Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 Нормативтік қаулысы.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "ауруға шалдыққан", "науқасқа шалдығуы", "ауруға шалдыққанының", "Ауруға шалдығуына", "ауруға шалдығуына" деген сөздер тиісінше "ауырған", "науқастануы", "ауруының бар-жоғының", "Ауруына", "ауруына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттардың сотталған адамның ауруына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы заңнаманы қолдану практикасын қорыту нәтижелерін талқылай отырып, дұрыс сот практикасын қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:";

      4) 1-тармақта:

      "адамды ауруға шалдығуына" деген сөздер "адамның ауруына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "одан әрі" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 3-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "дәрігерлік комиссия" деген сөздер "арнаулы медициналық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "арнайы медициналық комиссияның" деген сөздер "арнаулы медициналық комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғаннан басқа, жазаны өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамға сот жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазаны өтеуден босатады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуы мүмкін.";

      екінші абзацтағы "жазаның сипаты", "мұндай ауыстыру болуы" деген сөздер тиісінше "аурудың сипаты", "жаза ауыстырылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚК-нің 75-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.";

      7) 6-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 162-бабының бесінші және алтыншы бөліктеріне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 478-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені сот жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша немесе сотталған адамның (оның заңды өкілінің) не оның қорғаушысы - адвокаттың куәлігі мен қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ұсынған адвокаттың өтінішхаты бойынша қарайды.";

      үшінші абзацтағы "дәрігерлік қорытынды" деген сөздер "арнаулы медициналық комиссияның қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 6-1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "емдеу-алдын алу мекемесінің дәрігерлік-бақылау комиссиясының шешімімен Арнайы" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі медициналық ұйым консилиумының шешімімен Арнаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ҚАК-тің 162-бабының жетінші бөлігіне сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқан адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгілеу сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізу үшін негіз болып табылады.";

      10) 8-тармақтағы "одан әрі" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын;

      "Сот жазаны өтеуден босатуға жатпайтын сотталған адамның жазадан босатылып кетуіне жол бермеу мақсатында дәрігерлік қорытындының негізділігін, стационардағы емдеудің нәтижелерін мұқият тексеруі тиіс.";

      12) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы мәселені ҚПК-нің 477, 478 және 481-баптарында көзделген тәртіппен үкімді орындау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешеді.";

      13) 12-тармақта:

      бірінші сөйлемде:

      "алтыншы бөлігіне" деген сөздер "алтыншы және жетінші бөліктеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жазадан босату" деген сөздерден кейін ", жазаны өтеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      "дәрігерлік" деген сөз "медициналық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 14-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату" деген сөздер "Адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Жазаны одан әрі өтеуден босату туралы қаулыда" деген сөздер "Қаулыда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе оның жазасын өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзеттен босату бөлігінде дереу орындалуға тиіс.";

      15) 17-тармақтың үшінші абзацындағы "бас бостандығынан айырудың бір күніне" деген сөздерден кейін "не қамаққа алудың бір күніне" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 18-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы "одан әрі" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру мәселесі бойынша сот қаулысы апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";

      2. "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14; 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6, 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 13-тармақта:

      төртінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Кіру белгісі кінәлі адам жымқырылған заттарды үй-жайдан, қоймадан не көлік құралынан ашық терезелер, форточкалар, есіктер және т.б. арқылы техникалық құралдар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбай (мысалы - қолдарымен) алған жағдайларда да орын алады.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Көлік құралы оның салонына кіру арқылы жымқырылған кезде кінәлі адамның әрекеттері көлік құралына кіру белгісі бойынша қосымша саралануға жатпайды.";

      2) 15-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бөтеннің мүлкі ұрланған кезде мiндеттi түрде жымқырылған мүлiктiң мөлшерi мен құны анықталуға тиiс. Сонымен бірге кінәлі адамның пиғылы жымқыруға бағытталған нақты мүліктің мөлшері мен құны осы қылмыс оған байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген жағдайларда анықталуға тиіс. Қандай да бір пиғылы болмай, яғни ұрлық нысанасын анықтамай бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу кезінде кінәлі адамның әрекеттері дәлелденген қылмыс белгілері бойынша саралануға жатады (мысалы: адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қоймаға заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталуы және т.б.), бірақ ірі немесе аса ірі мөлшерде ұрлық ретінде саралануы мүмкін емес. Егер кінәлі адамның бөтеннің мүлкін жымқыру пиғылы мүлдем дәлелденбесе не адамның жоспарланған ұрлық жасаудан өз еркімен бас тартуы орын алса, онда оның әрекеттері ұрлыққа оқталу ретінде саралануы мүмкін емес. Мұндай жағдайларда бұл адам өзге қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтитын іс жүзінде жасаған іс-әрекеті үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады, мысалы, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу (ҚК-нің 149-бабы), бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-нің 202-бабы), бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК-нің 204-бабы) және т.б.";

      3. "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы" 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6, 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сотталған адамдарға (еркектерге және әйелдерге) қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:

      бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтемеген, қасақана қылмыс (ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр) жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;

      бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтемеген, ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға, оның ішінде екі жылдан аз мерзімге сотталғандарға;

      бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтемеген, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға тағайындалады.";

      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сотталған адамдарға (еркектерге және әйелдерге) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:

      бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;

      бұрын қасақана немесе абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген, ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;

      бұрын қасақана немесе абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға тағайындалады.";

      3) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. ҚПК-нің 19-бабы үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, абайсызда жасаған қылмысы үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға (еркектер мен әйелдерге) бас бостандығынан айыруды өтеу:

      ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген сотталғандарға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде;

      қасақана қылмыстарды жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде;

      ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде тағайындалады.

      4-2. ҚК-нің 46-бабының ережелерін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 212-VII Заңының (бұдан әрі – жаңа қылмыстық заң) редакциясында қолданған кезде жаңа қылмыстық заң ресми жарияланған күнінен кейін (2023 жылғы 20 наурыздағы № 53 "Казахстанская правда" газеті) күнтізбелік алпыс күн өткен соң, яғни 2023 жылғы 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетінін негізге алу керек.

      Осыған байланысты сот актісін шығару кезінде2023 жылғы 20 мамырға дейін ҚК-нің 46-бабының ережелері Заңның 2023 жылғы 17 наурызға дейінгі редакциясында, ал 2023 жылғы 20 мамырдан бастап жаңа қылмыстық заң қолданылатынын негізге алу қажет. 2023 жылғы 20 мамырға дейін күшіне енген сот актілері үкімді орындау тәртібімен ҚК-нің 6-бабының бірінші бөлігі негізінде қайта қаралуға тиіс.

      Бұл ретте ҚК-нің 79-бабының жаңа редакциясына сәйкес адамның сотталғандығын жою немесе алып тастау оның бас бостандығынан айыруды өтеу фактісінің күшін жоймайтынын назарда ұстаған жөн, оны сотталған адамға жаңадан жасаған қылмысы үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін айқындаған кезде сот ескеруге тиіс. Осыған байланысты бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, соттылығы заңда белгіленген тәртіппен жойылған немесе алынған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдар ретінде ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігі 3) тармағының және алтыншы бөлігінің ережелерін ескере отырып тағайындалуға тиіс. Сонымен бірге мұндай жағдайларда ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес жаңа қылмыстық заң 2023 жылғы 19 мамырдан кейін қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

      4-3. Жаңа қылмыстық заңды ҚК-нің 6-бабының тәртібімен қолдану кезінде "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 15 нормативтік қаулысының 9-тармағындағы қылмыстық заңның кері күші туралы қағидаларды қолданған кезде сол бір мәселе бойынша, бір мезгілде жаңа және ескі қылмыстық заңның қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам үшін жағдайды жақсартатын нормаларын таңдап қолдануға жол берілмейтіндігі туралы түсіндірмесін негізге алу қажет.

      4-4. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған деп, бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін, бірақ бес жылдан аспайтын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкін, жиынтығында көрсетілген үш негіздің барлығы бар адамдар түсініледі.";

      4) 6-тармақтағы ", жаңа қылмыс жасаған сәтте осы соттылығы заңмен белгiленген тәртiппен жойылмаған және алынбаған" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына қатысты бұрын бас бостандығынан айыруды өтегендер деп соттылықты өтеу мерзімінің өткеніне және бұрын жасаған қылмысы үшін жауапқа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, бұрын қылмыс жасағаны үшін жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтеген адамдар түсініледі.

      Бұл қағида кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға да қолданылады.

      Бас бостандығынан айыру ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, шартты түрде тағайындалған адамдар бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға жатпайды. Сондықтан мұндай соттылық ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағында көзделген қағидалар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрін айқындау кезінде ескерілмейді.

      Бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған адамның әрекеттерінде қылмыстың қайталану түрін тану туралы мәселені шешу үшін "Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 12-тармағын басшылыққа алған жөн.";

      6) 8-тармақтың алтыншы абзацындағы "ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатылуына (ҚК-нiң 75-бабы)" деген сөздер "ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру (ҚК-нің 75-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-тармақтағы "Қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ өмір бойы" деген сөздер "Өмір бойы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-тармақта:

      "айыруға соттаған," деген сөздерден кейін "өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген" деген сөздермен толықтырылсын;

      "сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 11-тармақта:

      бірінші абзацтағы "және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше мекемесін тағайындауға негiз бола алмайды" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзацтағы "қасақана қылмыс жасағаны үшін" деген сөздер алып тасталсын;

      4. "Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2, 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6, 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастар мен азаптауларды ҚК-нің 362-бабында жауаптылық көзделген билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен байланысты өзге де әрекеттерден ажырату қажет. Егер жасалған іс-әрекет ҚК-нің 146-бабының тиісті бөлігінің диспозициясымен қамтылса, онда ҚК-нің 13-бабы үшінші бөлігінің жалпы және арнайы нормаларының бәсекелестігі туралы талаптарын ескере отырып, бұл іс-әрекет ҚК-нің 362-бабы бойынша қосымша сараланбай ҚК-нің 146-бабының тиісті бөлігі - арнайы норма бойынша ғана сараланады.

      ҚК-нің 146-бабында көрсетілген басқа адамға он алты жасқа толған кез келген есі дұрыс жеке тұлға жатады.";

      2) 15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1. ҚК-нің 146-бабында көрсетілген субъектінің үнсіз келісімі деп басқа адамдардың қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасты не азаптауларды, соның ішінде осындай әрекеттер жасалған уақытта үнсіз көну арқылы қолдануына келісуінен (мақұлдауынан) көрінетін осы адамның әрекетін (әрекетсіздігін), сол сияқты басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы хабардар болған не кейін қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас не азаптаулар қолданылған сол адамға басқа адамдарды заңсыз жіберу кезіндегі әрекетсіздігін түсіну керек.";

      3) 15-2-тармақ алып тасталсын;

      4) 16-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "бірінші бөлігінде" деген сөздер "екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тергеушінің, анықтау жүргізушінің өзге де лауазымды адамның не басқа адамның" деген сөздер "лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "102-бабының" деген сөздер "105-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-1-тармақ алып тасталсын;

      6) 17-тармақтағы "бабының бірінші бөлігінде" деген сөздер "бабында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5. "Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3, 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 4-тармақта:

      екінші абзацтағы "есеңгірететін" деген сөз "уытқұмар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер кінәлі адамның жасаған іс-әрекеті өзінің жас балаларына немесе олардың басқа ата-анасына (анасына немесе әкесіне) қарсы бағытталған болса, не егер жас балалар сотталушының асырауында болмаса немесе егер ол ата-аналық құқықтарынан айырылған болса, ҚК-нің 53-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес, жас балаларының болуы оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай деп танылмайды.";

      2) 14-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Санаты бойынша онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық үшін ғана қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы жаза тағайындау кезінде қосымша жаза қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған түпкілікті негізгі жазаға қосылуға жатады.

      ҚК-нің Ерекше бөлігінің бабына оның санкциясын қатаңдату жағына өзгерістер енгізілген жағдайларда, осы бап бойынша мұндай өзгерістер енгізілгенге дейін және одан кейін адам жасаған бірнеше құқық бұзушылықтарды саралау кезінде кінәлі адамға жаза ҚК-нің 58-бабының қағидасын қолданбай жаңа редакциядағы бір бап бойынша тағайындалады.";

      3) 16-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бас бостандығын шектеуге немесе қоғамдық жұмыстарға сотталған кезде – жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күнгі жағдай бойынша өтелмеген жаза.";

      6. "Қылмыстық істі сот отырысына дайындау барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 10 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 21-тармақтың бірінші абзацындағы бірінші сөйлем "негізінде" деген сөзден кейін "ҚПК-нің 31-бабы үшінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 24-тармақтағы "айыптау актісінде көрсетілген айыптау күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыда көрсетілген айыптауға сәйкес келмеген;" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
А. Мерғалиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады