Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысы. 1-тармағының 3) тармақшасын, 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармағының 3) тармақшасын, 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2010.05.18 № 427 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 қаулысымен.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

      
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті құрылсын.
      3. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып қайта аталсын.

5. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.11 N 249 Қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      
      7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының                                          
Премьер-Министрі                                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Ақпарат және мұрағат комитеті, Байланыс және ақпараттандыру комитеті, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.11 N 249 Қаулысымен.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелердің санын ескере отырып бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.
9. Министрліктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
2) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
3) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
5) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру әрі мемлекеттік реттеу және бақылау;
6) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
6-1) гендерлік теңдік қағидатын сақтау;
7) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1264 Қаулысымен.
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды ұйымдастыру;
2) ақпараттандыру саласында және "электрондық үкімет" қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
3) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау;
4) радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау;
5) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасының почта әкімшілігі ретінде басқа
мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың почта әкімшіліктерімен өзара іс-қимылда өз құзыреті шегінде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау;
7) Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу;
8) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіру;
8-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
8-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін "жалғыз терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру;
8-3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
8-4) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
9) байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
10) ақпараттандыру саласында және байланыс саласында техникалық регламентті әзірлеу;
11) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту;
12) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау;
13) телекоммуникация және почта байланысы саласында реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру қызметтерінің бағаларын (тарифтерін) реттеу;
15) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітпейтін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
16) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифті (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаны бекіту;
17) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеу әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
18) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
19) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;
20) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
21) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
22) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын бекіту;
23) жарғылық капиталына мемлекет және олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісу;
24) жарғылық капиталына мемлекет және олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісу; P08000558.
25) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу;
26) электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;
27) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
28) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
29) "электрондық үкімет" қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
30) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
31) куәландырушы орталықтың Үлгі ережесін әзірлеу және бекіту;
32) мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану және олардың өзара әрекет ету ережесін әзірлеу және бекіту;
33) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
34) ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелер, инвестициялық жобалар және бағдарламалар аудитін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
35) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу;
36) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар мен лицензиаттардың тізілімін жүргізу;
37) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтіне сәйкестігін куәландыру бойынша, сондай-ақ тіркеу куәлігінің сенімділігін растау бойынша байланыс саласындағы телевизиялық және (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметін лицензиялау;
38) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
39) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
40) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісін және телекоммуникацияның бірыңғай желісін құру тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту;
41) пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берілген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
42) радиожиілік спектрін пайдалануына тексерулер жүргізуге қатысты құжаттардың үлгілерін (хаттамалар, нұсқамалар, тексеруді тағайындау туралы актілер) әзірлеу және бекіту;
43) бөлінетін жиілік жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
44) радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу ережесін әзірлеу және бекіту;
45) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46) қорғау аймақтарының және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлеу және бекіту;
47) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне телекоммуникация желілерін қосу және ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
48) почталық ақы төлеу белгілерінің мемлекеттік топтамасын қалыптастыру;
49) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беру;
50) почта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
51) почта желілерімен жөнелтуге шек қойылған нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
52) почта женелтімдеріндегі почталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту;
53) Ұлттық почта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін олармен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;
54) франкировальді машиналарды қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;
55) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;
56) электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу;
57) ақпараттандыру саласындағы және байланыс, ақпарат, мұрағат ісі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;
58) депозитарий жүргізуді тексеру;
59) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылау;
60) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру;
61) жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын радиобақылау және тексеріс жүргізу;
62) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу;
63) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
64) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларының оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;
65) депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
66) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;
67) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
68) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдік етуін қамтамасыз ету;
69) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынтығын (каталогын) жүргізу;
70) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету;
71) заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;
72) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекіту;
73) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу;
74) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желісі мен дерекқор құру;
75) мұрағаттану, құжат жүргізу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін пайдалану;
76) мемлекеттік мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерінің қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
77) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшірмелерін апостильдеуді жүргізу;
78) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;
79) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету;
80) мұрағат ісі, мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөніндегі заңнаманың сақталуын бақылау;
81) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
82) мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру;
83) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдау;
84) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
85) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының бірыңғай тізілімін жүргізу;
86) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
87) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радиожиілік номиналдарын бөлу жөнінде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
88) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
89) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;
90) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі шарттарға қол қою;
91) Үкіметтің шешімдері бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;
92) шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргізу;
93) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылау;
94) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның ішінде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бірыңғай қағидалары мен нормаларын бекіту;
95) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйін, республикалық меншіктегі құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;
96) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;
97) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту;
98) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін анықтау;
99) Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;
100) Радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу қағидаларын бекіту;
101) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекіту;
102) автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
103) ақпараттық кеңістікке мұрағат ісі салаларында көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізу;
104) республикалық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;
105) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;
106) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;
107) Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі каулыларының талаптарын сақтау мәніне ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
108) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
109) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қалыптастыру;
110) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
111) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
112) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің (қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерді қоспағанда) ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестациялау;
113) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
114) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге шығындардың нормативтерін әзірлеу және бекіту;
115) электрондық мемлекеттік қызметтердің үлгілік регламентін әзірлеу;
116) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
117) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлеуді және бекітуді анықтау;
118) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді "электрондық үкімет" инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік оқиғаларға ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;
119) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының операторын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының операторын айқындау;
120) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
121) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына көмек көрсету;
122) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту;
123) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын анықтау;
124) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
125) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін және әзірлемелерді ынталандыру және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру тетігін жетілдіру;
126) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
127) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 N 1169, 2011.11.01 N 1264 Қаулыларымен.
15. Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады. Министрдің ұсынымы бойынша вице-министрлерді қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады.
17. Министр Министрлікке басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
18. Министр:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Министрлік жүйесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
4) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
6) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
7) Министрліктің ведомстволары туралы ережені бекітеді;
8) Министрліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
19. Министрліктің аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
20. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.
21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
22. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрліктің аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, органның аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Министрмен ведомствоның басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауды келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
24. Министрліктің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
26. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің
қарамағындағы ұйымдардың

тізбесі

Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1573 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне
ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар

1. "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне
ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі

шектеулі серіктестіктер)

2. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы.
3. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамы.
4. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.
5. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.
6. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.
7. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.
8. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы.
9. "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.
10. "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
11. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген бөлім және реттік нөмірі 222-40-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне" деген бөлім және реттік нөмірлері 224-6, 224-23, 224-24-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне" деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-3-жолмен толықтырылсын:
      "278-3. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ;
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірлері 278-4, 278-5 және 278-6-жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне
      278-4 "Баспалар үйі" АҚ
      278-5 "Жалын" журналы" ЖШС
      278-6 "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС.
      4. "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
       1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.27 N 982 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 25-жолдағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 28, 30, 34-жолдардың 3-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 74-жолдың 3-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 N 1620 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары —
мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан
Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің аумақтық
органдары — мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 N 1169 Қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Атырау облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      6. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпарат инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      8 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      10. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қостанай облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат мннистрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      11. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      12. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Павлодар облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      13. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.
      14. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс инспекциясы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы болып қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
7. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
9. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
10. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
11. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
12. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
13. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
14. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың

тізбесі

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты

мемлекеттік мекемелер

1. Орталық мемлекеттік мұрағат.
2. Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
3. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты.
4. Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы.
5. Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.
7. Ұлттық археография және мәліметтану орталығы.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің
Ақпарат және мұрағат комитетіне ведомстволық бағынысты

акционерлік қоғамдар

(жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер)

9. "Баспалар үйі" акционерлік қоғамы.
10. "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
11. "Қазақ энциклопедиясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа

қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің

қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.11 N 249 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1325 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа

қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер

Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1325 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа

қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің

қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (шаруашылық жүргізу құқығында)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 427 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағын және 8-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 549-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 195-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 424-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 1383 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 379-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 152-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады