МЕМЛЕКЕТТIК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБIН БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 6 мамыр 1994 ж. N 485. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен. ~P020126

 


     "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы"

Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн Қазақстан

Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     Осыған қосылған Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге

асырудың Тәртiбi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы   

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 6 мамырдағы

                                           N 485 қаулысымен

                                            Бекiтiлген


     Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың

                         Тәртiбi


                   I. Жалпы ережелер



 
       1. Орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстары сапасының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаларға және құрылыс саласындағы нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес болуы жөнiндегi құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн мемлекеттiк қорғауы және тексерулердiң қорытындылары негiзiнде ашылған кемшiлiктердi кейiннен талдап отыру үйлер (ғимараттар) құрылысының сапасына бақылау жасаудың негiзгi мiндетi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының жүйесi Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясын (бұдан әрi - Мемсәулетқұрылысинспекциясы) оның облыстар орталықтарындағы, Ақмола, Алматы қалаларындағы еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындармен қоса, қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы органдарын (мемсәулетқұрылыс бақылауының жергiлiктi органдарын) қамтиды.
      Мемсәулетқұрылысинспекция, оның облыстар орталықтарындағы, Ақмола, Алматы қалаларындағы еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны өз қызметiн құрылыстар сметасына енгiзiлген қаражат есебiнен жүзеге асырады. Құрылыстар сметасына енгiзу тәртiбiн, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына және қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылыстың, үй-жайлар мен ғимараттарды қайта жаңарту және күрделi жөндеудiң сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға арналған қаражатты бекiту, сондай-ақ осы қаражаттарды аудару тәртiбi мен оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетiне жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi және жаңа абзацпен
               толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.05.07. N 570 қаулысымен.
               P960570_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353
               қаулысымен. P980353_
      3. Мемсәулетқұрылысинспекция, оның еншiлес кәсiпорындары мен мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдары республикадағы объектiлер құрылысының сапасын бақылауды тапсырысшылармен шарттасу негiзiнде жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау жүйесiнiң қызметi тапсырысшыларды, мердiгерлердi, жобалауды жасаушыларды құрылыс сапасына авторлық қадағалау жауапкершiлiгiнен босатпайтын болып белгiленсiн.
      Ескерту. 3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
      5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу құқығына Мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдары, ал ауданда немесе қалада ондай органдар болмаған жағдайда Мемсәулетқұрылысинспекциясының еншiлес кәсiпорындары рұқсат бередi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк Мемсәулетқұрылысинспекцияның, оның еншiлес кәсiпорындарының және мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдарының негiзгi функциялары:
      үйлердi (ғимараттарды) тұрғызудың немесе жұмыстың жекелеген түрлерiн орындаудың сапасын;
      азаматтардың тұруына арналған объектiлердi iске қосу жөнiндегi есеп-деректердiң дұрыстығын;
      құрылыс-монтаж ұйымдарының өз бақылау қызметтерi, тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалауы мен жобаларды жасаушылар авторлық қадағалауы жұмысының тиiмдiлiгiн тексеру болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
 
            II. Құрылыс сапасына бақылау жасаудың тәртiбi
 
      7. Мемсәулетқұрылысинспекция, оның еншiлес кәсiпорыны құрылыс-монтаж ұйымдары, тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалауы және жобаларды жасаушылар авторлық қадағалауы өкiлдерiнiң қатысуымен құрылыс сапасына тексеру жүргiзедi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
      8. Жергiлiктi әкiм және тексерiлетiн құрылыс-монтаж ұйымы тексеру жүргiзу мерзiмдерi туралы дер кезiнде хабардар етiледi.
      9. Тексерiлетiн объектiлердiң тiзбесiмен кезектiлiгiн тексерудi басқаруға жауапты адам анықтайды және жергiлiктi жерде дәлелденедi.
      10. Құрылыс сапасына тексеру жүргiзу кезiнде құрылыс ұйымынан Мемсәулетқұрылысинспекция белгiлеген көлемде қажеттi анықтамалық материалдар сұратылып алынады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
      11. Тексеру барысында:
      жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптаудың бекiтiлген оң қорытындылы жобасының (немесе сараптау жұмысын орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар басқа заңды және жеке тұлғалардың), сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге құқылы болуға тиiстi рұқсатының болуы;
      құрылыс ұйымдарының инженер-техник қызметкерлерi мен тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалау өкiлдерiнде "Құрылыстағы геодезия" курсы, ал республиканың сейсмикалық жағынан қауiптi аудандарында - "Сейсмикаға қарсы құрылыс" курсы бойынша да қолданылып жүрген куәлiктердiң болуы;
      сәулет-қала құрылысы қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензияның болуы;
      орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары мен қолданылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сапасының жобалар мен құрылыс саласындағы нормативтiк актiлердiң талаптарына сай болуы, сондай-ақ салмақ түсетiн және қоршау конструкцияларының берiктiгiн, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердiң (ғимараттардың) пайдаланылу сапасын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылған шаралар;
      құрылыстарда құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару жобаларының болуы және өздерi орнатқан осы жұмыстар технологиясын сақтауы;
      құрылыс сапасына өндiрiстiк бақылау жасаудың барлық түрлерi мен нысандарын (бастапқы, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық, т. б.) ұйымдастырып, жүзеге асыру;
      орындаушылық техникалық құжаттамалардың (жұмыс журналдарының, көрiнбейтiн жұмыстарды және күрделi конструкцияларды, геодезиялық схемаларды аралық қабылдауды куәлендiру актiлерiнiң, т. б.) дер кезiнде әрi дұрыс ресiмделуi анықталады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
      12. Мемсәулетқұрылысинспекция, оның еншiлес кәсiпорны және мемсәулетқұрылысбақылауының жергiлiктi органдары белгiленген тәртiппен:
      а) құрылыс ұйымдарына, тапсырысшыларға, банктердiң қаржыландырушы мекемелерiне, мемлекеттiк лицензиялау қызметiне, статистика органдарына және сәулет-қала құрылысы қызметiнiң басқа субъектiлерiне нұсқама (хабарлама) берiледi;
      бұрынырақ берiлген нұсқамаларды орындаудан жалтарғаны немесе дер кезiнде орындамағаны, бекiтiлмеген жобамен және жобалардың ведомстводан тыс сараптау органдарының (немесе сараптау жұмысын орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың) оң қорытындысынсыз, белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаж жұмысын атқару құқығына рұқсат алмай-ақ объектiнi салғаны үшiн, сондай-ақ өз бетiмен құрылыс салғаны үшiн құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудi тоқтату туралы;
      жобалардан және құрылыс саласындағы нормативтiк актiлер талаптарынан өрескел ауытқу арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу жағдайында, егер ауытқушылық салынып жатқан объектiлердiң:
      - берiктiгi мен орнықтылығынан айыруға;
      - берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемуiне;
      - пайдалану сапасын нашарлатуға әкеп соқтырса, берiлген мемлекеттiк лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату немесе қайтарып алу туралы;
      мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын бұзу арқылы жасалған, сондай-ақ дұрыстап монтаждамау, сақтамау немесе тасымалдамау салдарынан өзiнiң сапалық қасиетiнен айырылып қалған материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды салынып жатқан объектiлерде қолдануға тиым салу туралы;
      белгiленген қабылдау ережелерiн бұзу арқылы қабылданған тұрғын үй-азаматтық объектiлердi iске қосылған туралы есептi деректерден шығарып тастау туралы;
      тексеруде анықталған ақаулар мен кемiстiктердi жою туралы ұйғарымнамалар (хабарламалар) бередi;
      объектiлер мен кешендер құрылысын қаржыландыруды тоқтату туралы;
      салынып жатқан объектiлерге мемлекеттiк стандарттарды бұза отырып жасалған материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды берiп тұру туралы;
      б) құрылыстағы заң және нормативтiк актiлер талаптарын өрескел бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты материалдар шара қолдану үшiн құқық органдарына берiледi;
      в) құрылыс ұйымдарын тексеру қорытындылары бойынша берiлген ұйғарымнамалар мен ұсыныстардың орындалуына бақылау жасайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.07.
               N 570 қаулысымен.
      13. Мемсәулетқұрылысинспекциясы және оның еншiлес кәсiпорындары, қажеттi жағдайларда, құрылыс-монтаж ұйымдары жетекшiлерiнен салынып жатқан үйлердiң (ғимараттардың) жекелеген конструкциялық элементтерiн ашуды, сондай-ақ қолданылып жатқан құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына қосымша сынаулар немесе зерттеулер жүргiзудi талап етуге құқылы. Салынып жатқан үйлердiң (ғимараттардың) жекелеген конструкциялық элементтерiн ашудан келтiрiлген нұқсан, жобадан және құрылыс саласындағы нормативтiк актiлер талаптарынан ауытқушылық кездеспеген жағдайда қолданылып жүрген азаматтық-құқықтық нормаларға сәйкес өтеледi.
      14. Мемсәулетқұрылысинспекциясы және оның еншiлес кәсiпорындары жүргiзiлген құрылыс сапасын тексеру қорытындылары бойынша;
      Мемсәулетқұрылысинспекция белгiлеген нысан бойынша анықталған ақаулар жазылған объектiлер анықтамасы мен ведомосын әзiрлейдi және оларды тексерiлушi құрылыс ұйымдарына бередi;
      қажеттi жағдайда жергiлiктi әкiмдерге негiзгi тұжырымдары мен құрылыс сапасын тексеру қорытындыларын баяндайды.
      15. Мемсәулетқұрылысинспекциясы және оның еншiлес кәсiпорындары құрылыс сапасын тексерудi өткiзудiң, оның нәтижелерiн қорытып, талдаудың есебiн жүргiзедi.
      16. Мемсәулетқұрылысинспекция және оның еншiлес кәсiпорындары мамандарының ұйғарымнамасы жөнiнде - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетiне, ал Мемсәулетбақылаудың жергiлiктi органдары мамандарының ұйғарымнамасы жөнiнде - тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға шағым берiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитетi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қабылдаған шешiмдермен келiспеген жағдайда шағым жасаушының сот органдарына жүгiну құқығы сақталады.
      Ескерту. 13,14,15 және 16-тармақтарына өзгерiстер енгiзiлдi -
               ҚРҮ-нiң 1996.05.07. N 570 қаулысымен. P960570_
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 353
               қаулысымен. P980353_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады