Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 268 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысында:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі", "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі" деген жолдар алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 699 қаулысымен.

      3. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысында:

      Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      "әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)".

      4. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

      Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі", "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)".

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      1-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшалары және 2-тармақтың 1), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      2-қосымшада:

      Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі";

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі", "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      6-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі", "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі" деген жолдар алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:

      Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, төраға;".

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 628 қаулысымен.

      8. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкімінде:

      Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Amanat" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)".

      9. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:

      Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға".

      10. "Инвесторларды тарту мәселелері жөнінде кеңес (инвестициялық штаб) құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімінде:

      Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңестің (инвестициялық штабтың) құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жолдар алып тасталсын.

      11. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 18.04.2023 № 64-ө өкімімен.

      12. "Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 169-ө өкімінде:

      Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес туралы ережеде::

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік органдардың Кеңес отырысына оларды Еуразиялық экономикалық комиссияның отырыстарында одан әрі қарауға қатысты бастамашылық ұсыныстарды шығаруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасың Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, тең төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, тең төраға (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төрағалардың орынбасары" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, тең төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, тең төраға (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағалардың орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері (Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау болімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі, Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі, Стратегиялық жоспарлау бөлімі) (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері (Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау болімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі, Сыртқы саясат орталығы, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы) (келісу бойынша)".

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкімінде:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.

      14. "Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімінде:

      Қазақстанның су кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімінде:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі, хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
  № 268 қаулысына
қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 133 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1176 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 37-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 34-тармағы.

      7. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 625 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 950 қаулысы.

      9. "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімі.

      10. "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкімі.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкімі.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экспорттық саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 40-ө өкімі.

      13. "АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-ө өкімі.

      14. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкімі.

      15. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 78-ө өкімі.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкімі.

      17. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкімі.

      18. "Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 167-ө өкімі.

      19. "Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкімі.

      20. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімі.

      21. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 59-ө өкімі.

      22. "Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 70-ө өкімі.

      23. "Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімі.

      24. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімі.

      25. "Өңірлік саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө өкімі.

      26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 106-ө өкімі.

      27. "Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 108-ө өкімі.

      28. "Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 176-ө өкімі.

      29. "Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 201-ө өкімі.

      30. "Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 224-ө өкімі.

      31. "Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөнінде ұлттық кеңес құру және "Біліктілік жөнінде ұлттық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 119-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 226-ө өкімі.

      32. "Көлік жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22-ө өкімі.

      33. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 52-ө өкімі.

      34. "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 54-ө өкімі.

      35. "WorldSkills Kazakhstan қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 30 cәуірдегі № 62-ө өкімі.

      36. "Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 77-ө өкімі.

      37. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөнінде кеңес құру және "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 199-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 93-ө өкімі.

      38. "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 94-ө өкімі.

      39. "Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жер қойнауын пайдаланушылар шеккен, өндіруге жұмсалған шығындардың 1 % мөлшерінде қаржыландыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 145-ө өкімі.

      40. "Балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 88-ө өкімі.

      41. "Кірістіліктің тәуекелсіз қисығын құру және мемлекеттік бағалы қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 120-ө өкімі.

      42. "Мұнай-газ саласы инвесторларының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 175-ө өкімі.

      43. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 192-ө өкімі.

      44. "Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 39-ө өкімі.

      45. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 40-ө өкімі.

      46. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 54-ө өкімі.

      47. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 82-ө өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады