "иесіз қалған" деген сөздерден кейін "мүлік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "мұра" деген сөз "мүлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі "мұраны" деген сөздерден кейін "мүлікті" деген сөзбен ауыстырылсын, "қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының органның" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем "иесіз қалған" деген сөздерден кейін "мүлік" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Осы Кодекстің 1080 және 1081-баптарында көзделген ережелер иесіз қалған мүлікке де қолданылады.".
      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 25, 27-құжаттар; N 15-16, 64-құжат; N 21, 95-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 12-баптың 1) тармақшасы "осы Кодексте" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";
      12) тармақшадағы "мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";
      3) тармақшада "мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 16-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "орман қоры жерін қоспағанда, осы Кодекстің 90-бабында көзделген" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде жекелеген санаттардағы жер учаскелерін алып қою жөніндегі шектеулер белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 44-бапта:
      3-тармақтың үшінші бөлігіндегі "мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың жетінші абзацындағы "мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 64-баптың 1 тармағының 4) тармақшасындағы "мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда" деген сөздер "алып қойылған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 66-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша тұлға осы Кодексте белгіленген нормаларға сәйкес ол (тұлға) ие бола алмайтын жер учаскесіне жеке меншік құқығын алған жағдайларда жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеген кезде жер учаскесі мемлекет меншігіне түседі деп танылады.
      4. Жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеген кезде меншік иесіне бюджет қаражаты есебінен жер учаскесінің нарықтық құны төленеді. Тараптардың келісімі бойынша жер учаскесінің құны жалға алу ақысын төлеу есебінің есебіне жатқызылуы мүмкін.
      Жер учаскесінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Жерді пайдалану құқығын тоқтату және жер учаскесін мемлекетке қайтару кезінде, егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жер пайдаланушыға меншік құқығын тоқтатқан кезде онда болған жылжымайтын мүліктің нарықтық құны өтеледі.";
      7) 81-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі "сатып алуды қоса алғанда, жер учаскесін және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға" деген сөздер "жер учаскесін және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз мәжбүрлеп иеліктен шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі алып қойылған;";
      8) 82-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      "немесе жер пайдаланушы" деген сөздер алып тасталсын;
      "немесе жер пайдалану құқығынан" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Меншік иесі жер учаскесіне құқығынан бас тартқан жағдайда, ол анықталған аумақтағы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган осы жер учаскесін иесіз жылжымайтын зат ретінде есепке алады.";
      Иесіз жылжымайтын зат ретінде есепке алынған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тиісті атқарушы орган осы затты мемлекет меншігіне түскен зат деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады.
      Осындай мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану мен өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы жүзеге асырады.
      Осындай мүлікке өз меншігі ретінде иелік ететін азаматтардағы және мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесіз жылжымайтын заттар (жер учаскелері) есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.
      Мемлекет меншігіне түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жер учаскесін иесіз жылжымайтын зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасап, оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы.";
      3-тармақ алып тасталсын;
      9) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "84-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою
      Жеке меншіктегі немесе азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.";
      10) 85-баптың 1-тармағындағы "мәжбүрлеп иеліктен шығару" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 86, 87, 88 және 90-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "86-бап. Мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алып қойған кезде жер
               учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өтеулі
               мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде меншік иесінің
               немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқықтары
      1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алып қойған кезде жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өтеулі мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарлама алған кезден бастап мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құны және өтеуге жататын залалдар мөлшері туралы келісімге қол жеткізгенге немесе мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алып қойған кезде жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өтеулі мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешім қабылдағанға дейін жер учаскесіне және өзге де жылжымайтын мүлікке өзіне тиесілі кұқықты жүзеге асырып, нысаналы мақсатына сәйкес осы мүлікті пайдалануды қамтамасыз ететін қажетті шығындарды жасай алады. Бұл ретте меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы аталған кезеңде жаңа құрылысқа, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалды өздеріне алуға тәуекел етеді.
      Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің бір бөлігі алып қойылғаннан кейін оның қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады.
      2. Иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздемелер бойынша жылжымайтын мүлікке құқық осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде басқа тұлғаға өтуі кезінде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа орай құқық иеленуші ауысқан кезде жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті өтеулі мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі жаңа құқық иеленушіге қатысты қолданылады (жалғасады).
      87-бап. Мемлекет мұқтажы үшін алып қою кезінде жер учаскесін
              немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
              шығарған кезде мүліктің құнын өтеу мөлшері
      1. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісінде белгіленген ережелерге сәйкес тәуелсіз бағалаушылар айқындайтын алып қойылған мүлік құны және меншік иесіне және өзге де тұлғаларға келтірілетін залалдар өтелуге жатады.
      2. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесіне төленетін өтем мөлшері мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен үшінші тұлғалар алдында міндеттемелерін меншік иесі орындай алмауынан пайда болатын залалдарды қоса алғанда, мүліктің нарықтық құны және алып қою кезінде меншік иесінде туындайтын залалдар негізге алынып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 9-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      88-бап. Мемлекет мұқтажы үшін мүлікті алып қою кезінде жер
              учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп
              иеліктен шығарған кезде төлем нысандары мен өтем төлеу
              мерзімдері
      1. Мүліктің құнын және өтелуге жататын залалдарды өтеу мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бірлікке өту кезіне дейін толық көлемде жүргізіледі.
      2. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтем төлеу мемлекеттік мүлік жөніндегі заңнамалық актіде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Өтем төлеу Қазақстан Республикасының бюджеті (республикалық немесе жергілікті) қаражатынан жүзеге асырылады.
      4. Өтем төлеу мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      5. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің іс жүзінде берілуі алып қою кезінде алып қойылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғалар осы Заңның 79-бабында және осы бапта айқындалған тәртіппен жүргізілген тең бағалы өтемді алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      90-бап. Жекелеген санаттардағы жер учаскелерін алып қойған
              кезде жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті
              өтеулі мәжбүрлеп иеліктен шығаруды шектеу
      Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биология және жер суландыру-мелиорация, балық шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжірибелік егіс даласының жер учаскелерін, орман және су қорларын алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды құрумен және кеңейтумен, халықаралық шарттарды орындаумен, учаске астында бағалы пайдалы қазбалардың кен орындарын табумен (жалпы таралғаннан басқа), жолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыр жолдарын, елді мекендердің жалпы пайдаланылатын инженерлік-коммуникациялық желілерін салумен байланысты айрықша жағдайларда ғана, оларды орналастырудың басқа мүмкін нұсқалары болмаған кезде рұқсат етіледі.";
      12) 123-баптың 3-тармағындағы "осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес мемлекет қажеттіктері үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 125-баптың 3-тармағындағы "осы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады" деген сөздер "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 148-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға" деген сөздер "беруге, алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін беруге, алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 165-баптың 1) тармақшасындағы "мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған" деген сөздер "алып қойылған" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 15, 363-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 17, 139-құжат):
      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін
               мәжбүрлеп иеліктен шығару
      1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесі осы құндылықтарды күтімсіз, олардың өз маңызын жоғалтып алу қаупі туындайтындай етіп ұстаған жағдайларда, мемлекет мұндай құндылықтарды сот шешімі бойынша сатып алу жолымен алып қоюы немесе олар осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жария саудада сатылуы мүмкін.
      Тарих және мәдениет ескерткіштерін сатып алған кезде меншік иесіне оның құны тараптардың келісімінде белгіленген, ал дау туындаған жағдайда сот белгілеген мөлшерде өтеледі. Жария саудада сату кезінде меншік иесіне сауданы ұйымдастыру шығыстары шегеріле отырып, сатудан түскен сома беріледі.
      2. Меншік иесінің жеке меншігіндегі тұрғын үйі немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткішін мәжбүрлеп иеліктен шығару оған меншік құқығымен өзге тұрғын үй берілмей және өзге де келтірілген залалдар өтелмей немесе оған меншік құқығын тоқтатуға байланысты келтірілген залалдар толық көлемде өтелмей жүзеге асырылмайды.".
      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 32-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж.,  N 17-18, 72-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат):
      1) 9-баптың екінші бөлігі "жүргізу құқығын" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының атынан" деген сөздермен толықтырылсын, "өз балансындағы" деген сөздерден кейін "өзіне бекітіліп берілген" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 20-баптың үшінші бөлігіндегі "және олардың қызметін тоқтату" деген сөздер ", қайта ұйымдастыру және тарату" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 78-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 56-құжат):
      3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігінде салымшылар бола алады.
      Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктеріне қатысуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісімен реттеледі.".
      7. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23; 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж, N 14, 112-құжат; 2004 ж, N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж, N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж, N 6-7, 27-құжат; N 21, 97-құжат; 2009 жылғы 13 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:
      "24-2-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
                 кезінде мүлікті реквизициялау
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді қорғауды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар қорларының мемлекеттік резервтері болмаған немесе жеткіліксіз болған айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.".
      8. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж, N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж, N 22, 408-құжат; 2001 ж, N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж, N 17, 155-құжат; 2003 ж,  N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж, N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж, N 14, 57-құжат; 2006 ж, N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж, N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар;  N 9, 67-құжат; 2008 ж, N 13-14, 58-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 129-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      84-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Стратегиялық объектіні, сондай-ақ банкрот деп танылуына байланысты оған қатысты ұлт меншігіне алу рәсімі тоқтатылған борышкердің мүлкін конкурстық (тарату) массасы құрамында иеліктен шығарған кезде осындай мүлікті нарықтық бағамен сатып алуға Қазақстан Республикасы басым құқыққа ие болады.
      Конкурстық (тарату) массасы құрамында стратегиялық объектіні иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру немесе басым құқықты іске асырудан бас тарту туралы шешімін алғаннан кейін жүргізіледі.".
      9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат, 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 15, 106, 108-құжаттар; N 18, 143-құжат):
      1) 3-баптың 3-тармағындағы "мәжбүр етіп алуына" деген сөздер "алып қоюына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 29-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "мемлекеттік қажеттер" деген сөздер "мемлекеттік мұқтажы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "үшін алу (сатып алу) жағдайларында жол беріледі." деген сөздер "үшін алып қою (сатып алу);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) опырылу (құлау) қаупі бар апаттық және ескі тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі.";
      2-тармақтағы "2) және 4)" деген сөздер "2), 4) және 5)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 30-баптың 1-тармағындағы "2) және 4)" деген сөздер "2), 4) және 5)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 105-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      "(сатып алынуына)" деген сөздер алып тасталсын;
      "мемлекеттік қажеттер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 116-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік қажеттер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бөлінуіне" деген сөз "алып қойылуына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 119-1-бапта:
      баптың тақырыбындағы "мемлекеттік қажеттіліктер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(сатып алуға)" деген сөздер алып тасталсын;
      бірінші бөлікте:
      "мемлекеттік қажеттіліктер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(сатып алған)", "(сатып алынатын)" деген сөздер алып тасталсын.
      10. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173, 176-құжаттар, N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 14, 84-құжат; N 23, 142-құжат):
      2-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою
                ерекшеліктері
      Жеке меншіктегі немесе азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою оларды жер учаскелерін алдағы алып қоюға дейін кемінде бір жыл бұрын мерзімде міндетті түрде хабардар өте отырып, мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актінің 6-тарауында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар осындай хабарламаны алған күннен бастап бір жыл өткенге дейін жер учаскелерін алып қоюға меншік Иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың келісімімен ғана жол беріледі.";
      2) 4-баптың 4-тармақшасындағы "заңдарда" деген сөз "мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актінің 6-тарауында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 378-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2006 ж., N 16, 104-құжат):
      мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мүлікті
                 есепке алу
      Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.".
      12. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 3, 19-құжат; N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың пайдалануына берген кезде, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кезде мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актінің 15-тарауында белгіленеді.";
      2) 6-баптағы 2-1 және 2-2-тармақшалар алып тасталсын.
      13. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж, N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж, N 8, 45-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат):
      9-бап алып тасталсын.
      14. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; 2006 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж, N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгізілген жағдайда, төтенше жағдай енгізілген жерде халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстар қорларының мемлекеттік резервтері болмаған немесе жеткіліксіз болған айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау жүзеге асырылады.".
      15. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21, 97-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      34-бап алып тасталсын.
      16. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау (соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.".
      17. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 16, 128-құжат):
      1) 9-бапта:
      тақырыптағы "Астана әкімдігінің" деген сөздер "Астананың жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі "әкімдігі" деген сөз "жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "27) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінің 6-тарауында белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюды жүзеге асырады;";
      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою
               ерекшеліктері
      Жеке меншіктегі немесе азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою оларды жер учаскесін алдағы алып қоюға дейін кемінде бір жыл бұрын мерзімде міндетті түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актінің 6-тарауында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар осындай хабарламаны алған күннен бастап бір жыл өткенге дейін жер учаскелерін алып қоюға меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың келісімімен ғана жол беріледі.".
      18. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2006 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 54-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "тіркеуші" деген сөздің алдынан "егер өтініште осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматта немесе мемлекеттік емес заңды тұлғада осындай мүліктің болмауы туралы мәліметтер болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын.
      19. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 14, 104-құжат):
      5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Арнайы экономикалық аумақтар мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде құрылады.".

       2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланғаннан кейін алты ай мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады