Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 661 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Құлназаров Анатолий Қожекенұлы - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы;
      Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
      Сембинов Болат Қаскенұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант;
      Вощенкова Тамара Анатольевна - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
      Федоров Олег Анатольевич - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;
      Тұңғышбеков Санат Тұңғышбекұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істері комитетінің төрағасы;
      Сейітбатталов Бағдат Жұмабекұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы;
      көрсетілген құрамнан Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Жанасаев Болат Бақытжанұлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады